«Шұғыл-шұғыл»


Оралдан келген Ораз досымның қызық болсын деп айтқанын қайталағалы отырмын… «Білесің бе, Астанада шыққан шұғыл бұйрық, екі өкпесін қолына алып, бізге жеткенше «шұғыл-шұғыл» болып кетеді. Себебі, министрде, оның орынбасарында, канцеляриясында, тағы біреудің тартпасында жатып, общым, бір парақ қағазың бетіне әжім түсіп, шетіне шай төгіліп барып, әрең жетеді», – деген болатын.

«Оны да қойшы, бұйрық Батыс Қазақстанның территориясына енгенде, орындалып бітетін мерзімі де тақайды. Енді оны аудан-аудандағы басқармаларға жіберерде, құжаттың маңдайшасына қояр сөз таппай қиналамыз. Қазақтың тілі бай дегенмен, орындалу уақыты біткелі тұрған шұғыл бұйрыққа, «аса шұғыл», «өте шұғыл» деп түрлі тіркес ойлап табамыз. Аудандағылар құжатты қолына алғанда, күледі де қояды. Себебі, ол жұмысты бір күн бұрын бітіруі тиіс болатын..» «Ырқ» еткен күлкі ырықсыз атылды. Задорновтың заңдастырып алған сөзімен айтсақ,  бұл – «Электрондық үкіметі бола тұра, біздің елде ғана болатын дүние».

Ораздың сөзі жарқ-жұрқ жарнамасы күшті болған жобаның жаназасын шығарғандай болды. Расында, Үкіметтің өзі үлкен серпіліс жасауға құлшыныс танытпаса, ісіне жауапкершілікпен қарамаса, оған электрондық сыңары да, планшет те пәлендей көмектесе алмайды. Коммуникация мемлекеттік-бюрократиялық жүйенің келбетін ашқанымен, мінезін, қалпын өзгерте алмайды. Қашанда, «электрондық үкімет» – кабинеттегі нағыз Үкіметтің көлеңкесі ғана…

Advertisements

3 comments on “«Шұғыл-шұғыл»

  1. Қалайда замана көшінен, басқа дамыған елдерден қалмайық деген ұран болса керек. Ентелеп алға жүгіргенімізбен шала тірліктер көп.

  2. Игі бастама, бірақ біздің сүйегімізге дейін сіңіісті болып кеткен бюрократияның осылай итрәсуа қылатыны жаман да…

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s