Жұмбақ: Бойжеткен неге буынып өлді?


Өз басым жұмбақ шешкенді жақсы көремін… дей алмаймын. Мэйл-агент арқылы Арайлым деген қарындасым ауыр жұмбақ жасырды. Күрделі емес, ауыр енді… «Тойдым, таппадым» десем, өзі де білмейді екен. «Ақылды ағаң бар ғой, тапса, сол табар» деп құрбысы «аманаттапты». Эйнштейннің 5 адам туралы әйгілі жұмбағына, жарайды, логика керек делік. Ал мынау жұмбақтың жауабы 6 әріп дегендіктен, абстрактілі сияқты ма, қалай? Жауабы болмауы, болса да «абсурдно» шығуы ғажап емес. Сіздер де табуға талаптанып көріңіздер…

«Қыз бен жігіт көңіл қосып, былайша айтсақ «жүреді» екен. Бір күні жігіт қызға «бүгін сағат 12.00-де шық» дейді. Қыз «анам жібермейді» демей ме? Сонда жігіт «сен мені сүймейсін» деп, бетіне салық қылады. Амал не, өйтіп-бүйтіп сұранып, шала-пұла сыланып, қыз свиданьеге шығады. Қос ғашық қыдырып-қыдырып жүргенде, сағат тілі 03.00-ді көрсетеді. Қыз енді «үйіме апарып таста» деп қиылса, жігіті оның қолына жарым парақ ұстата салады. «Жолында кезіккеннің бәріне осыны көрсет», – депті де, жігіт зу етіп, жөніне кетіпті. Ал қыз таксиге отырады. Әлгі қағазды көрсетеді. Таксиден түсіп, үйіне келе жатқан аяқжолда алқаштар кездесе кетеді. Оларға да жігіті берген қағазын көрсете салады. Алқаштардың көзі бажырайып, тілге де келмей, тұрған орындарында состиып қала береді. Мамасына келіп, көрсетеді қағазды… ештеңе демепті. Ақыр соңында, қыздың өзі қызықтап, қағаздағы жазуды оқыпты. Ертесіне өз бөлмесінде қыз өзіне қол жұмсап өліп қалыпты дейді. Сондағысы, жігіт қағазға алты әріп жазған екен.. Ол неғылған сөз болды екен, а?»

Advertisements

93 comments on “Жұмбақ: Бойжеткен неге буынып өлді?

  1. Осы жұмбақты маған қойған болатын. Ол кезде шарт бойынша екі сөз болатын: «Мен екіқабатпын!» деген. Алты әріптен тұратын сөзді таба алмай отырмын. Осы мағынадағы бірдеңе шығар.

    • /Мамасына келіп, көрсетеді қағазды… ештеңе демепті/
      сонда мен мамама «мен екі қабатпын» деген хатты көрсетсем мамам ештеңе демейді деп ойлайсың ба? Өләәәә, сразым асып қояды ғо аққайыңға 😛

      • Білмим, маған әйтеуір дұрыс жауабы сол деп айтқан. Мамасы өзі екіқабат қызды раздражать етпейін деген шығар…
        Қалдықыз, тиспей отч))))

      • aitpa deim ay!!!! Men de oilagam eki kabat wygar dep! birak nege alkawtar tilge kelmei kalyp, mamasy undemeidi eken dep oiladym. bizdin mama bilse aspasa da, jok wawymdy julyp kolymaberdi to4no! :DDD
        Jumbaktyn jauaby durys emes sekildi..

      • з.ы. Сосын, қыз неге екі қабат болса буынып өледі екен? Ну, түнгі үшке дейін қыдырғаннан кейін аяғы ауырланып қалғандарды көрмедім. Қызық. Жауабын білгім кеп отыр. :)))

      • мен басында хаттағы жазуды «СПИДпен ауырамын» деген шығар деп ойладым. Бірәқ мамасы онда ващще өзі де өліп қалар еді ғо. Если мамасы сыпакойны қабылдаса онда екі қабат емес :)))

      • Подозрительная логика 🙂 Иә, шешесінің реакциясы «жүктімін» деген жауапқа жетелемей тұрғаны

      • Қисықты қисыны да, Айжанннұрдың алқаштар факторы да, екі қабат болса, буынып өле қалмау нұсқасы да бір-біріне қайшы келіп тұр. Тура жауабын біліп тұрған адамдай айттым ау, ә

      • Дұрыс айтасың, бұл СПИД-тен де қатерлі, жүкті болудан да жаман бірнәрсе болып тұр ғой, бірақ не ол?

  2. бул жумбак жастар арасында кенинен танымал. По идее, жигит 6 емес, 8 арiп жазган, ол «жуктiмiн» деген соз 🙂

  3. мен жуырда бір жұмбақ естідім, осында жаза салайыншы, Өркен?
    қысқасы: еш бір жиһаз жоқ бөлмеде асылып өлген адамның мәйіті ілініп тұр (мысалы люстраға дейік). мәйіттің астындағы жерде – су. Сұрақ: Адам қалай өліп қалды?

    • опшым былай ғой, әлгі мәйіт тірі кезінде процентке ақша алған, ай сайын беретін үстемесін де, бастапқы соманы да бермей лақтырып кеткен процент беретіндерді. Содан жаңағылар келіп, жихазын жинап әкетіп, ал болашақ мәйітті сигенше қорқытып соңында люстраға асып кеткен 🙂

      • Ойлап таппайтының жоқ осы, Қалдықыз!!! МЫнауың тәуір криминальды киноның ширатпасына жарап қалады екен 🙂 Ау, Ақан Сатаев қайдасың? Мына оқиғаның желісін пайдаланам десеңіз, Қалдықыздан рұқсат сұраңыз

    • Во даешь ))) Бұ заманның жұмбақтары да қорқынышты, мына жұмбағынды шешу үшін детектив Коломбоның интуциясы болу керек қой бізде, су дегені секемді екенн…

      • Иә, «термометр» ханшайым 🙂 адамды мәз қылудан гөрі азғырудың жолы көп қой қазір…

    • Ой, Бүркіт таппадық мына жұмбақ құрғырды, жауапқа жақындайтыны сол «жүктісің» деген жауап шығар. Логикалық қайшылықтарға қарамастан, жауапқа жақыны осы ғана болып тұр. Тегі болмаса, бұның жауабы жоқ, жай ғана головломка дейік де қояйық

      • бір жапырақ қағазда «ақымақ» деген сөз болыпты. Сол хатты кеше Темірқазық клубының отырысыннан шығып келе жатып тауып алдым. Нақтысын айтсам, ұйытқып өткен желмен бірге бетіме келіп бір қағаз жабысып қалмасы бар ма? алып қарасам, ана қыздың жұмбақ қағазы екен. ішінде «ақымақ» деп жазылып тұр екен…

  4. Жұмбақ демекші жақында, блогер қарындасымыздың бірі Гүлнұр маған жұмбақ жасырып еді. жауабын таба алмай, қарыз болып қалдым.
    обшым былай:

    Жiгiт кыздын уйiне келсе, оны корiп калган кыздын шешесi бiр зат лактырады. Ол кандай зат? Жауабы бес арiптен турады. Онга, солга карай окыганда бiрдей соз. Мысалы «КАЗАК»
    2-шi сурак.
    Лактырган зат жiгiттiн бiр жерiне тиедi. Ол кай жер? Жауабы 5 арiптен турады. Баганагыдай онга, солга окыганда бiрдей соз болу керек
    З-шi сурак.
    Жiгiт кашып бiр жерге тыгылады. Ол кандай жер? Жауабы баганагыдай 5 арип
    4-шi сурак.
    Жiгiт кашып тыгылан жерде бiр мал турады. Ол кандай мал? Жауабы баганагыдай 5 арип
    5-шi сурак.
    Малдын ауызында бiр нарсе бар? Ол не нарсе? Жауабы баганагыдай 5 арип. id=426 alt=’:Күлдім:’). Тапсан мен сенин желаниянды орындаймын. Таппасан сен меникин орындайсын!

    ол не сөз екен?

    • мяссаған!!! бұны қалай ойламағанмын. Шыбыш есіме түспей қойып еді! енді тілегіңізді айта қойыңыз

  5. Маған да осы жұмбақты бір әпкем жасырып, Бүркіт сияқты мен де оған қарыздар болып қалдым. Рахмет, Қалдықыз!!! Біле жүреміз!

  6. Сонымен, бұл жұмбақтың жауаптары я «ақымақ» (Бүркіт), «жүктісің» (көбісі), «өлесің» (Аршат), я «жоқ» (біразы) болып шықты дей салайық енді. Құрысын

  7. «Жүктімін» сөзі болса зорлаймын деген алқаштар зорлай салар еді «Қараойдан» садаға кеткірлер…
    Суицид-сөзі емес пе екен.Таксисте,алқаштарда, анасыда аяп кеткен болар

    • Иә, бұл жұмбаққа бәріміздің басымыз қатты ғой, бірақ мына суицидің алты әріпке келіп тұр, суық сөзі оқысымен ақ қыз бейшараның нервілері шыдамаған да… Әй, құрсын, беті аулақ

  8. ӨЛЕМІН деген сөз болған болар. Таксист қорыққан, алқаштар түсінбей қалған. Ал анасы просто бірдеңе десең өлемін деп қорқытып тұр деп ойлаған

  9. біреу өзінің туған баласына-балам сен менің туған ұлымсың алайда мен сенің әкең емеспін деген екен-сонда ол кім болғаны????

  10. бұл жерде негізінен әріп емес әріп және ол сөз мынандай:»асылып өл» міне осылай естігенмін… бірак әріп емес әріп осы анық

  11. Salem.Жумбак:
    Жiгiт пен кыз кездеспекшi болы.Кыз сагат 6 да,мына жергде деп айтады.Кейiн кыз,сол жерге келсе,жiгiт али келмеген,сосын кыз бiр паракка,4 создi бас арiптерiн жазып,кетiп калады,ягни О.К.К.Ж.
    Жiгiт келiп жанагы 4 создi окып,асылып оледi.Ендi сурак,жанагы 4 арiпте не деп жазылган тауып бершi.

  12. Мен сендерге бир жумбак айтайын: Бир таста еки соз жазылып тур биринши сози 4 әріптен ал екинши сози 7 ариптен турад оны бай корип жылайды кедей корип куанады еки гашык корип айрылысып кетед бул соз кандай соз??

    • Бари откинши. Акеси емес анасы. Биринши Жумбак -сурактын жауабын умытып калыппын. Кезинде осы суракка жауап бере алмай суракты койган жигитке турмыска шыкканмын. (3 сурагыма жауап бере алмасан маган турмыска шыгасын деген, екеуин таптым да осыны иаба алмап едим)

  13. aizhannur-дың жұмбағы:
    еш бір жиһаз жоқ бөлмеде асылып өлген адамның мәйіті ілініп тұр (мысалы люстраға дейік). мәйіттің астындағы жерде – су. Сұрақ: Адам қалай өліп қалды?
    Жауабы: люстраға ілінге адам, оның астында су болса, әрине ол тоққа түсіп өледі. Егер аяғы жерге тиіп тұрмаған болса деген сұрақтарың туындайтын шығар. Кез-келген тоқ өткізгіш дене (ол адам ба, әлде сым, желі, темір немесе басқсы болсын) бойынан тоқ өткен кезде сол дененің айналасында электрлі өріс туындайды, өріс радиуысының кеңдігі өткен тоқтың қуаттылығына тәуелді. Тоқ пен су бір-біріне сыйымсыз болып табылады.

  14. сәлеметсіздерме ! мен бұл сұрақтын жауабын білемін ! ! ! но сіздер тағы да біраз ойлансаңыздар табасыздар !!)))))))))))

  15. janagi kizdin kolindagi kagazda OLEMIN soz siakti sebebi taksiske korsetkende undemeidi,al mas kunemder iwip alganan kein daudei zatti zorga tanidi kagazdi kalai okisin kiz korsetkesin an-tan bolganda.wewesi korip tungi 3 kelgesin olemin degenge undemegen wigar.kiz korip jigitim oledi eken endewe mende olemin degen wigar.jigitin katti suietin wigar,onsiz omir jok degeni bolu kerek.kazirgi zamanda jigit uwin oludin kajeti jokkoi.

  16. Маған да осы сұрақты қойған: таппасаң атымды 5 кун статусыма қоясың деген, таба алмай қойдық әрине. Оның жауабы қарапайым мынадай >>>ЕКІҚАБАТ<<<

  17. жумбак: кыз бен бала бир бирин оте катты суиеди. Бирак кыз жигитинин шин атын билмеиди. Енди сурак. Жигиттин аты ким? . Жигиттин аты 9 ариптен турады. Алгашкы 4 арпи адамнын минези, сонгы 5 арпи жануардын аты.

  18. жанагы 6 аріп емес негігі 8 аріп болу керек. Басты аріпі М ізгісі А болу керек деген. ай негізі барлыгы кырту сиякты…

  19. мынандай тағы бір сұрақ бар:
    Бір детектив көшеде келе жатып, жолдың арғы шетінде жерде жатқан қызды көреді. Қасына барып қараса қыз өліп қалған. Содан соң үстін тексеріп телефонын тауып алады. Телефоннан жігітінің нөмірін тауып соған звондайды да сенің қызың өліп қалды тез кел деп айтады. Жігіт жүгіріп келіп кім өлтірді, қалай өлтірді деп сұрағанда детектив сен өлтірдің дейді. Детектив жігіт өлтіргенін қалай біліп қойды?

  20. Жумбактин шешуин тауып бересиздер ма?
    Ол сени суйеди
    Сен оны суймейсин
    Бирак издейсин
    Тапсан олтиресн
    Таппасан бирге омир суресин

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s