Үш өлшемдегі үрей


Кеше бой жазып, фильм көрейінші деп «Хан шатырына» бардым. Барған уақытыма қарай, «Пила 3D» да пышағын қайрап, қанжарын сайлап, мені күтіп тұр екен… Дүние күйіп кетсе деп, ВИП-залдан орын алғанмын. Өзіме және «өзгеге»… Кім екені құпия түрде қалсын, сіздер де қолқа салмай-ақ қойыңыздар. Қысқасы, аңырайған үлкен залдың ортасында екеуден екеу отырдық. Оның үстіне әлгі ЗD – көзілдірікті алғаш киіп, үш өлшемдегі киномен жақынырақ танысқаным да жаңа. Общым, кино ұнады.

Ең қорқынышты, ең жауыз деген кинолардың бәрін бетім бүлк етпестен, сазарып-безеріп қараушы ем, кешегі «Пиланы» көтере алмадым.  Алғашқы «ловушкадан»-ақ, жүрегім көтеріліп, аузымнан шыға жаздады. Одан кейінгілері, ойб-бой, суреттеп жатуға сөзім жоқ. Бірінен-бірі өтеді. Бейшаралардың көзіне сүңгі тығып, тірідей отқа шыжғырады, терісін сыпырады, сүйегін сындырып, адамның қиялына келмейтін азаппен сазайын тартқызады. Сазайын тартызады дегенде, осы азап ойынынан өту арқылы, күнәсі бар адам өзінің әлсіздігін, әлдебір пендешілікке барғанына өкініп, опынады. Тән ауыртпалығына шыдаса, жаны байиды. Рухы биіктейді. Шыдамаса, адами шығын. Фильмнің моралы осында. Жалпы, «Пила 3D» – алғашқы лента шыққаннан бергі рет саны бойыншы жетіншісі әм ақырғысы. Осымен, осы ғасырдың ең танымал триллері атанған «Пиланың» тарихы бітеді.. Сондықтан, лажы болса, кинотеатрдан көруге үлгеріп қалыңыздар. Бірақ, бірінші рет көруге бара жатсаңыздар, алдыңғы алты «серияның» ең болмаса, біреуімен таныс болғаныңыз абзал.

Себебі, жетінші «Пила» барлық «сериялардың» өзегіндегі сюжетті ала отырып, жаңа элементтермен толыққан. Ал, үш өлшемділікте, тіптен үрейіңіз үш еселенетін сияқты… Қанша дегенмен, қан сорғалаған франшизаның финалында 11 «ловушка» бар ғой (бұрын-соңды болмаған меже). Жұлып алынған асқазан, шашырған қан тура бетіңізге тиетіндей.. басыңызды былай-былай бұғып отырасыз. Жалпы, арзан комедия, жыртың-жыртың боевиктен шаршаған киноқұмар қауым үшін рекомендейтінім әзірге осы.

Сәлеммен, Өркен, кешіріңіздер Конструктор

Advertisements

5 comments on “Үш өлшемдегі үрей

  1. Пиланың басындағы бөлімдері ұнаған-ды. Кейін әлде мен өзгріп кеттім, не «Пила» сұйылып кетті. Мыеаусында 11 «ловушка» дейсің бе? Көру керек екен онда…

    • Рас айтасың, соңғы кездері сұйылып кеткен, франшиза жай ғана ақша айналдырудың көзі болып кетті, бірақ финалы деп атауға татырлық тамаша трэш осы «жетіншісі болды деп ойлаймын…

  2. осы «Пиланы» көрем деп, Арман кинотеатырынан жүрегім ұстап шыққаны бар…(((

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s