«Жаным», Жиреншаш!


Ғашық болған ғазизім осы! бергі "бөжей" емес, ар жағындағы аруға...

Немесе тақырыпты «Қисық қалай алдымды орап кетті?» деп қойғым келген 🙂 Неге десеңіз, бұл мұлтпылымды (марқұм апамның транскрипциясымен) бейсенбі, 25 қараша, сағат 19.10-да, «Хан Шатырдың» мультиплексті кешенінің 2-ші залының, 3 қатар, 10 орынында отырып алып, қолымда поп-корн, құшағымда… неважно :-), общым беймарал күйде бақылағам. Бақылағам дегенім бұрыс болар, мультиктің бір маңызсыз кейіпкері ретінде ішіне кіріп кеткендей ірі (күшті) әсерде қалғанмын.

Құдай сақтасын, алда-жалда «Рапунцельді» кім бірінші көрді? деген сот отырысы бола қалса, сүйелдей, жоқ сүйектей дәлелім болсын дегенім ғой.  Сол күні-ақ блогыма сүйкетіп тастайын деп сұрапыл оймен келгем. Қайда-а-а, жалқаулықтың құрығы мойнына түспеген кім бар десейші? Мен де бүгін-ертең деп, бүгін ғана қол тиді. Қолым тимеді, намысым қозды 🙂 Жалпы синопсисі мен қызық мәменттерін Қисық жазып қойған соң, жазған оңай болып отыр. Аз жазамын да.

Ашулы Максимус тұяғымен тарпиын деп тұр...

Сонымен, бірінші рет… сеанс бітпесе деп тіледім. Әрбір әсерлі сәті, күлкілі тұсы болған сайын сезімге тоймай-тоймай, ақырында адам бойындай смайликке айналып шықтым-ау 🙂  «Мен үшін» дейінші… ең қызық сәт – жиреншаш Рапунцель мен ұры Флиннің алғаш кездесуі. Басына таба тиіп, естен танып, «мұрыннан кеткен» Флинді шкафқа тығуы, шашымен матауы, хамелеонның әбден қытығына тиюі… ой, күлемін дегенге кадр жетеді. Ал, ең қызық персонаж – Паскаль. Қолға үйретілген хамелеонды көрсеткен әр кадрге бір-бірден ыржидым десем, ыңғайсыз болмас. «Если што», куәгерлер бар… Әсіресе, хамелеон шығаратын дыбысты біздегі Әсия әдемі салады енді.. «одно очарование». Айтпақшы, менімен еріп келген жаны нәзік меймандарым әлгі Флинн өліп-тірілетін жерінде ағыл-тегіл жылап алды. «Это же мультфильм» деп бір-бірін жұбата алмай жатқан… Сөйтіп, «Уолт Дисней» елуінші туындысында ең жақсы мамандарын жұмысқа салып, ағайынды Гриммдердің ертегісі олардың өздері де танымастай етіп түрлентіп, ән қосып, үш өлшемдегі бейнесін салып, көрерменіне ұсына салды. Басқа не айтайын, 5 басты кейіпкері, 21 қарақшысы, 38 қала тұрғыны, хамелеоны, жылқысы, қояны бар мультикке барыңыздар, көріңіздер!!! Көңіліңіздеріңізден шығатынына күмәнім жоқ!

Паскальдың приколдарын айтсай!

Advertisements

12 comments on “«Жаным», Жиреншаш!

  1. Барғым келіп жүр, жаздан бері трейлерін қарап, желанием кетіп жүрген. Енді соған сәтті уақыт таппай жүрмін, жұмыстан жәй шығып дегендей 😦

  2. Ой, Қалдықыз, тура саған арналған мультфильм ғой. Душевный, сондай мейірімді, жаман кейіпкерінің өзі жақсы әсер қалдыратын анимациялық туындыға жұмыста тастасаң да, барып көруің керек 🙂

  3. Өркен, маған бәрінен де қызығы, қасыңда кімнің отырғаны… Күні кеше кездескенде де сыр алдырмадың… Бір сөзіңде тв-дегі бір аруды киноға ертіп апарып жүрмін дедің?! Мен сені қызға қарады ма десем, сен мультик қарап отырған екенсің ғой. Енді, қашан… Астананың неке сарайына барасыңдар?!

    • Күллі ғаламдағы тыңшы атаулының құлағын елеңдетіп, қызығушылығын оятқан, жаһандағы жалпы сұрақты мәнінен айырып, жұртты осы бір жалқы сұраққа ентелетіп қойған құпия факт Өркеннің кіммен болғаны болып отыр…

      • Скотланд-Ярдтан МИ-5, ФБР-дан ФСБ-ға дейін Өркеннің «Рапунцельді» кіммен көргенін анықтай алмай, сол сеанстан кейін «Хан шатырының» бар залындағы бар орындыққа құртымдай бейнекамера орнатып қойды дейді, сұмдық!!! Как будто «Шоу Трумэна» )))

    • Сабыр, сабыр Асеке, қасымда кім болғаны инкогнито күйінде қала берсін, жарай ма? Бұйырса, келер жылы мәлім болады! Оған дейін асықпайййыыыыыыыҚ !

  4. Агатай, ол кыздын шашы жиренге келiнкiремейдi. Такырып тартымды болсын деген боларсыз!.. Егер мен дальтоник болмасам, Рапунцель – блондинка.

    • Қолаңшаш деп жазайын деп тұрып едім, журналистикада кемі 30 жыл стаж жинаған әм қызтану ғылымынан кемі екі монография жазып тастаған ағам, «ой, оның не, ол Жиреншаш қой» дегені бар ма? Сонымен, Жиреншаш болып кетті

  5. Розатай, маселе шашта болмай тур го мунда….агау маган да сол коп нуктели «неважноныз» интереснооооооооо боп турганы….

  6. Бәрі де уақытысында айқын болады. Алдын ала интригалатып қойғаным үшін екі бетім қызарып тұрып, кешірім сұраймын.

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s