Ат шабады – ер шаттанады


Осы аталы сөзді Қорқыт бабамыз айтты дейді. Қайдам, жылқыны 23 елде қасиетті жануар санағанымен, қазекемдей қастерлей алмайтын шығар ешбірі… Сірәзу «Бұл бала ғайыптан тайып,

 

нә ғып жылқыдан жай тарқата қалды?» десеңіз, айтарым: атқа міндік! Шаптық ары-бері. Араласатын бірнеше жігіт «ара-тұра атқа мініп тұрайықшы» дегенбіз ғой. Соның сәті сәрсенбіде түсті. Есімін ел жатқа білетін мәжіліс депутатының «мерейі» түсіп, бізді фазендасында мейман қалды. Астанадан соншалық алыс емес. Қарағанды бағытына қарай, шамасы 20 минөттей жол. Сайын даланың әр-әр жерінде ну жыныс. Арасында жөке, қайыңы бар. Қалғандарын танымадым. Общым, күн ұясына қонғалы, көкжиек қызыл бояуға малынғалы тұрғанда, төрт жігіт атқа қондық. Маған ең әдемісі тиді. Ойб-бой, осыдан үш жыл бұрын ба, соңғы рет тоқымға жамбасымыз тигені… Сондықтан, өзім үшін атты қансорпа қылмай, шаң шығарып шаппай, оң -солға бұрып, «парктроник, круиз-контрольдерін» тексеріп дегендей, тест-драйв жасадым.  Содан ғой, қазақылығым қозып отырғаны… Арасында кішкене шаптым енді. Шіркін, суық желдің сонда бетке ұрғаны, тәніннің шымырлап, тұла бойынды рух қылтанақтарының қытықылайтыны…

Солдан оңға қарай: Рахат, Данияр, Өркен

Әлгі депутат ағамыз айтпақшы, «атқа отырсаң, бұлшық етің ғана емес, рухың да бекиді». Қойын дәптерге астын қызылмен сызып тұрып жазатын сөз. Ғажап сөз. Ғажап әңгіме болды. Ауылды еске салатын ауыр самаурындардан шай сораптап отырып, шариғаттан бастап… шу, Лондондағы «Офис без одеждыға» дейін талқылап, мәселесін майшаммен қарадық. Шешкен мәселемізді шешім қылайық деп, шарттансақ, «фирменный бләнк, мөр, штамп» деген кәкір-шүкірден жұрдай екенбіз. Әзіл ғой, әрине. Ал, ағамыз да әңгімешіл, аузына қаратып қойды. Сонымен, сәрсенбіміз расында сәтті өтті.

Осы бағытқа қарай шапты ғой жігіттер

Қазақтың жерінде, елінде тұрып, өз мәдениетімізге туристің көзімен қарайтынымыз қашшаан. Тіл біледі демесең.. Тек. Осы ұғымның мәнін білсек те, күшін, дуын сезіне алмай жүргендейміз бе, қалай? Келер жолы сол маңнан қоян аулаймыз дедік. Тазы салып. Тамаша емес пе?

Ұшақ ұшып барады....

 

Әділбек пен Рахат

 

Advertisements

10 comments on “Ат шабады – ер шаттанады

  1. атты көрсем шашым тік тұрады. Қорқам.
    Бірақ алыстан қарасам сипағым кеп, ути пути қандай жануар, неткен сұлулық деп тамсанам. 🙂

  2. Эхх, Құлагер
    Эхх, Тұлпар сағатына екі мың теңге төлеп, ипподром ішінде шапқанымызға мәз болған күндер-ай 🙂

  3. Мұнда да сол баға екен. Астананың жанындағы «Балқарағайда» (СӘТ демалыс орталығы) сағатына 2000-3000 төлеп, атқа шабуға болады

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s