Әйгерім-Гера-Жизель


Бүгін. Жатын орын-жұмыс. Арасы төрт аялдама. Автобус. Алдымда көздері жәудіреген қос құрбы ау-жайын айтып тұр. Русь тілінде. Қыз құрғырлардың то біреуіне, то екіншісіне көзілдірігімнің үстінен көзімді қылитып, то мөлитіп, мен тұрмын. Бір мезетте біреуі «мұңын» шақты.

Дереу туф, тілімнің ұшында тұр.. әлгі вестибулярлық-тыңдау органымның дыбыс толқынын қысқа жиіліктерге ауыстыра қойдым. Сөйтсем… сұлу қыздың мәселесі төбе шашың тұрмақ, беттегі эпидермистің бар түгіне «аттан» айтып тұрғызатындай апатты жағдайда екен. Есімі – Әйгерім. Көп колледждің бірінде білім алады, шамасы. «Айгерим деген атыма басында «о-о, аттасым екенсің» деп қуанушы еді құрбыларым. Қазір ондай таңдану да жоқ. Себебі, көппіз. Қызық емес та. Енді мені бәрі Гера деп атайды», – де-е-егенде, ерні дір-дір етеді. Әйгерім деген әп-әдемі атты Гера деген гректің қумаш ертегілеріндегі «құдай-қатынға» ауыстырыпты. «Құдай-ай», – деген ішкі помеха, тойыс, шуылдан құлағым (енді есіме түсті ғой..) шуылдап барып басылды. «Бірақ, мен жігіттермен танысқанда өзімді Жизелмін деп таныстырамын. Сондай балетті би қылып қойғанбыз. Ұнап қалды. Енді бәрі мені Жизель деп біледі. Әке-шешем ғой, Әйгерім деген беспонтовый ат қойған…».

Сонымен, бар жоғы он минутта Әйгерім Гераға, одан Жизельге (одан.. арғысын тындамадым) трансформацияланып жатқанда, аялдамамда түсіп қалдым. Түйген ойым да түсіп қалды. Общым, өздеріңіз түйіндей салыңыздаршы енді деген бе 🙂

Advertisements

22 comments on “Әйгерім-Гера-Жизель

  1. хехе, қызық екен. Менің Айкерім құрбыларымның жартысы Гера, тағы бір бөлігі Айка, Айко, енді тағы біреулері жай Ако. Айкерімдерге Шүкімән деп тисем :)))

    негізі, есім беру дегенге жауапкершілікпен қарау керек қой. Мысалы мен өткенде ғана Магия деген апайды, Бота есімді ағайды, Саякөз-Аякөз деген еғіз ағайындыларды көрдім. Обал ғой.

    • Бәрінен де обал ғой дегенің ұнады :)))
      Менің ең үлкен әпкемнің есімі Айгерім, арамызда кейде Айгеля дейміз.

      • Обал дегеннен шығады, менің бір танысымның аты алдымен Құдырет болыпты метіркеде. Бірақ, кейіннен туыстары Әмина деп атап кеткен, қазір сол Әминаға заңды түрде ауыстырып алды. Міне, солай

    • Бәрінен бұрын Саммитке обал болды-ау, санасыз баланың тағдырын солай ойыншық қылуға бола ме екен, аташкаларым-ай… Ат таңдау тағдырдың жолын таңдағанмен бірдей деп жазушы еді ақылды кітаптарда

  2. Шынымен осы Әйгерім деген ат көп қой. Сосын қазір Аружан, Аяулым деген аттар да қаптап кетті. Біздің әулетте 4 Аружан бар. )))
    Таңертең жұмысқа келіп, коллегамның бір құрбысы егіз қыз тауыпты. Аттарын Аяжан, Аружан деп қойыпты… :-/

    • Біздің әулетте 4 Аружан бар. ))) Расында, бізде бұл Аружанның қыздардың арасында ең жиі қойылатын ат деп кешелі-бүгін статагенттік шулап жатыр емес пе, енді қай ат сәнге айналар екен?

  3. Баяғыда бір химик мұғалім апай егіз балаларының атын Метан, Этан деп қойыпты дегенді естігенмін…

  4. ЖанарА, АйгеримА, АйнурА, МаржанА, анауА-мынауА деп жөн жосықсыз «А»-ны қоса беретіндіктерін қайтерсің?!

    • «Ей, Жанарсың ғой» десең, «жоок, ты что, Жанарамын» деп күйдіретінін қайтерсің… Сондайларды бетінен 42-размерлі бәтіңкенмен салып жіберсең ,ия Жомарт

      • Өркен, сенікі 42 размер бола ма? Болған күнде сен салмай-ақ қой. Менің бір досым бар, Досбол деген, бәтеңкесінің размері – 46. Салғанды қойып езіп жіберсін. Жанараларың Жанағррррррррррррррррррррррррррррррр деп кетсін сосын.
        ))))))))))))))))))))))

  5. Баласына есім таңдаған кезде әр ата-ана жауаптылықпен қарау керек менше. Кешегі жаңалықтарда берілген «Саммитті» айсаңыздаршы…аталарын тыңдап жүрген жастар да қызық, кешегі кеңестік дәуір өткенін неге сол үлкендеріміз ойламайды екен…МЭЛСтің кері біздікі…

    • Дінімізде де әке-шешенің бала алдындағы ең үлкен міндеттерінің бірі – ат таңдау екені анық айтылған. Себебі, қалай атасаң, солай өмірі қалыптасатыны ғылымның семантикасында бар жаңалық қой. Ал, біздікілер біреудің обалын арқалап жатыр… Әйййййй

  6. кеше ктк арнасы Қазақстандағы танымал есімдердің рейтингісімен таныстырды. оның қорытындысы бойынша, Қазақстанда ең танымал есімдер мыналар болып шыққан. Ұлдар үшін Ерасыл, Диас, Артем, (әрі қарай ұмытып қалдым), қыздар үшін: Аружан, Аяулым…

  7. Әке-шешем ғой, Әйгерім деген беспонтовый ат қойған…”… Әйкерім деген есімнің несі жаман,а? Туу ана қыз дәл менің қасымда айтпапты ол әңгімесін. Ал Жтзель деген есімнің несі әдемі? Менің де есімім Әйгерім. Біз туылған заматта «Әйгерім» деген есім жаппай «мода» болды дейді анам. Мен туылған күні анаммен бір бөлмеде тағы бір әйел босаныпты. Күйеуі іс-сапарда болғандықтан «Қывзымның есімін сен қой» деп әкемнен өтініпті. Әкем: «Сіздің жасыңыз үлкен ғой, екі қызға Абайдың қос ғашығының есімін қойсақ қайтеді? Сіздің қызыңыз Тоғжан. Ал мен қызым Әйгерім болсын» деген екен… Мәселе есімнің «мода» немесе беспантовый болғанында емес, есімнің қойылу тарихында…

  8. Шашын бір талдап жұлар ма едің 🙂 ИӘ, Мәселе есімнің “мода” немесе беспантовый болғанында емес, есімнің қойылу тарихында… мынауың блокнотқа түртіп қоятын сөз екенн

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s