«Құлақтан кіріп, жүректен ұрады»


Жұмыста сүлдемді көтеріп, сұлқ жүргеніме 3-4 күннің жүзі болды. «Мынаны жазамын, пәлеңді соямын». Ауызға обал жоқ, осы тақылеттесті айтады да, азабын көретіні бас пен қол… Қазанның  отызында да қыртып отырып, «Хэллоуиндеринмен…» деген сөзді Майл-агентімнің микроблогына жаза салғам. Бүгін жұмысқа келсем, Abai.kz сайтында жарияланған Алдан Смайылдан алынған сұхбаттың астындағы комментарийлерде аты-жөнім айқайлап тұр (http://abai.kz/node/5378).

Дұрысы, бір ағамыз «Өркен Кенжебек деген ініміз блогына «хеллоуиндеріңмен» деп іліп қойыпты. Бұл менің біліуімше 25-30 дағы жігіт. Міне осыдан кейін, Алдан мырза, жас толқынға ҰЛТТЫҚ НАМЫСТЫ үйретер кім бар деген сұрақ қойғым келеді.», – депті. Оның ойын іліп алған тағы бір «комментатор» «Өркен солай жазса жетіскен екенбіз…» дейді. Қысқасы, сол жерде жата қалып, жауап жазуды жөн көрдім. Баяғының эпостарындағыдай мен бүй дедім: «…Бұл менің осы ағылшын-саксондық мәдениеттің көрінісіне мәз болған, мейрамдық көңіл-күйімді жеткізбесе керек. Дәлірегі, кекесін еді.. Жын-шайтан түні деп жастарымыз жырым-жырым киім киіп, бетін қанға бояп, құтырынып жатқанда, бұл сөзіміздің қайсысы оларға дарып жатыр? Дарымайды. Сөз емес, кешенді іс керек еді. 14 ақпан – Махаббат күні дегенді де тоқтата алмадық. Оған Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні деп, қазақы аналогын көктемде жасағандай болдық. Оны тойламақ түгілі, сәуірдің қай күні екенін бірді-екілі адамдар болмаса, ешкім білмейді».

Cол күні расында, Астана жастары Хэллоуинді қалай тойлайды екен деген қызықтаушылықпен «Керуен» ойын-сауық орталығында болып қайтқанбыз. Түнгі сағат 12-ге тақау қалғанда, бұл маңды қорқынышты кинолардағы бүкіл кейіпкерлер – зомбилер, қанішерлер, сайтандар, жындар, аруақтар қаптап кетті. Әрине, өздері емес, сол кейіпке енген өзіміздің қыз-жігіттер. Астындағы паркингте дискотекасы болды. Кірер есіктегі күзетте, бет-аузын қып-қызылға бояған «жындар» тұр. Өлген адамның мүрдесіне (қуыршақ) аяғым шалынып кете жаздады. Айналасын бормен сызып қойыпты. Одан әрі де әуселесін көрейік деп тұрғанбыз… музыкаға шыдамадық. «Құлақтан кіріп, жүректен ұрады». Алысырақ тұрса да, екпінді музыканың ырғағына сай зор басс тура жүректен тебеді, теуіп-теуіп шығарып жіберетін сияқты. 15 минут әрең шыдадық та, табан жалтыраттық. «Қу сүйектер» (скелет) эскалатормен түсіп келеді. Қолдарында сыра… Өмірлеріне мәз.

Соңғы күндердегі қызығым осы болды. Бірақ, Қисық жазғандай, біртүрлі күйімді бұл да емдей алмады… Әйтеуір, ештеңеге ықылас жоқ.

Advertisements

12 comments on “«Құлақтан кіріп, жүректен ұрады»

  1. Маған жыныма тиетін, болмашы бір сөзіңді көріп қалып адамдар, ұрыса жөнеледі. Солар ғаламторда отырып алып елді түзегенге мастер, неге өзін, өзінің жақынын түземеске. Ғаламторға ұрыс естуге келдім ба деп қаласың кейде. Хелоуинда тұрған не бар, жеке өзім тойлаған емеспін, просты соны тойласа ұлтың өзгеріп кететіндей. Басқа бас ауыртатын нәрселер көп, бірәқ біздің бәдік ұрысқақтар тек сенің қаныңды ішкеннен басқаға рухы жетпейді!!! Сұмдық болса, үлгі боларлықтай ерлік жаса дер едім сол білгішбек, өтірік намысқой, сасық көкірек, қуыс кеуделерге! (қатты кетсем кешіріңіз, микроблогтағы жазуды ұзақ талқыға салып кететін мыжымаларды ұнатпаймын)

    • Толық келісемін, Қалдықыз. Сәд бірдеңе бола қалса, бас салып, шуылдата жөнеледі.
      Пы.Сы. Бір-бірінің көтенін шұқуға келгенде қазақтан шебер халық жоқ сияқты. Мысалы, қазір мен де біреудің көтенін шұқып отырмын)))

      • Ай, қатырасың, Димаш, көтен шұқыған қоғамбыз дейсің ғой 🙂 Осы сорлылықтан ең болмаса, біздің буын аман болса екен, ең болмаса

    • Иә, Мэйлдің «Мой мирында» шамамен, 800-дей «досым» бар екен. Дос дегенді тырнақшаға алып жазатын болдым, байқаған боларсыздар….

  2. Алматының бір ресторанында тіпті бұл мейрамды түгел отбасы болып тойлап жатты. Асаба (әрине орысша айтты): «бұл мейрам Қазақстанда, дәлірек айтқанда Шымкентте тойлап басталған» деп әзілдеген болды.

    • Иә, Әулие Валентин күні деп күрілдетіп тойлап жатырмыз ғой, бұл да сондай бір мейрам болып қалыптасар, біздің мәдени қорғанысымыздың осал екенін мойындау керек қой, шыңғырғанда не шырқ табамыз?

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s