Шаршама, Шах!


Бүгін білсеңіздер, Болливуд жұлдызы Шахрух Ханның бұ дүниеге келген күні. Бұйыртса, 45 деген жастың төресін бүк түсірмекші. «Ии, сонымен не айтпақшысың?», – деп, интерес қуалап отырған игі жақсыға айтарым, бұл датаны елемей, ескермей кете алмадым.

Себебі, ол (Шахрухты айтам) – мен үшін һәм басқа да миллиондаған адамдар үшін жай ғана жұмырбас емес, кумир, экрандағы бейнесімен де, өмірдегі ісімен де өнеге. «Жалпы, актер қауымынан бірінші орынға кімді қояр едің», – десе, Шахрухты айтарым шын. Одан кейінгілері, яки Лео Каприо, Әмір Хан, Том Хэнкстер басқа орындарды таласпай, төбелеспей ала берсін дер едім… Айтпақшы, кеше Айш арудың да туған күні болған. Бұрын үнді актрисаларының арасында бірінші орынға Мадхури Дикситті қоюшы едім, қазір оны Айшқа босатып бердім. Неге екенін келесі нөмірден оқырсыздар. Общым, осы жазбаны жазудағы мақсатым – Шахрухты шын жүректен құттықтау еді… Енді, есіл сөзді қор қылғанша, мына открыткамен құтыла салайын деп отырмын. Орыс фанаттарының сыйы екен. Ұлықсатсыз, ұят деп жатпай, іліп қойдым. Енді қайтемін, Шах туған күнін жылдағыдай Мумбайдың Маннатында емес (сарай-үйі), Берлинде атап жатқан көрінеді. Естеріңізге сала кетсем, бұл жігіт Фархан Ахтардың «ДОН-2» фильміне түсіп жатыр. Дәл қазір дүрілдетіп тұрып, неміс фанаттарымен әпшение жасап, әңгіме-дүкен жасап отырса керек. Продюсері Ритеш Сидвани солай деп соғыпты. Барып, құттықтай салатындай жер емес. Соткасын білмедім. Тек твиттерден «әу» деп бар ағылшыныммен бірнәрсе жазармын.

Айтайын дегенім осы етін, ағайын. Сонымен, туған күн құтты болсын, Шах! Шаршама! Тың образдарыңмен, жаңа фильмдерінмен сүйсіндіре бер!

Advertisements

15 comments on “Шаршама, Шах!

    • О-о, оның «Ом Шанти Омын», «Наступит завтра или нет», «Бадшах», «Девдас», «Жизнь под страхомын» айтсай… Шыны керек, маған оның комедиялық рөлдері қатты ұнайды.

      • Ойбуййй, онысы бар екен-ау, 1995 жылдың ғана емес, Болливудтың бар тарихындағы ең мықты фильмні бірі ғой. Шакрух пен Каджол енді сұмдық ойнаған, бар өнерін салған. Джатин мен Лалиттің де саздары ерекше, Адитья Чопраның режиссурасындағы алғашқы дебюті… очм, барлығы тамаша

    • Джеки Чанды мен де қатты сыйлаймын, кумирлерімнің бірі десе де болады. Бірақ, оның баяғы фильмдері тамаша болды да, кейінгі кездері қимылды азайтып, драмалық образға кірігуі онша сәтті шықпай жүр. «Инцидиент в Синдзюкуда», мысалы соншалық сендіре алмады өзіне. «Шпион по соседствудегі» гонорарың да текке алғандай көрінді. Жыртыңбай тірлік болды да қалды.»Миф» сияқты тамаша фильмдерің көбейту керек қой

  1. hehehehe. menin de bir gruppalasym Shakruhty keremet jaksy koretin. bolmege ulkeeeeeeeen suretin de ilip koidy. menin asa unata bermeitinimdi korip yza bolatyn. osynday adammen bir kunde tuyp, kalai jaksy kormeysin dep. Shakruhpen katty auyratyny sonsha, shirkin senin tugan kunindi magan bergende goi deitin. 2-karasha kelgende menin tugan kunim kelgenine emes, Shakruhtyn tugan kunine kuanushy edi jazgan. kazir esime tusse kulkim keledi.

    • Сөздің расы, былтырға дейін үнді киносына қызыққаныммен, соншалық «ауырмайтын» едім. Былтыр көктемде Фара Ханның «Ом Шанти Омын» көрген соң, ұзыннан құладым ғой Шахтың шеберлігіне. Содан бері бар киносын көріп, жинап келемін…

  2. Маған өте ұнайтын актерлар қатарынан дер едім. Бұрындары бір караваннан сұхбатын оқып одан ары сыйлай бастағам. Негізінен актерлығы тамаша. Беріліп ойнайды…

    • «Актер от Бога» деуші ме еді, мұнымен бір қатарға, бірақ сәл бір саты төмен қылып Аамир Ханды қояр едім, тоже тамаша актер, «Гаджини», «Цвет шафрана», «Три идиота» секілді соңғы киноларын көріп шықсаңыз, осы сөзіме сенер едіңіздер.

  3. Откенде Индия тв арнасынан еки сухбатын катар корсетти. Жакындарынан айырылган екен. Озин бакытты да бакытсыз санайтын Шахрух сондыктан шыгар копшиликке жаксы конил куй сыйлап жургени. Аман журсин!!!

  4. Shakrukhty jaksy koretinim sondai, bor adamnyn kyzganywyn tudyrgan edim 😀 kulkili arine, birak rasynda jaksyyyy korem. eger filmde Shakrukh bolsa, onda ol film keremet bolady degen soz. Aishvariya Raidy da, Shri Devidi de, Kapoor apaly sinlilerin de jaksy korem. 🙂

    • Иә, мен де оны ерекше құрмет тұтамын, өнерін сыйлаймын, ол түскен әрбір киноны көруге тырысамын. Шакрухтай актер аз ғой, таланты мен кәсібилігі келіскен азамат, аман болсыншы! Алдағы жылы Құдай қаласа, «Random Access-1» деген комикс-картинасы мен «Don-2» боевигі қатар шығады. Асыға күтеміз. Ал енді Айш туралы әңгіме қозғаудың өзі артық. Ерекшеееее жақсы көремін, онымен қоса Мадхуриді де, Джухи, Сонам Капур, Дипика Падуконе, Приянка, Бипаша Басу, Видья Балан, Табу, Маниша Койрала, Прити Зинта, Рани Мукхерджи, Каджол, … ой тізе берсе, көп всех люблю

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s