Аса құпия ақпарат айтам!


Тілім қышып… айтқым келген ақиқатымды тісіме байлап қойсам ба екен? Жарайды, айта салайыншы. Азар болса,  абақтының (астапыралла)… сыртын сырласын деп қоғамдық жұмысқа салар, иә? Сонда да жүрегім алқымға тығылып тұрғаны… әй, күйген дүние күйіп кетсін: Астанада ОБСЕ-нің болттары (56 деталь) әрі шруптері (12 деталь) , біртұтас қауіпсіздік скелетін құрастырамыз деп сам+мит жасап жатыр дейді.

Тиы-ы-ш, алған ақпаратыңыз аса құпия, әрі ешбір газет-жорналдың жүзін әлі көрмегендіктен, жазбамды жыртып-жыртып, «қайдан шықса, ойдан шықсын» деп, жұта қойыңыз. «Өйте алмаймын, Өркен» десеңіз.. дереу басыңызды қабырғаға соғыңыз, өзіңіздің кім екеніңізді ұмытып қалғанша ұра беріңіз, ұра беріңіз қабырғаға. 🙂 Қап, күліп қойдым-ау. Бұның күлкі үшін жазылғанын тақырыптан-ақ таныған боларсыз. Онда, серьезный әңгіме бастап, саммит жайынан сөйлейін десем, «скушно» болып кетеді. Сондықтан, саммит берген «тәбәріктің» суреттерін қараңыз. Тіркелген әр журналистке тәтті-пәттінің орнына бергені…

Төске қағатын, тойыс тағатын мерекелік белгі.

Он жылдан кейін ОБСЕ-ні ойға салады. Егер шынында жапондық сағат болса...

Боран мен қарда бейсболка ыңғайлы...

"Астана таймс". Дәретханада оқуға ыңғайлы емес. Тілі- "түсінсем бұйырмасын"

Қаламсап. Үшкір жағымен жазып, томпақ жағын тістейді я сорады

Бұдан басқа флэш-диск, фото открытка, журнал, қалам, т.б. дүниеге журналистер «шала байып» қалды. Айтпақшы, тілші ағайынның бір айдан бері тіліне тиек қылған, рас болса деп тілеген сыбысы жалған болып, ренжіп қалыпты біразы. Ееей сол, ноутбук береді деген ғой әр журналистке…

Advertisements

30 comments on “Аса құпия ақпарат айтам!

    • Иә, жапондық сағаттар жақсы болуы керек, бірақ мыналары арзаңдау сағат, әрине. Кім журналистің қолына «Ролекс» я «Ориент» тақсын?

    • Дәмесі зор болғанда, негізі СІМ-дегілер солай ақпарат жіберген. Ноутбук емес, планшетник те болады деген… бр жағынан, шетел тілшілеріне бергісі келіпті, бірақ оларда құны 50 доллардан асық зат алса, пара болып есептелетіндіктен, бұл затеядан бас тартыпты дейді «Хабар-ел» арнасы

  1. Ал, аға, «ӨБСЕ»ден алған тәбәріктеріңіз құтты болсын! рүшкісі әдемі екен,ия?! Сақтап қойыңыз, кеййіііііііін ұл-қыздарыңызға айтып отырасыз:-)

    • Рахмет, рахмет 🙂 Саммиттен басқаны жазбайтын қаламсапты тарих қойнауына аман жеткізу де қиын шаруа шығар, көрейік қанша мерзімге дейін қолымда болар екен 🙂

  2. Мен де жұмысымнан эйпловский ноутбук береді деп күтіп жүрмін :)))
    Мына газеттер ващще өмірде бар ма? или уақытша шығатын басылым ба?

    • Ващще бар өмірде.. осындай саммит-маммиттер кезінде шығарып тұрады санаулы тиражбен. Еее, бұдан басқа да неше түрлі салалық журналдарды айтсаңызшы, қалың глянц қағаздарға басылатын, бірақ ешкім оқымайтын

  3. «Боран мен қарда бейсболка ыңғайлы…» – мухахахахаха, Өркен, қатырдың жынд десе:):):):)

    Алматыға жолың түссе, қалам ұстай келеді деген есекдәмеміз бар:):):):):):):):)

    • Енді бұл «Нұр Отанның» нұрлы дәуірінің «ЖАс Отан» деген кезеңінен жалғасып келе жатқан салт-дәстүр ғой… АТтап кетуге болмайды. ТиыМ.

  4. Бiзден бул алкалы жиынга Думан Анаш деген красавчик агамыз кеткен. Астанадан базарлык кутiп отырмыз, жаналык кутiп отырмыз. Буйырса, артынып-тартынып жакын кундерi ол да жетiп калар… Агамды коре калсаныз ырымдап, «Астана» деген плiтке шоколадтан берiп жiберуiнiзге болады … арине, маган 🙂

    • Иә, Думан мырзамен бір кеште бірге болдық, әрі сіз жайлы жылы-жылы сөздер айтып отырды. «Алматы ақшамына» келіп, жұмысты үйіріп әкетті деп ))) Бірақ, қас қылғанда аңғал ағаң 🙂 базарлық жағын ұмытып кетіпті. Айып етпеші енді, Алматыға барғанда шоколад менен!

  5. ммм…маган ырымдап бирдене алган боларсыз деген умитим бар…Астанага барганда дайын тура берсин йа:-)))))

    • Иә, бұл жағы енді сәл ерсілеу болды, асыра сілтеп жіберетіні бар да осылай. Өзің де жаздың ғой блогыңда, тамаша шықты между прочим )))

  6. Әзірге, бір боранды ауылда жүрмін, тек «Хабар» мен «Қазақстаннан» ғана саммит туралы біліп жатыр жергілікті халық. Интернетте де қызық ештеңе айтылмай жатыр. Бір байқағаным, баяндамасын бісмілләмен бастаған Карзай жасыл шапанын шешіпті ғой. Ауғанстаннан келген журналист бір қыңыр сұрақтар қойғандай болды, жауабына қанағаттанбады-ау деймін.

    • Бәрінен оңы, әйтеуір саммиттен құлағымыз тынышталды. Енді ОИК-ке төраға болдық деп тағы саммит шақырғанға дейін шыдай тұрамыз…. Иә, Карзай таза еуропалық стильде киініп, салиқалы сөйлеуге тырысты. Бірақ, бар сөзі маған жалынышты естілді…

  7. Қисық уахахаха
    осы біздің ПиАрдағылар шынымен қуад екен:)))))))) Жасаса дені дұрыс жасамайма, боранда ана қалпағы несі:))))

    • Оларды да бір жағынан түсінуге болады, бір жағынан түсінбеймін. Расында, бейсболканы мейлі, жаз шыққанда киер деп ниеттеген шығар. Бірақ, 2011 жылдың жазында кім сол бейсболканы киіп, көшеге шығар екен, интересно? Ешкім шықпайды ғой

    • Сатыбалды бар еді, енді Қатыбалды ))) «Нені жемеңдер» деп сұрауға оқталып тұрып, жарайды деп жайына қалдырайық дедік. Бұдан кейін екіұшты комменттер қалдырғанда, абай болсақ, ағайын!

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s