«Ит аузына ағаш тығу»


«Сіздің һәм біздің бостандығымыз үшін» деп алып, қазақ десе ұртына қол салып тұрып, құсатын қырсық, қыңыр, кещелерді сөйлетуде «Время» алдына тірі жанды түсірмейді. Әрі-сәріден соң, бұл кәзит қазаққа жарым ауыз жақсы сөз айтпайтын «кіл мықтыны» іздеп-тауып, суретін басып, сөзін шығаруға серт бергендей… Сонымен, соңғы нөмірінде Қанат ҚАБДРАХМАНОВ дегеннен суыртпақтап, сұхбат алыпты.

Ол өзі халықаралық ПЕН-клубтың дардай мүшесі, табақтай жеті кітаптың, бір сайттың авторы екен… Анау-мынау жайлы көшелі сөз қозғай отырып, «Ұлтты қалыптастырудағы басты тапсырмаларды орыстілді қазақтар шешетін болады. Ал, нацпаттардың (ұлтшыл-патриоттар – ред.) көшбасшылық қабілеттеріне сенбеймін. Себебі, олар өз потенциалдарын көрсетсе, барлығы олардың идеялық жағынан жұтаң екенін көріп қояды», – деп төбемізден байқатпай «тоқ» еткізеді. Тағы да лингвистикалық жікке салып, «ала қойды бөле қырыққан» ағамыз қазақша тіл ұстартқан талай азаматты көзіне ілмейді. Айыртілді интеллектуалдарыңды майсыз қуырып алатын Е.Қарин, А.Сарым, Б.Әбдіғалиларды көзге ілмейді. Есесіне, «ұлтты орыстілді қазақтар қалыптастырады», – деп еседі. Демесін дей алмаймыз, бірақ осы сандырағына өзі сене ме екен? Орыстілді ағайыннан қазақтың көзіндегі мұңды көріп, жасын жеңімен сүртіп жүрген кім бар екен? Қазақ дегеннен қашып, «қоғам, республика» деген ұғымдармен жонглерлік жасайтын Д.Сәтпаевты айта ма екен? Әлде, өзін меңзеп тұр ма… Тегі болмаса, «қазақаралық араздықты туғызғаны үшін» деген жазылмаған бап бойынша, жазасын тартсын.

Айтпақшы, Қабдрахманов «Ауыл деп атауға болатын жерлерде сақталған мәдениет – архаикалық, псевдокөшпенді мәдениет», – деп білгішсиді. Бұл терминдердің астарында тұма мәдениетімізге деген жиіркеніш сезімі тулап жатқандай ма, қалай? Сонда бесігін тербетіп, қойын өргізіп, құртын сығып отырған қазақ енді Қабдрахмановтан қымсыну керек пе екен? «Архаикалық» деп атамасың деп, арқан іздесін бе ауылдағылар? Қызық-ей. Айтқан сөзі Қанат Баянұлы деген қазақтың жүрегінен емес, басқа жерінен қорытылып шыққандай әсер қалдырады.  Себебі, бір қазақтың ұлтына деген сезімі адал болмай, келесі қазаққа айтқаны арам болады. Қанат Қабдрахмановтың өзі айтқан сөздерінен өзі шатасып, әупірімде «қай қазаққа жататынын» айырудан қалған-ау…

Қазақпын десе, Қанат мырза «Ауылға барсам, кедей болмас ем. Жер бар. Просто ауылдағылар өздеріне жұмыс ойлап таба алмайды», – деп кергімей, барып қайтсын. Атабаев та ауылын сағынып жүр ғой… Жұтқыншағынан нан өткізсем деп жан таласқан ағайын оның «абсолют ақиқатын» тыңдар ма екен? Әлде «архаикалық мәдениеттің» иммунитеті оны терідей илер ме екен?

Advertisements

10 comments on “«Ит аузына ағаш тығу»

  1. Қазақ – қанша қырғыннан аман өтіп, қалыптасқан, жетілген ұлт. Орыс тілді қазақ ағамыз дүбәра, өткені мен ертеңі жоқ жандар жайлы айтып отырған болар.

  2. ауылға жіберу керек. сосын басынан өткен соң айтады ғой. өзім болып көрмесем де, теликте де, жай таныстарым да ауылдағы жағдайды айтқан болатын. Ужас дегеннен басқа сөз айта алмайсың! Алла сақтасын.!

  3. Мына Қабдрахманов деген де оттай береді. Кейде осындайларды ұстап алып, ит тепкісін шығарса ғой деп армандаймын. Баяғыда Тоқаш Бердияровтың атып тастау мәселесіне қатысты айтқаны бар дейді ғой. Меніңше дүбәралар қазақтың рухының оянып келе жатқанынан қауіптенетін сияқты. Ертең беделден, биліктен, ақшадан жұрдай боламыз деп қорқатын болар. Сондықтан, «қорыққан бұрын жұдырықтайды»

    • Дұрыс айтасың, әрине Қабдрахмановты қара тырнағына дейін қазаққа қас адам деп айтуға болмас. Оның ойлауы, сөйлеуі солай жаратылған, қалыптасқан, қайтеміз енді, Айдос Сарымның осы жайында сарап мақаласы біраз ой түюге қозғау болар, иншалла

  4. Осы казактын ауылында кара нан жеп оскендердин «тума крутойлар» уксап ангиме айтатындары шаршатты-ау озиииииии..Жаксы илипсиз Оркен агау!

  5. Өркенжан «дипломмен ауылға»деп келгендеріңде үмітінің үкісіне біте түсіп,тоқсан мың таусылғасын «сызып» кетті ғой.Ал әлгі Қабдырахмановыңа кәнкретні айтсам Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Сарыбұлақ ауылына келсін деші.Әуелі ақсақалдардың ортасына салып «архайично»ауыз ләмін келтіріп,сонан соң техникасын атдорбасы алдына түскен пенделер прихватизациялап алған,соры бетіне шыққан «бедлендке»апарып ал байышы көрейік десек өзіде әлгі дипломмен келген сорлылардың соңынан қоянның суретін салып кетеріне күмән жоқ.Атбечаю.(күйем-ау)

    • рас айтасыз, беттегі ұятты белге түйіп барғандары да сол бір жылдан артыққа шыдамай, «жайлы қоныс, жақсы өмір» іздеп кетті емес пе? Ал Қабдрахмановтың «еңбекпен түзеу колониясы» белгілі болса, сіздің атыңыздан повестка жібере салайын 🙂 Әуселесін көріңіздер)))))))))

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s