Индуист болсаңыз, ит жейді… Сізді


Естеріңізде болса, блогымның есте жоқ ескі бір жазбасында жас нәрестелерді жейтін каннибалдардың суретін басқан едім. Ол жолы Қытай еді. Бұл жолы Үндістанның кезегі келіп қалыпты. Енді міне, Сіздерді тағы да сақтандырып отырмын. Жүрегіңіз әлсіз, я аузыңызды тамаққа толтырып алып, интернет қарайтын ғадетіңіз болса, бұл жазбаға жоламаған ғанибет. Ал, көрем десеңдер, не кедергі?

Бұл – Үндістанның Варанаси, болмаса Бенарес деп аталатын бір қаласы. Бізге жай бір қала ғой, әйтпесе мұсылмандар үшін Мекке қандай болса, индуистер үшін де бұл сондай қасиетті, киелі қала. Марк Твеннің «Варанаси – тарихтан да, дәстүріңнен де көнерек, тегі екеуің қосып алсаң да, бәрібір екі есе ескі көрінеді» деген сөзі бар екен. Ал, индуистер оны жер бетінде Құдайлар салған алғашқы қала деп әспеттейді. Құрысын, индуистердің нанымын илей бермей, мына көрініске қараңыздар. Қайта, сіздер түгілі, өзім жиіркеніп кеткен суреттерді салмадым. Варанасидің тұсынан әйгілі Ганг өзені ағады. Ал, өзін құрметтейтін әрбір индуист өлерінің алдында осы Ганг жағалауындағы мәрмәр тақталарға (гхат) апарып тастауын өтінеді. Себебі, сенім бойынша, осы жерден мүрдем кетсе, келесі өмірге өтпейді, Сансар дөңгелегінен шығып қалып, жаны мәңгілікке рахат табатын көрінеді. Өлгендерін тура өзеннің жанында өртейді. Жартылай күйген мәйітті қайда жібереді енді? Жерге көмбейді. Ортақ крематорий тағы жоқ. Амал который деп, дұғасын бір оқып, Гангтің суына қоя береді. Одан арғысын ит біліп пе? Тойыс, шынымен мына иттер біледі?

 

 

Advertisements

25 comments on “Индуист болсаңыз, ит жейді… Сізді

  1. Не деген жиіркенішті еді. Сен де әлсізденіп, «діншіл» пәлекеттердің қармағына түсіп қала көрме!

  2. Сен қоймаған суреттерді көрген едім…
    Негізі бәрі «быкусқа» байланысты ғой. Біреуге таң нәрсе, біреуге қалыпты дүние…

      • Ібәй, екі ортада, шалық тиіп, обалыңызға қалып жүрермін, Қалдықыз ханымым, Сіздің көз мұндайды көруге жаралмаған….))))

    • Көрсетпеген суреттерім тек осы өліктердің үлкн планмен көрсетілгендері ғана, қан-жыны, ішек-қарны дегендей.

  3. Мынаны біздің дауылбай қарт көрсе қуанып, бас сүйегін теріп алушы еді. Сосын бас сүйекті құшақтап жай барақат автобусқа кіруші еді. Оны дереу ұстап алады. Бөлімшеге барып, бұл кімнің бас сүйегі десе, ойланбастан менің басым деуші еді. Қайдан алдың десе, сеспей тұрып сәл ашуланып айттым ғой сендерге менің басым мынау! Қайдан алғанымды айтпаймын. Коммерциялық құпия деуші еді.

  4. Өлген соң бәрібір емес пе? Етіңді көшедегі ит жейді ме, әлде жер астындағы құрт жейді ме, какая разница?
    -деп сендерге жуап қайырар еді, егер осы жазба мен сендердің каменттеріңді қазақша (және орысша) білетін индуист оқып отырса.

    • Біздегі пайғамбары, кітабы жоқ, басына суырдың майын жағып, сасып-бықсып жүргенді қалайтын тәңіршіл-тотемшіл ағайын осы суреттерден тағлым алса дейміз… Блог редакциясынан 🙂

  5. үнділерді нас, салақ халық деп айтады. суреттегі көріністердің орын алуына үнділердің осы қасиеттері себепші болып отыр деп ойлаймын. әйтпесе жапон, қытай, корейлер де, шатаспасам, өлген адамның денесін жерлемейді.
    жапония қалаларының көшелерінде де осылай өліктер шашылып жатады деп ойламаймын.
    үнділер салақ.
    екіншіден оларда бомждар өте көп. суреттегі қалдықтар сол бомждардың қалдықтары болуы керек

  6. Құдай сақтасын, мұндайды көрмек түгілі естімеген едім. Негізі олар күлін ағызып жіберетін еді ғой. Жергілікті халықтан сұрап білуге дәтім бармай жүрген еді, енді точно сұрамасам.
    Кен, рас айтасың салақ халық, бір жағынан тазалық тәрбиесі жоқтығынан ғой дим, екінші жағынан оның филосифиясы құдайларының мейрамы болғанда тазалауға повод болсын дегендері шығар деп ойлаймын, әйтпесе тазалайтын ештеңелері болмай қалып, құдайларынан ұятқа қалып жүрер 🙂 (цинично, кешірім сұраймын)

    • Қазақ блоггерлері қауымдастығының Үндістандағы төтенше және өкілетті елшісі Бальзаминкадан осы мәселенің анық-қанығын біліп беруді сұраймыз деген бе 🙂

  7. Мына иттердің сілекейі жұбырып кетіпті ғой. Бұл иттер ертеңгі күні тірі адамға шаппасына кім кепіл. Жалпы адамның еті тәтті болады дейді ғой дәмін татып көргендер… )))
    Сібір жақта аю адамға шапты деген хабар естігенде бүкіл губерния болып қолына мылтық алып, аюға аңға шығады екен. Оны өлтірмей тынбайды дейді. Себебі, ол аю бір дәндеген соң, құныға түседі екен. Адам етін жеген аю: «осыған дейін бал еп ақымақ боппын ғой» дейді екен. Сондықтан да оны өлтірмесе, ол балды десертке (адам еті) алмастырады дейді…

  8. Сұрап білдім, мұсылман индустарды есептеменгенде хинду индустар жерлейді екен де синкхтар өртеп жібереді екен. Былай ешкім қалдырмайды дейді

    • Бірақ, осындай казустар орын алатын болып тұр ғой суреттерге қарағанда. Әй, құрысын, бәлесі аулақ! Алас, алас!

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s