Аленді де аямады…


Әй, мына құрғыр сағат тілі «сұлулық эталоны» деген пендеңді де «тірі перғауынға» айналдыра салады. Соның бірі де бірегейі Ален Делон болатын. Кеше өткен ғасыр киносына өшпес ізін қалдырған актер жетпістің бесеуіне келген. Әйгілі француз актерін әлем жұрты, әсіресе әйелдер қауымы әздек қылды. Кезінде… Қазір де сый-құрметсіз қалған жоқ қой. Суретін қабырғаға ілді. Сол тақылеттес жігіттерді сабылып іздеді. Әй, істемегендері жоқ-ау.. Өз кезінің секс-символы атанған сұлу жігіттің  бағын Висконти, Годар, Антониони секілді режиссерлер ашты.

Жалпы, мен оны кумиріме санамасам да, актер ретінде сыйлаймын (босқа сөз шығындап қайтейін, әйтпесе). Өзгеше харизма бар өніңде. Сол аты аңызға айналған Ален бүгінде жалғыз. Талай хас арулармен «роман-повестері» болса да, Делонның қазіргі «делосы» – Швейцариядағы вилласында алпамсадай ит-«шеноктарды» еркелету ғана.

Баяғыдағы сұлулық эталонының қартайған түрін беріп отырғаным, тіл шығарып табалау емес. Бәріміз де қартаямыз, шөгеміз, еңкейеміз.. «Даже, Делон қартайды ғой дерміз», – сонда.. шіркін! Менікі Асхаттың «Кіммен бірінші қоштасамыз?» деген жазбасына ұқсаңқырамай тұрғанда, аттың басын кері тартайын. Тек, уақыттың қатігез екеніне жұдырығымды түйіп-түйіп қоямын да кейде. Бірақ, қолдан келер қайла бар ма? Алла тағаланың берген ғұмырын сауап жинаумен, игі іс жасаумен атқарсақ, несі жаман?

Ееееех, тек Ален Делон емес, тұтас идеологияның, бүтін империялардың түбіне де жеткен – уақыт кімді аяр дейсің? Тірі Ален тұрмақ, тас Ленинді де аямады. Басы-аяғын төртке бөліп тастады. Құдды улы жыланды қырыққа бөліп, күрекпен кескілеп тастаған сияқты…

Advertisements

6 comments on “Аленді де аямады…

  1. не деген әдемі болған! Оның «фан-фан тюльпан» фильмі керемет! Сонда осы бейнесі сақталған

  2. қартайған шағында да сымбаттығын жоғалпаған екен. Мысалы Де Ниро да сондай ғой. Қартайғаны қартайды, әжім басты, бірақ әлі те тартымды. Харизмасы өте жоғары актер.

      • Де Ниро да мықты ғой, әсіресе «Таксист» пен «Однаджы в Америке» ленталарында сомдаған рөлдері естен кетпейтін шығар ешқашан. Бірақ, кейінгі кездері болмайтын жеңіл, комедиялық рөлермен әуестеніп кеткені жаман-ақ. Әйтпесе, Де Ниро – аңыз ғой…

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s