Гай Юлий бізге «гость» болады…


Әйтпесе, Астанадағы биліктің иісі мұрнына баратын белсенділер алаөкпе болмас еді-ау. Жаңа жылды қарсы алуға деген алқын-жұлқын дайындығына қарағанда, біздің эрамызға дейін-ақ сүйегі фосфор мен калийге ыдырап кеткен Цезарьдың өзі қабырынан тұрып, шаңын қағып, қамзолын киіп, Елордаға келеді… Кекесін ғой. Естеріңізде болса, осы патшадан Жаңа жылды 1 қаңтарда тойлайық деген салт қалған. Сонымен, кеше «сұмдық» деп ауыз жабатындай жағдай болды.

Астана шәріндегі жаңажылдық шыршаны «жағу» салтанатына дайындық кезінде бүлдіршіндерді плазмалық экран басып қалыпты. Бұл уақиға Үкімет пен Парламент үйлерінің арасындағы алаңда, Ақ ордаға артын бере орналасқан үлкен шыршаның сахнасында орын алған. Жолшыбай куә болғандардың жеткізуінше, дайындық 11.00-лер шамасында басталыпты. Жұмысшылар орнатып жатқан құрамалы плазмалық экран сахнадағы балалардың үстіне құлаған. Сөйтіп, 12-13 жас аралығындағы үш қыз баланың миы шайқалып, жедел ауруханаға жатқызған көрінеді. Тіптен, қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов бүгін мешітте «бәле-жаласынан аулақ» деп, Құран оқытып та жіберіпті. Құдай-ау, кеше ғана сол шыршаның қасынан өтіп бара жатып, «бұл неткен асығыстық» деп таңданып қайтып едім. Блогыма жазайын деп тұрып, суреті болмаған соң, ойымнан бас тартқам. Сонда үш автокранмен шыршаның темір конструкциясына жасанды қылқан жапсырып әлек болып жатқан да, оның тура астындағы сахнада 14 бүлдіршін аяғын-аяғына соғып дірдектеп тұрған. Сахнадағы төрт кісінің бойындай экраннан мерекелік роликті айналдырып жатқан. Экраннан бұрын, әлгі шыршаның бір темірі түсіп, балалардың басына түсіп кетсе, қайтер екен дегендей жаман ой жылт етіп еді. Тегі, шыршаны толықтай құрап болған соң, дайындық жасаса да үлгерер еді ғой. Аттай қырық күн бар әлі. Айтпақшы, қара суықтан домбыққан бүлдіршіндерге «Дети, идите, погрейтесь в автобусе. Дед Мороз останься» деп еді, автобустарына қарай аяңдады. Аңдасам, ар жағында алпамсадай төрт автобус тізіліп тұр. Бәрінде бала-шаға толып отырғандай көрінді.

Осылай, Елорданың жұрт аяғы басылмайды-ау деген жерінде шыршалар тігіліп, гирляндалар тізіліп, қысқасы мейрамның екпіні аттылы кісіні ер-тұрманымен бірге жұлып алардай сезіліп тұр. Парламент Сенатының ғимаратына дейін қардың кристалдарымен безендіріліп, «С новым годом» деген сөздермен шұбарланды. Соған қарағанда, тошно Сезарь келеді-ау…

Advertisements

10 comments on “Гай Юлий бізге «гость» болады…

  1. Осылар жыл сайын Жаңа жылды тездетіп, әбден осы қазақтардың жынына тиеді ғой. 😦

    • Биыл жаңа жылдық шыршаның шамдарын жағу салтанаты жылдағыдан 3 күнге, қателессем 5 күнге ерте жақты!!! Рекорд!

  2. Жыл сайынгы жана жылдык жырымыз….али талай жазамыз…Айта айта Алтайды Жамал апам картайды дегеееееен осыыыыыыыыыыыыы!!!!

  3. Кәнешнә, жазамыз әлі талай, мына жаныққандардың ыстығын басқанша, Тәуелсіздік күнінің тұғырын биіктеткенше, ЖЖ-ны екінші планға ысырғанша… жаза береміз

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s