Жиіркеніш


Бұл – Батдоржийн Жаргалсайхан деген моңғол режиссерінің маңдайалды туындысы… Тура бір «тұяғы» жер иіскімей тұрған кинотанушыдай желіттім-ау. Ғафу өтінем. Өркеннің моңғол ағайында мэйнстрим барын бүгін ғана біліп тұрғанына беті-аузым ұялып тұр. Алдымен, «Сарыарқа» кинотеатрында «моңғол киносының күндері өтіп жатыр» деген ақпарат тараған. Агентпен. Бейсенбідегі сеансқа бара алмадық. Газет-толғақ. Әйтпесе, «Менің байғұс әкем» деген драма келген жұрттың көзінен кеселеп жас аққызыпты. Жұмадағы сеанс «Жиіркенішпен» басталды.

«Мерзость» деген атауынан аударған түрім. «Жаман емес». О бастағы осы «оценкам» жоғарылай келе, «өте жақсы» деген бағаны киноға беріп қайттым. Қалай айтсам екен, Найт Шьямаланның «Алтыншы сезімі» мен Гильермо дел Тороның «Фавна лабиринтінің» ортасындағы дүниедей әсер қалдырды. Дүбәра емес, дүниедей… Себебі, «Жиіркеніш» Батыс әлемінде көрерменін мойындатқан мистикалық триллерлердің мәуесіне майысып кетпей, өзіндік, моңғолдық бітімін айнымай тапқан. Фильмнің қысқаша сюжеті былай.

Базар деген бизнесмен болады. Сүйікті әйелі, сүйкімді ұлы, әдемі үйі бар. Ары-бері көлбеңдеп қоймаған көлемі трактордай, қара сүлік түстес «Линкольн Навигаторын» қалай ұмытамыз? Ол да бар… Общым, сол ағамыз үкіметтен тендер аламын деп түнге дейін еңбектенеді. Бір күн болса мейлі, бірнеше күн. Әрине, әйелі ренжиді, баласы күтеді дегендей. Енді, Базардың ертеден дос болып келе жатқан бір досы (тавтология – Ө.К.) бар. Аты – Болд. Оның да тендерде ойы бар. Содан ол Базарды клубқа шақырып, араққа тойдырып, қойнына қыз салады. Әлгі қызбен Базар «ісін» тындырған соң, кадрде бет-аузы көгерген, жасы 4-5 шамасындағы жас қыздың сұлбасы пайда болады. Түрінің мен жазбасам да, қорқынышты екенін елестете беріңіздер.

Саспенс осыдан сабақталып, енді осы елес Базардың үйіне ауысады. Оның түсіне кіріп, тынышын алады. Жалғыз баласын айналдырып, айнаның ішінен тіл қатады. Стрәшнә, стрәшнә. Залда жыртиып отырғандар жым болды. Базар ана елестен есі кетіп, күніге мас болып келетінді шығарды. Жұбайы қабағын шытады, баласы «қуа» бастады. Ал, әлгі досы алдап-сулап, Базардың құжаттарын алып, тендерге түсетін болды. Сөйтіп.. жағдай жапырайып бара жатқан соң, Базар бақсыға барды. Аузынан ақ көбік атқылап жатса да, бақсы байқұста обал жоқ, ақиқатын айтады. Бүй дейді: оу басында Базар ойнас қылған жезөкше қыздың қызы болған екен. Кесіп берген өмірінен ерте озған екен о дүниеге. Оған жетпей, не бұл фәниден кетпей, екі ортада арбалып тұр дейді. «Сол елес енді өзінді, отбасынды құртады. Сенің күнәң үшін кек алып жатыр», – дейді де, бақсы талып түседі. Базар жезөкшені табады. Жылап отырып, жезөкше шындығын жайып салады. Сөйтсе, күйеуі тастап кеткен соң, жеңіл жүріске салынып кетіпті. Сондай бір күнде бір клиенті бес жасар қызын да зорлап жібереді. Өлтіріп қояды. Базар қыздың анасымен бірге қаланың шетіне шығып, әлгі елестің елес болмай тұрған кезде ойнаған «Барбиін» жерге көмеді. Сонымен, қыздың әруағы тыныш табады.

Хэппи-енд: Анау әйел лас тірлігіне лағынет айтады. Базар келіп, әйелін, баласын құшақтайды. Қысқаша баяндаймын деп, созып жібердім-ау апамның лағманы сияқты. Кинода ең қатты ұнағаны – сазы болды. Кім болса да, келістіріп жазыпты композицияларын… Тыңдай бергің келеді. Ұнамағаны – ұқсату. Монтаж. Қажетсіз, керексіз кадрлер көп болды. Айталық, «Линкольн» джипті ары-бері, астынан-үстінен түсірген кімге керек болды екен? Ал, былай, фильм сәтті шыққан. Осындайда, біздің режиссерлер мұрын шүйіре қарайтын моңғол киносынан үйренеріміз мол деп мойындайсың. Одан кейін болған «Татарин» деген комедиясына үлгере алмадық. Бір рота ма, бір взвод па жауынгерлер кіріп кетіп, залда жарты адамдық орын қалмады.

Күйіктен шай ішіп, дем басып барып, «Мегамозгты» көрдік. Бұл жайында Қисық жазды ғой жапсарлап. Одан асып не жазайын? Ұнады. Тамаша мультфильм! Көгілдір түстес Мегамидің қылықтары қандай! Жалпы, бұл түстегі кейіпкерлерге деген сән «Аватардан» басталды-ау, шамасы. Бәрінен бұрын, ұнаған персонаж – Прислужник болды. Көрсеңіздер, осы балықтың мимикасынан көз ала алмай қаласыздар. Мультиктің күлетін тұстары да, мораль оқитын жерлері де жеткілікті.

Advertisements

7 comments on “Жиіркеніш

  1. Монғолдардың бұл фильмін көрген жоқпын. Бірақ, бейсенбі күні кешке өткенін тамашаладым. Әке туралысы емес, басқасы. Фильм салған беттен жалаңаш еркектің жүгіріп жүруінен басталады. Атын ұмыттым. Шамасы, бас кейіпкер алқаш болса керек. Ғайыптан тайып Гоби шөліне түсіп қалады. Онда бір әйел оны тауып алады. Сөйтіп, жалғасып кете береді. Монғол тілін тәуір білсем де фильмнің не айтқысы келгенін ұқпадым. Кейбір тұстары біздің «Келінге» ұқсайды. Әйтеу, соңында әлгі алқаш арақты аузына алмай кетеді. Басқа ештеңе жоқ. Әрине, махаббат, секс дегендер бар. Көргендер, Өркен айтқан фильм мен “Менің байғұс әкем” фильмі жақсы болыпты деп жүр. Шынымды айтсам, фильмдердің «құпиясын» «қақпайтын» адаммын

    • Амангелді, мына жазғаның әжепке жарады. «Халық сөзіне» жазған мақаламда осы көзбен көргеніңді қосып жібердім. Рахмет саған, Амангелді десен, ия 🙂

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s