Мен де мақтанайыншы…


Назарбаев универі. Асхат Еркімбайды күтіп отырған сәт.

Жұмыс күні. Или түні.. Жанарың монитормен, миың микрочиппен, жамбасың орындықпен… общым, бәрі «занят». Жүрек шіркіннің де қақпасынан қыл-қыбырын қырыққан аяқтың сыңары шығып жатады. Знәшіт, ол да «занят». Комптың көзі жылтырасымен, ақпараттық мәзірден асап-асап, жортқан спам, жүгірген хатты жұтқыншаққа салып көресің. Мәйл-агент.. Туиттер, Джимейл, Фэйсбук…

Күніге қайталанатын іс-қимыл реті жадтың логикалық, жоқ механикалық түріне жатады деуші еді… Дағдымнан бүгін де айнымадым. Дереу Абай кызыны аштым. «Алты қырдан айналдырып әкелгендегі» айтарым, Аршат бауырымыз (Ораз) «Айқын» газетіне (Жүсіп) сұхбат беріпті (http://abai.kz/content/arshat-orazov-it-mamany-kazak-interneti-entuziastardyn-kolynda). Сұхбатты алған да сырлас досым – Кәмшат (Тасболат). Сонымен, Аршат қазақ интернетінің құяңын сипалай, жетістігін саралай келіп, былай депті:

«Соңғы кездері жақсы танымал болып келе жатқан блогтар баршылық. Өз басым Өркен Кенжебектің блогын оқып тұруды ұсынар едім. Өркен журналист ретінде де, блоггер ретінде де жақсы танылып келеді. Асхат Еркімбайдың блогын жиі қараймын. Себебі сол жерден қазақ блогосферасының дамуын қадаға­лауға болады.»

Осы бір ауыз сөзге мәз болдым. Екі езуім құлағыма жетіп, Аршатқа да, Кәмшатқа да алғысымды жеткізіп, жаңалықты сіздермен бөлісуді жөн санадым. Титтей де болса берілген баға мерейіңді үстем етіп, көңіліңді көтереді екен. Бұны бір деңіз.

Енді «Времяның» веб-сайтын ашып қалсам,  Қанат көкемнің (Қабдрахманов) мақаласы көзіме шоқтай басылды (http://www.time.kz/index.php?newsid=18971). Білсеңіздер, бұл «Халық сөзі» газетіне шыққан «Ит аузына ағаш тығу» деген мақалама жауап, дұрысы түсінік ретінде басылыпты. Орыстілді ағамыз алдыңғы сұхбатында ойын тежеп қалды ма десек, бұл жолы да сол сарынға салыпты. «Цивилизацию создадут русскоязычные..» деген тақырыбынан-ақ түсінікті шығар.

«Опубликованное в нашей газете интервью с членом международного ПЕН-клуба, писателем Канатом КАБДРАХМАНОВЫМ (см. “Нацию сформируют русскоязычные…”, “Время” от 11.11.2010 г.) вызвало много противоречивых откликов. Не осталась в стороне и казахскоязычная пресса – одна из газет даже отметилась статьей под заголовком “Ит аузына ағаш тығу” (в буквальном переводе – заткнуть пасть собаке палкой).
После всего этого в редакцию обратился сам Кабдрахманов, чтобы прояснить свою позицию по вопросам, поднятым в интервью.»

«Халық сөзі» «Времямен» тайталасып жатса, жақсы нышан емес пе? Әйтеуір, бас редакторым бір жасап қалды… Оны көріп, мен мәз. Айтпақшы, «ит аузына ағаш тығу» деген жан досым Ерлан Әбдірұлының айтып жүретін тіркесі еді… «Не істеп жатырсың?» десем, «е жүрміз, ит аузына ағаш тығып» дейтін. Қазір де сол «қыңырлығы»Қабдрахмановты сынаған мақалаға тақырып іздегенде, осы тіркес ойымнан шырқ айналып шықпай қойды. Мұны екі деңіз. Үш деп кете берген бе 🙂 Мақтанымды күпірлікке санай көрмеңіз, аса мәртебелі ағайын! От души!


Advertisements

12 comments on “Мен де мақтанайыншы…

    • Не деп жауап жазарымды да білмеймін… Бірақ, «аса үлкен» алғысымды қабыл алыңыз, кәріс фильмдерінің сарапшысы

  1. Асқар, Димаш, Мейірбек, Қалдықыз, Ботакөз – барлықтарына жалпы сәлем әм жалпы рахмет! Сіздер – мені тіректерімсіңдер ғой…

  2. бұрындары сіздің блогыңызды бір шолып шығатынмын. Бүгін, міне барлық жазған-сызғандарыңызды түгел оқып отырмын. Әр қадамыңызға сәттілік тілеймін.

  3. РАхмет, енді тұрақты келіп тұрады деп сенейін, сіз үшін аптасына ең болмаса бір рет жаңартып тұруға тырысайын ))))))))

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s