«Қара жорға» қақтығысы


«Бұл би – қазақты құртқысы келетіндерге асыл дүние». Салмағы атан түйенің сүйегін уататын сөздерді ары-бері сермей келе, Берік Сұлтанов деген әріптесіміз би төресінің басынан «былапытты» құя салыпты. «Ерінбеген етікші болады» дегендей, екінің бірі блог ашып, баспасөзге шығармайтын ойын басып жатқаны демократия да, дұрыс та шығар… Екінің бірі дегенім ерсілік болар, Берік білдей журналист. Алдымен, Беріктің не дегенін аңдайық.

 

«Қара жорға» бабаларымыздан қалған жәдігер емес. Ұрпағына биді мұра қылатындай бабаларыма не көрініпті?»,– деп келіп, Бұхар жырау, Иүгінеки, Ыбырай, Абай аталарымыздың дін хақындағы сөздерін тізіп шығыпты. Енді осының бәрі «біз үлгі алатын адамдар, олар бізге «осы би сендерге аманат» деп айтқан жоқ қой деген қисынды ой айтады. Дұрыс қой, ата-бабамыздың мұрағатын қанша ақтарсақ та, нотариустен бекітіп, заңгермен келісіп пішкен аманатын таппаспыз. Енді қараңыз, ерте заманда қымыз ашыту технологиясын, жылқыны құрықтау, талқанды түю тәсілі дегенді де патенттеп, кешіріңіз қағаз жүзінде аманаттап кетіп пе екен? Бұның бәрі халықтың түйсігінде сан ғасырдан бері сақталып келді емес пе? Ендеше, «Қара жорға» биі де қанымызға сіңіп кетті десек, қисынды шығар. «Қара жорға» қазақпен қайта қауышқан соң, балабақшадағы баласынан зейнеттегі шалына дейін еңкеңдеп, билеп кеткені де жынның тірлігі ме екен? Астана, Атырау, Талдықорғанда мыңдап, ал тойларымызда жапа-тармағай буынымызды бүгіп билесек, феномен деп бағалауға болар. Шаханов айтатын «ақпараттық-генетикалық байланыстың» шағын көрінісі осы. Оның тағы бір дәлелі, кезінде шығыс жекпе-жек өнерінің жампозы Мұстафа Өзтүрік «Алатай» деген фильмінің сценарийіне «Қамажаймен» бірге осы буын биін де қоса жазған деседі. Яки, «Қара жорғаны» Қытайдан оралған қандастарымыз ғана алып келді деген бос сөз болып қалады. Түркиядағы туысқандарымыз да билеп келген…

Айтпақшы, Берік бауырымыз «Қара жорға» – зинаға алып баратын жолдардың бірегейі. Себебі, би барысында қыз бен жігіттің бір-біріне өте жақын болатыны даусыз. Қыздың тал шыбықтай бұралғанын, жылы күлкісін, ойнақтаған көзін көрген кез келген ерге шайтанның жаман ой салатыны айдан анық» деп, қара аспанды төндіре кетеді. Сонда түнгі клубтардағы «типтроник», «транс», «хаос», «рэп» секілді жынойнақ зинаға итермелемейді екен, иә? Олардың қасында «Қара жорға» он есе әдепті емес пе? Әуені де, киімі де қазақы биді «сұмырай қылып» көрсетіп, қалғандарын момақан қылу қай жобаға алғышарт болыпты? Жарайды, бидің тегі қалмақтық, я моңғолдық болсын деп жеңіле салайық. Бірақ сол биді жалпықазақтық деңгейге шығарып, ұлттық брэндімізге айналдырып жатқан өзіміз емес пе? Бұған сол қалмақ, моңғолы да, қытайы да таласып жатқан жоқ. Ендеше, ұлттық таным ұмтылған дүниенің бәріне Исламды қарсы қоя беру соншалық сауаттылық емес. Осы жөнінде «Қара жорға» өнер ұжымының директоры Жамали Диханұлын да сөзге тарттым.

«Білім болса, Қытайдан да, Қырымнан да үйрен» деген сөз қалған ғой. Ал, біз Ұрым да емес, Ресей емес, өзімізің қазақтың төл биін тіріліп алып келіп жатырмыз. Енді оң-солымызды танып, бағалап келе жатқанда, мұндай сыңаржақ көзқарастар болып тұрады. Өкініштісі, олар біздің дүниемізге ХХІ ғасырдың көзқарасымен қарамайды. Қазақ сөзге тоқтаған. Журналист екен деп ойына келгенін айта беруге болмайды. «Қара жорға» қалмақтың биі болса, онда неге Өзбекәлі Жәнібеков өле өлгенше билеп кетті оны? Қазақ мәдениетіне өлшеусіз үлесін қосқан ағамыз бидің тегін ажырата алған шығар енді… Ал Талшын Қарабалина деген апайымыз 1945 жылға дейін «Қара жорғаны» билеп келді. Бұдан артық қандай дәлел керек? Тегі болмаса, ән айтпай, би билеп, мәдениеттен мақұрым болып отырайық, осы ма керегі?

Шыны керек, өз басым сол «Қара жорғаны» жарытып билемеймін де. Бірақ, билегім келеді. Шебер билейтіндерін көріп, қызығамын, қызғанамын, үйренгім келеді. Әйтпесе, әр тойда «Отыздан асып барамынға» өзбек әкәнің қимылын салып, қажып біттік қой.. Әйтеуір, ұлттық таным мен діннің тең болмаса да, тете жүргенін қалайтын көп қазақтың біріміз ғой. Сол шек пен тектің шегінен асып, әсіреге салынып, асыра сілтемейік! Қазақтың жауы «Қара жорға» емес! Я так думаю («Мимино»)

Advertisements

75 comments on “«Қара жорға» қақтығысы

  1. Кім не ойласа да өз еркі, мен қара жорғаны шамандықтың жұрнағы деп білемін. Қазақтың көне түркі кезіне қатысты болмаса, етек-жеңін жинаған қазақ халқына тиесілі би емес. «Абай жолы романында қазақтың барлық салт-дәстүрі мен өнері суреттелген, бірақ би (Қара жорға) жоқ» дегеннен соң-ақ біраз нәрсе мәлім болды.

    • Әрине, бұл бидің қай кезде шыққаны жайлы дерек тапшы әрі түбін қазсаң, шатаса беретін сияқты көрінеміз. Сондықтан, даулайтын ештенем жоқ

  2. Болмайтын нәрсеге қарсы исламды алдыға тартып шыға келетіндер шаршатты бар ғой. Дін дегеніміз интимді дүние ғой, оны анда бір, мұнда бір шаптай беруден не шығады?
    Рахмет, Өркен.

  3. «Қара жорғаны» Қытайдағы қандастардың барлығы дерлік билей біледі. Ешбір еркектің әйелге нәпсісі қозғанын, ешбір қыздың қылмыңдап жатқанын көрген жоқпыз. Құдайға шүкір! Мен 6 жасымнан бері билеймін. Талай мерекеде, той-томалақта мың бұралған қыздармен биледік, бірақ, еш қайсысына арам ойда болмадық. Сен неден арам ойлай бересің?
    Өзіңнің ұлттық биіңді билей алмасаң, билей алмаймын демейсің бе? Оны жамандап, терістеп әуре болғанша. Билейміз, несі бар «қара жорға болмаса, бидің сәні келе ме?»

    • МІне, мынау нағыз Жәнібектің сөзіне ұқсайды. Сол оралмандарымыз дінін де қатаң ұстап, дәстүріне де берік болып, осы биден де айрылмай келеді ғой, «Қара жорғаны» билеуден қасырет тапса, әлдеқашан азғындап, тозғындап кетер еді ғой, ә

  4. Қайтарма үнқосу: “Қара жорға” болмаса, блогтың сәні келер ме? « Өрімтал

    • Иә, ойламаған жерден осындай дау тұтанады деп кім ойлаған? Хотя, бұл да бір заңдылық қой.. мына сайтыңды оқығым келіп еді, тілім тістерімнің арасына тығылып қалды ғой 🙂

  5. Берік Сұлтанов «атың шықпаса жер өрте» деген оймен жаза салған былжырағы осыншама талас тартысқа арқау болады деп ойламаптым.бұл «қара жорға қазақтың қасіреті»деген мақаласымақ әуелі білмсіздіктің ,сосын дінни ілмі жоқ көр кеуделіктің ғана туындысы!әрине «Абай жолы»нда жазылмағандардың барлығы қазақтың салты емес дегеннің өзі оқыған кітабі мен жеткен білімі «Абай жолы»атты кітаптан ары аспаған адам екенін көрсетіп тұрмайма?шамандықтан қалған би болса не болпты?Шамандар зинақор болппа екен?оларда сол кезде Берік сыяқты «Абай жолында» жоқ деп би ,ән жаратпай қоймайды ғой!
    қара жоға түркі жұртының төл өнері!
    қара жорға ойнаңдар,
    қой деседе қоймаңдар…ой бәлі !!!жігіттер қыздар!!!!кеттік !!

    • Қой, жігіттер, жазықты екен деп жаппаны лақтыра бермейік Беріктің тұсына… Жас қой шіркін деп кешірген жөн шығар. ОНсыз да ДАТ-та шыққан Мәди КЕрімсал деген автордың мақаласының астындағы комменттерді ешқайсынның да басына тілемеймін… Сондықтан, ағат басса, айттық ағат екенін, енді ақымақсың, білімсізсің деп кеудесінен теппейікші, құрысын дауы

  6. Е-мое! Мында да ҚЖ ма?!
    //Дұрыс қой, ата-бабамыздың мұрағатын қанша ақтарсақ та, нотариустен бекітіп, заңгермен келісіп пішкен аманатын таппаспыз. Енді қараңыз, ерте заманда қымыз ашыту технологиясын, жылқыны құрықтау, талқанды түю тәсілі дегенді де патенттеп, кешіріңіз қағаз жүзінде аманаттап кетіп пе екен? Бұның бәрі халықтың түйсігінде сан ғасырдан бері сақталып келді емес пе? Ендеше, «Қара жорға» биі де қанымызға сіңіп кетті десек, қисынды шығар.//

    Сонау сан ғасырдан бері қанымызға сіңіп кеткен болса, қалайша ол 70-ақ жылдың ішінде ұмытылып кетті?

    //Мұстафа Өзтүрік «Алатай» деген фильмінің сценарийіне «Қамажаймен» бірге осы буын биін де қоса жазған деседі. Яки, «Қара жорғаны» Қытайдан оралған қандастарымыз ғана алып келді деген бос сөз болып қалады.//

    ))Деседі. Ал біреулер «Алтай деген фильміне М.Өзтүрік бұл биді жазбаған» деседі» – деседі.
    Жарайды. Дескендері рас болған күнде де Түркияға қазақтар Қытай жерінен қоныс аударып барған жоқ па? Ендеше Түркиялық қазақтардың да бұл биді билегені таңданарлық емес.

    //Сонда түнгі клубтардағы «типтроник», «транс», «хаос», «рэп» секілді жынойнақ зинаға итермелемейді екен, иә?//

    Итермелейді. Бірақ бұл билерді ешкім ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ БИІ деп жарнамалап жатқан жоқ.

    • Расы керек, бұл мақала ғылыми монография болмағандықтан, әрі жеке пікірге білдірген жеке пікірім болғандықтан, алғашқы сауалға өзім де таңмын. Бірақ, бастысы ол басқа емес, өз қандастарымыздың бойында сақталып қалды ғой… қазақтардың. Ақырында, ешқандай мемидеологияның қатысынсыз ақ «Қара жорға» ұлттық феноменге айналып шыға келді. Бұны енді жай ғана сәйкестік деу жараспас… Екіншіден, Қытайдан Түркияға, Түркиядан ЕУропаға тараған қандастарымыз неге «Қара жорғаны» сақтап қалды деген сұрақ туады? Ақыры, еліктегіш екенбіз, кхатхакты я қытайдың басқа биін үйреніп алмадық па? Олай емес қой. Мұнда да необьяснимый бір байланыс бар, ендеше. Үшіншіден, залалды, зарарлы, тіптен у болса да қазақтікі, өзіміздікі болғанға не жетсін, айтшы

      • Айтшы десең, айтайын.
        Әрине, өзің айтқандай, тіпті у болса да өзіміздікі болғанға не жетсін. Бірақ мына би өзіміздікі емес, өзгенікі.
        Түркиядағы қазақтардың Қытайдан қоныс аударғандарына айтарлықтай көп уақыт өте қоймағанын ескерсек, ҚЖның түркиелік қазақтар арасында неге сақталып қалғанын түсіну қиын емес.
        Ешқандай да мемидеологиясыз-ақ макарена-ламбада тб-лар да кеңінен тарады емес пе? Бәлкім бұлар да кездейсоқтық емес болар?

  7. Айтпақшы, суретті сәтті таңдапсың.
    Тасжолдың үстінде гүлге орын жоқ. Себебі, тасжол гүл өсіру үшін салынбаған. Тасжолдың атқаратын қызметі басқа. Ал кездейсоқ өсіп шыққан гүлдердің тағдырының қалай болатыны, айтпаса да түсінікті.
    Бірақ, өкініштісі, біздің жол суреттегідей жоғарғы сапалы болмай тұр, сондықтан кез-келген шөп-шаламдар өсіп шығуда.

    • Кездейсоқ тәсілмен таңдалған сурет. Бірақ, мына гүліміз біздің аспалтқа жерсініп кеткен сияқты ғой, оже.. біреу әдейілеп мызбаса, жайқалып тұра беретіндей

    • Умно! Жарайды, «Қара жорға» би өзгенікі болсын делік. Бірақ, Қытайға ауған қандастарымыз осыны жоңғардың, ойраттың, манчжурдың, ұйғырдың, я ханзудың бір биінен айна-қатесіз көшіріп алды, қайталай салды деген дерек тағы жоқ қой. Биді тұтас бір буынның үйренуі де шәпкімізді киген сияқты тез болмаса керек. енді сол Қытай арқылы Ауғанға, Үнді, Иранға, Анадолыға, одан әрі Ауропаға өткен ағайындар да Қытайдан би үйренетіндей ғасырлап тұрып қалған жоқ қой. Жайлы қоныс іздеп жүре берді ілгері. Бидің халыққа оралуын айтсақ, бұл уақыттың қалауымен… Твист, ламбада, поп, енді ар енд би, замана жүрісіне сай биі, ырғағы өзгереді. Демек, «Қара жорға» қазақтың қазіргі даму қалпына келіп тұр дейміз де онда

      • өзгенің биін айна қатесіз қайталап, көшіре салды деген дерек жоқ болса, бұл оның ешкімнен көшірілмегендігінің белгісі демексің бе? Және ешкім де бұны өзгеден АЙНА ҚАТЕСІЗ көшірілді деп жатқан жоқ. Қазақтар өздерінен де қимылдар қосқан шығар.
        Сендердің сөздеріңді негізге ала отырып, ҚЖның тірі қалу тарихын қарастырып көрелік. Сонда былай болады екен:
        Бір кездері Қазақстаннан бір ауылдар Қытайға (советтерден) қашып кетеді. Ауылдар болғанда, тек ҚЖны білетін ауылдар ғана. Ал Қазақстанда тек ҚЖны білмейтіндері ғана қалады. (Бір екі білетін адам қалған да шығар. Бірақ оларды советтің қызыл иттері қасақана, қазақтарды ҚЖсынан айыру үшін жойып жіберген). Содан Қытайға жеткен қазақтардың кейбіреулері, өзің жазғандай, ол жақта (қытайда) ғасрылап тұрып қалмай, ауған\үнді\пәкістан арқылы түркияға барып тұрақтайды. Сол себепті түркиялық, түркиядан европаға барған қазақтар және қытайлық қазақтар ғана осы биді әлі күнге билеп жүр екен. Ал ҚЖ қазіргі Қазақстанда тек оралмандардың елге оралуымен ғана пайда болды. Оған дейін болмаған еді. Неге? Себебі, сонау сұрапыл замандарда Қытайға тек ҚЖны білетіндер ғана ауып кеткен екен.
        бұл би осылайша жойылудан сақталып қалынған екен.

        тут и сказки конец, а кто слушал – огурец.

      • Құрысын, блогты форумға айналдырмай-ақ қоялық… Санчо, осымен дауласуды доғарайықшы. Мына түрімізбен қисыннан қисын тауып, «қуып» бара жатқан сияқтымыз )))))

  8. Әй, бауырларым ай!!! Барлығымыз да мұсылманбыз ғой!!! Еш уақытта шариғат шеңберінен шықпаған даналардың ұрпағы екенімізді ұмытпасақ екен!!! Менің айтарым, тілерім, жазылған мақалам тікелей дінге байланысты! Сондықтан да мақалаға қарсы шығам деп асыл дінге қарсы шығып қалмаңыздаршы:)! Барлықтарыңызды да Аллаһ үшін жақсы көрем!!! Аллаһ Жәннатта да сіздермен жолығуымды нәсіп етсе екен деймін!!!

    • Берік інім, иманды жігіт екенің сөзіннен көрініп тұр ғой, бұл жерде сенің жеке басыңды қаралауды мақсат тұтпап едік, бірақ мақалаңдағы артық кеткен тұстарына келіспеушілігімді жазып едім… арты сен үшін сондай ауыр болатынын білмедім, айып етпе! ӨЗің айтпақшы, бұл да бір сынақ

    • Сондықтан да мақалаға қарсы шығам деп асыл дінге қарсы шығып қалмаңыздаршы:)! Берік мырза, «ширк» деген сөзді қосып қойсаңыз пікіріңіздің сәні келер ме?!
      Меніңше қосып қойсаңыз «сәп-сән» болып тұратын сияқты)

    • Kokbori sozderinnin zhani bar. degenmen tilim bar eken dep salandata bermegen duris shigar, mina sozdi (аллаңа тукіргенім бар) endi kaitalamassin degen umitim bar.
      artik ketsem keshir,.
      negizi kobinde mundai sozder musilmandardin dindi jondep tusindire almagandiginin arkasinda bolatindigi jasirin emes.
      bireu bilep jatsa baskanin onda ne isi bar eken sogan keide tan kalam….

      • Дұрыс диагнозың таптың ғой, дінге алғаш келгенде бәрімізде эйфория болды, бәрін иманға келтіріп, сырасын қойдырып, темекісін тастататындай… Жастық бар, албырттық бар, осылар өз ісін істеді деп қоя салайық енді.

    • Көкбөрінің сөзін кішкене редакциялауға тура келді. Ақыры, шариғат, діннің бәрін біліп тұр екенсің, Құдайға тіл тигізгенің қиындау болды, бауырым. Қызбалыққа салынбайық, бұл ортақ мүдде, бір елдеміз, бәріміз мұсылманбыз, қазақпыз, өзі аз-ақпыз. Сондықтан, «Біріңді қазақ, бірін дос» демесек, қалай ел боламыз оу,

  9. Астағфируллаһ! аллаға түкіргені несі, Дінге тіл тигізетіндей, Аллаға түкіретіндей сен не аспаннан салбырап түсіп пе едің. Біп жазылған мақала үшін, сонша өзіңді малдың дәрежесіне түсіргенің не? ай бірақ мал да алласына түкірмейді ғой! берік ол өз ойын айтты, онда тұрған не бар. онымен толық келісем. Сен сонша құазаққа жаның ашып не іспет жүрсің.? Мен берікті білем, ол алланың діні таралуына жақсы жұмыс істеп жатыр, Аллаһ разы болсын ол ініме! Тілің үшін жүзің отта қақталар деген сөзді ұмытпа. хе көкбөрі сымақ

    • Қолым тимей, комментерге қарай алмай кетіп едім, кінә менен, дер кезінде редакциялап тастамағаным үшін. Өзім де шошып кеттім, шыны керек анадай сөзден… Сөзімізге абай болайық «Он күнәнің тоғызы тілден деген»

  10. Көкбәле, Аллаға түкіргеніңізбен қойма, бүкіл әлем қазақтарының атынан лағнет айтандай кімсіз және қандай құқыңыз бар? Эмоцияны жинастырыңыз. Ашу дос болмайды адамға.

    Өзіңіздің балаңыздай Берік құрлы өз ойыңызды айта алмай, келіп Құдайыңызға түкіріп тұрсыз ба? Ер жігітке жат қылық. Ойланыңыз.

  11. Бұл бидің дінге қатысы жоқ негізі, сондықтан таза ма, лас па, қызықтырмастан кез келген жерге дінді қоса бермеңдер. Дінмен қорқытуды қою керек ғой, тура бір ваххабиттер ұқсап, өзі ғана ақылды, қалғандар ақымақ дегендей!!! Ол сендерге ойыншық емес!!!
    Биге келетін болсам мен билей аламын, алдын үйреніп алдым, бірәқ биді қазақтыкі екеніне сенбеймін, бірәқ оны билесем шаман болып кетемін деп қорықпаймын да. Талай ұлттың биін билеп жүрмін, өнерге келгенде тап мына ұлттыкі деп тартынып тұрмаймын. Кімдікі болса да ұнатқандары билеп жатыр, ұнапағандар айтар қояр.

    • Мына қыздың пайымы ойландырып қойды -ей, дінге қатысы жоқ биге дінді араластырмау керек деген… Расында бұл қалбырдағы балықты сүтпен жеме деген сөз сияқты ғой, білген адамға

  12. Жалпы, біздегі орашолақ қылықтардың бірі-кез-келген дүниеге діндің орынды, орынсыз араластыру. Мәшһүр Жүсіп бабамыз «ит өз құйрығын, өзі көтеріп жүрмесе, кім көтереді?» дейді. Сосын, адамның көңіл көтергені дұрыс дейді. Өйткені, стресстерден, өмірден түңілуден осы көңіл көтеретін жайлар құтқаратын болса керек.Әрине, діни қағидалар маңызды дүние. Бірақ, бізге Алла тағала нәпсі де берген. Оның да қалауын анда-санда орындап тұрған дұрыс. (Әрине,аздаған ойын-күлкі, әдепті демалыс сияқты дүниелермен) Биі де сол көңілді көтеретін бір құрал ғана. Екіншіден, ол ұлттың мұрасы. Шын мәнінде адам қаражорғаны 15 минуттан артық билей алмайды. Өліп тұрып шаршайсыз. Сонда ол, нәпсіні қалай оята қояды. Біз көбіне нәпсі дегенді тек жыныстық құмарлық, харам істерге ұмтылу деп бағалаймыз. Нәпсі деген әрі беріден соң-адамның жаны. Жан азығы қандай болса, ол сол азығына ұқсап семіреді.
    Берік бауырымыздың иамн мәселесін айтқанын құптаймын. Бірақ, ұлттың иманын оның салт-дәстүріне қарсы шығумен жақсартай алмайтымынызды ұмытпаған абзал. Мұндай тәсіл қарапайым адамға дінімізді жексұрын етіп көрсетеді

    • Айтасың-ау, Амангелді! Әсіресе, халықтың салты мен иманды бір-біріне қарсы қоюдың қауіптілігі турасында сенің сүйікті авторың Омар Жәлелұлы жақсы айтып берді. Ағамызда алған сұхбатымды ықшамдап, осы блогыма берермін, бұйырса

  13. бауырлар-ау. Сол би алгаш шыкканда тек ерлер гана билеп журдик кой. Айел араласса не болары барымызге белгілі гой. Ягни би озін ушін, буын босатып, білек жумссартып дегеннен адасады да…….биіміз сол айелге жагу ушін болып кетеді. Ал, «жагу» дегеннін сонында напсы деген «кокеміз» алаканын ыскылап жатыр. Мойындандаршы…сол бозбала шакта кызга кырындау, алып шыгып кету, хехе ерін созуда сол бидін «аркасында» емес пе еді?! Дурыс емес екенінде білесіндер…сосын бидін анін тындашы?! «Кой десе де коймандар» дені дурыс адам осы шайтаннын созін уран ете ме?! Биге карашы ер мен айел билесе. Айел билеп жатып шалкалай енкейеді, ал ер устыне буындарын бултылдатып тоне туседі. Калай елестеген шыгар!? Батыстын биінен не айырмашылык калды?! Дін болек турмыс болек деген соз жок. Дін ол омір сурудін кілті.

  14. Діннен терен хабар болмаса кыртып-быртып макала-сымак жаза салуды койындаршы. Жексурын корсетуді озіміз осылай бастаймыз да?! Абай,кз-тен-ак шаршадык. Сенсация керек болса Дінді жамандап жаза салады. Неге сонгы кезде Исламга сыйыса алмайтындар кобейіп кетті озі?! Ау бауырлар оз дініміз гой. Иа, кате дуние коріп жатсан бірінші сол каншалыкты кате…соны кітап карап біліп алсандаршы?! Сосын сойлейік. Себебі дінде мына бір кагида бар да.,….Дін ісіне келгенде «озім білем, менінше былай «деген соз журмейді. Сенін айтканын кате иа рас болса да куна аркалап каласын. Себебі сен тындаган дурыс жолдан тайкып шыгуы бек мумкін, Сондыктан ілімге умтылайык бірінші. Сосын сойлейік

    • Әр нәрсенің тегі мен шегі барын білген жөн. Мен нәпсім қозып қалып, биді қолдайын деп асыл дінімізге қарсы шығайын деп тұрған жоқпын. Бірақ, домбыраны ширк деп, келінге сәлем салдырмайтын, Қара жорғаны билетпейтін әсіре қуғынбайшылыққа да қарсылық білдіруіміз керек. Бұнымды терең , сауатты мақала деп тұрған мен жоқ. Беріктің пікірін оқи сала қызбалықпен жазып, өзімнің ұстанымымды жеткізген түрім еді. Бұны блогқа салмайын деп едім, оқимыз деп қоймаған кісілер болды.. .Ақырындап келгенде, бәрін халық өз ыңғайына қарай шешеді.

  15. мынау комент жазып отырганын каншасы намаз окып, куран ашып, аріп таниды екен?! (не намаз окымаса дін туралы сойлеуге болмай ма не деп булдамай-ак койындар. Дін сенін селіклдеп билеп журген дискотекалык биін емес. Білім керек мунда…раз тізен бірігіп, мандайын саждеге тусіп, мурнын жер иіскемеген екен булай сойлемей тура турайык?!) Оркен брат, жонін тузу еді, саган не болган?! Напсын козып прям билегін кеп бара жатса кыз-кыркынмен билей бер. Бірак бул халал демесеш. Харамды халал деген діннен шыгатыннын білетін боларсын?! (неге биді харам деп отырмын. точнее айел мен еркек билетйін биді…Намазда айел мен ер арасы болінсе….ал биде бірге болуга руксат па?! кисынга жугіруге уста екенсін осы каншалыкты кисынга келеді?)

    • Маған ештеңе болған жоқ. Тек ыза буды. Күлкім келді басында. Түйгенімді жаздым. Басқалардың пікірімен келіспей жатса, кешірім өтінемін. Өзің білесің, ұлттық таным мен дінді қабыстыра білу өте-өте нәзік дүние. Қара жорға да қазақтың қазіргі әм келер он жылдықтағы көп талқыға түсер тақырыптарының бірі болмақ. Мүмкін, пікірім келешекте өзгере де жатар. Бірақ, дәл қазіргі ойымды осы жазбамда анық жетіздім деп ойлаймын. Жеріне жетпей қалса, әлі де білімсіздігімнің салдарынан деп жылы сипай салыңыз

  16. Қара жорга болмаса тойдың сәні келер ме,билейік,билеуден шаршамаңыздар,Қазақтың қаракөз қыздары мен жігіттері!!!!

  17. Оркен-дос! Азаматсын! Асире диншилдерден-ак кажым биттик кой!..
    Сен жазган сайын менин жаным киреди. Жаза тус!

    • Құдай салмасын, достым-ау, мына Қара жорғаны қозғаймыз деп басым дауға шатылды ғой. Ақыры бұлай болады деп Берік те, Асхат та, мен де ойламаппыз. «Қара жорға» қазақты біріктіруші емес, «ірітуші» факторға айналыпты деген тезисті мойындауға шақ қалдық мұнда. Қызық екен

  18. Сәнбайнуу!

    Біздің осы биімізді билегендеріңе еш қарсы емеспін. Себебі сендердің біздің биді билегендерің бізге жақсы.
    Тек өздеріңе иеленіп, қазақтың ұлттық биі дегендерің ғана орынсыз болып тұр. Сырт көзге күлкілі және аянышты көрінеді. Бұл мұңғұл тілдес халықтардың биі. Сеніңдер маған.

    Құрметпен,

    ата жауларың Цеван-Рабтан.

    • Ассалаумағалейкум! Алдымен, мен әруақтармен тілдеспейтін едім. Спиритизммен әуестенетіндердің есін шығарсаңыз болады осылай… «ҚЖ» үшін Барзақ әлемінен бері келсеңіз, бекер әуре болыпсыз,

  19. Өркен бауырым, мақалаңды оқып разы болып отырмын… «Адырна» сайтына салсам, қарсы болмассың. Өзімсініп салып қойсам… Айтпақшы, баннер үшін көп-көп рахмет! Ісің алға баса берсің!

  20. Діншілдер мұнда да бел шеше кірісіп кетіпті ғой. Олардың да кіріспейтін тесігі қалмапты ау! Өздерінің болмысы тұнып тұрған қара түнек, ықыласы – нәпсі. Қыз бен жігіт жақындап кетсе болды солар сияқты бір ғана мәселені ойлап тұрады екен-ау. Ондай сезім айтылмайтын, жүрек түпкірінде жататын құпия екені олардың қаперіне кірер ме? Болмаса, олар билегендердің бәрін біріне бірі артыла салатын хайуан деп ойлай ма екен. Осылай, «онда қыз бен жігіт жақындасады, ойы бұзылады» деп айтқан адамның өзінің жүйкесі ауру, пыйғылы теріс. Оларды дүрелеп тұрып емдеу керек. Немесе, піштіріп тастау қажет. сонда, мүмкін, одан жөні түзу молда шығар.
    Діннің атын жамылып, дінді дискриминациялаушылар көбейді. Бүкіл халықтарға ортақ адамгершілік қасиеттерді тек бір діннің артықшылығы деп қарау жақсылыққа апармайды. Жас балаға да ненің жақсы, ненің жаман екенін үйреткенде дінді алға тартпаймыз ғой, бұл да сол сияқты.
    Ал қаражорға биіне келер болсақ, жақында 80 дегі бір апамыз: «біз оны қыз кезімізде былай билеген едік» деп билеп бергенде – жастар ауыздарын ашып қалды.

  21. Қазақ Елі Тәуелсіздік алғаннан кейін діни бірлестіктермен жұмыс жүргізу тәжірибесі болмағандықтан бүгінгі жағдайға келіп отырмыз дейді. Солай делік. Шекарамызды туристерге де, басқаларына да, миссионерлерге де айқара аштық. Олар қызметтерін атқарды, атқарып та жатыр.
    Әдетте миссионер десек, көз алдымызға әуелі протестанттар, лютерандар мен кришнаиттер келеді. Ал Пәкістан, БАӘ, Мысырда, тіпті Ауғанстанда діни сауат ашқан жастарды, олардың елге қайтып миссионерлік қызмет атқарып жүргенін елемейміз. АҚШ-та оқыған студенттердің біразы пасторлар боп қайтады, Алманиядан қайтқандар лютерандық шіркеуге келеді. Несі бар, шетел асып, қайтып келгендер елге кәдесыйлармен қоса идеалогияларды да ала келеді.
    Осы жоғарыда атап өткендей, мұсылман елдерінде діни сауатын ашқандар шынымен де «діни сауатты» болып қайтады (ҚМДБ-ның арнайы жолдамасымен барғандардан басқа (бірақ олардың арасы да қатып тұрған жоқ)).
    Елге келген «діни сауаттылар» көрген білгендерін жастарға айтады (үлкендер мен қарияларға ол қызықсыз, одан да басқа маңызды шаруалары жетіп жатыр). Ал жастар соған сенеді. «Сауаттының» соңынан ереді. Оны көріп, бліп жүрміз.
    Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы, біздің жастар тым еліктегіш болып келеді. Біреулері рэп дейді, біреулері брэйк дейді, біреулері шолақ шалбар киіп, көселері сақал шығара алмай әлек. Үзіліссіз соғыстар мен қантөгістердің алаңына айналған Ауғанстан мен Пәкістанның ұлттық киімдеріне әуес, арабтың сөзіне әуес.
    Және айту керек, жастарды жалмаудағы интернеттің қызметі. Әр түрлі экстремистік, радикалдық, фундаменталдық бағыттардағы саясиланған діни құрылымдардың интернет ресурстары әркімнің-ақ қолдануына ашық.
    Осының барлығы да жастарымыздан айрылуға, олардың өзгелердің көгін көксеп, қазаққа мұрын шүйіріп қарайтындығына әкеліп отыр. Қыздарымыз арабқа тұрмысқа шыққысы келсе, жігіттеріміз араб бола алмай тыраштанып жүр.
    Қазақ деген ұғым, ұлттық сана, ұлттық мәдениет, ұлттық дәстүр, ұлттық…. Олар үшін ұлт жоқ. Ұлт болмаса ұлттық дегеннің бәрі маңызды емес.
    Осының бәріне кім кінәлі?

    • Жарайсың, Жомарт! МЫна комментің біраз түйткілдің басын түртіпті,, , Әсіресе, «Қазақ деген ұғым, ұлттық сана, ұлттық мәдениет, ұлттық дәстүр, ұлттық» дегенің ұнады, дін ортақ, бірақ оның салт дәстүрді өзіне икемдей қабысқаны одан да жақсы. Басқа мәзһабтағы біртүрлі ұстаздарынан тәлім алып келген «талантты шәкірттер» діни сауатымызды ашудың орнына, төмендетіп жібергендей болды. Кімнің кім екенін ажырату қарадан қоңырды айырудан да қиын болып кетті еме с пе?

    • Дұрыс емес! Неге екенін «Даттағы» Мәди деген автордың ойына келген сандырағымен бөстектеуінен оқып білесіз… Асқарбек ортақ ұстазымызды жақсы қорғап шықты!

  22. Сатекеннің менің блогымдағы соңғы қолтаңбасы-ау осы… Қастерлеп сақтап, сапфирлі шынының ішінде, қола қобдишаға салып қоямын.

  23. Асире диншилдер абден мазаны алды-ау! Оздеринин динди танып-билгендери кеше гана,сонымен коймай гасырлык мурага пикир танады…………..еще жокка шыгарып

  24. Менің мамам Қытайдан 1956 ж. келген, әкем де. Кішкентайымыздан Қытайдағы қазақтар туралы көп нәрселер айтты. Өзі өлең де айтады, шығарады, би де билейді. Кішкентай кезімізде бізді сахнаға шығарамын деп мазамызды алатын. Бірақ ешқашан қара жорға деген биді айтып көрген жоқ. Алғаш қара жорға қазақтың ұлттық биі деп теледидардан көрсеткенде, есімде «астапыралла, бұны бізге мектепте монғол биі деп үйрететін» дегені. Қытайда бәр туысы әлі тұрады, сол жердің интеллигенциясы. Қыдырып барғанда олардың бәрі тойшыл, бишіл екенін байқадық. «Екінші ұлттық» билері «Ай жарық» – «светит месяц», кәдімгі орыстың светит месяц, светит ясно деген өлеңі. Ұлттық дәстүрді сақтап, ибаланып тұрған ешкімді байқамадым (бұл жерде діннің қатысы жоқ) қытай қазағы араласып, бір-біріне көздерін қысып қалып биді сартылдатып жүр. Кімнің әйелі екенінде шаруалары жоқ.

  25. Қайтарма үнқосу: Kazahstan: Blogeri diskutovali o religiji · Global Voices

  26. Қайтарма үнқосу: Казахстан: Блогерите дискутираат за религијата · Global Voices

    • Құдай-ау, мына жазбамызды қай тілде талқылап жатыра, не орыс емес, не басқа емес, түсінетін біреу бар ма өзі?

  27. Иә осы блогтың оқырмандарына әрі блог иесінен кешірім сұраймын .
    Бірінші ашумен пікір жазғаным үшін әрі мұнда маған қатысты біраз сын пікір жазылғанын байқамаппын.Дер кезінде жауап бере алмадым.Кеше ғана көрдім.
    Сондықтан артық кетіп жатсам кешіріңдер. Мына төмендегі сілтемеде мен өз оймды ашық кеңеитіп жаздым !

    http://kaskir.wordpress.com/2011/02/10/%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b0-%d0%b6%d0%be%d1%80%d2%93%d0%b0-%d1%88%d0%b0%d2%a3%d1%8b%d0%bd%d0%b0-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b%d1%80%d0%b0%d0%b4%d1%8b/

    • Кешірім сұраудың қажеті жоқ, ағасы.. Бәріміз де көңіл-күйдің адамымыз))))))) Енді Көкбөрінің алаңында («қырқысыңыздар»))))))))

  28. ………менде ерінбей көз жүгіртіп шықтым. Тартыс шабысқа ұласа жаздапты….Қуырдақтың көкесін көрмей тоқтағандарыңызға тәубә!!!!!!!
    Айтарым бұл емес. «Қара Жорға» бұл әуел баста атаммен әжемнің биі болғанын ұмытпасаңыздар екен дейім…Деректерге сүйенер болсақ, (буын биі деп айтылып жүр) бұл биді билегендердің бәрі өз денсаулықтарының жақсаруына ұлес қоады екен. Демек, адамның барлық он екі мүшесі қоғалып, әдемі ырғақпен үндесіп тамаша әсерге түседі.
    Мен өзім осы биді алғаш естігенде, осыдан төрт жыл бұрын. Тек таңқалып қол шапалақтаумен болдым. Ауылға демалысқа барған болатынмын. Әке шешеммен еріп тойға барған едім.Той ортасында ағайын туыстарымның бәрі ортаға шығып билемесі бар емес пе. Таңқалғаным ағаларым, әпке жезделерімнің тіпті, аке шешемнің осы биді бала кездерінен білетіндігі…….Осыдан кейін қалай ғана осы биді ҚХР, Түркия, МХР және т.б шет мемлекеттерден келді дей аласыз.???
    Алға ағайындар «Қара Жорға» биі болашаққа жетелесін!!!!!!!!!

  29. Қайтарма үнқосу: カザフスタン:ブロガーが宗教を論じる · Global Voices 日本語

  30. Ағайындар, Қара жорға биі қазекемде баяғыдан болған екен.4-сыныптың шәкірті кезімде, 1947-жылы, ауылда екі қарт пен екі кәриянің атап тұрып билегенін көріп, өзіміз де билемек болып мәз болып жүретін болғанбыз. Кейін басқа ауылға көшіп, ол жақтан көре алмадым.Жалпы қай халықты алсақ та, бәрі де адам қалпында қуаныш, күйініш сезімдерді баста кешті. Меніңше, қуанған сәтінде бәрі де өзінше қимыл жасап, билеп кететін болған. Сезімсіз адам жоқ десек, онда би де, өлең де, күй де болмақ. «Қазақта би болмаған» деген сөз «қазақта сезім болмаған» дегенмен бірдей емес пе? Жақсы дүниенің тырнақтайын болса да, ол біздің халықта баяғыдан бар деп құптау қажет, оны айтысқа салмау керек және ешқайсысын тікелей дінге телімеу керек деп ойлаймын.

  31. Оу, менің пікірім «satabaldi» дегеннің пікірінің үстіне шығып кеткені қалай? Мен одан кейін жаздым ғой, жылына, айы-күніне қараңыздар. Әйтпесе sateke мені сыбап тұрған сияқты емес пе?

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s