Сұранып тұрған сын


Айдос ағам (Сарым) «қазақ вувузеласы» деп атап жүрген әм Шахановқа «ӘБСЕ», басқасына «ОБСЕ» болатын ұйым  туралы ақпарат іздедім. Қай күні екені қызықсыз болар… Интернеттің иіріміне бойлайын деп, сағатты шешіп, көзілдірікті киіп жатқаным сол, сумаң етіп, мына сайт шыға келді.

Айналып, ары не бері өтіп кетейін десем, «іздегенің осында» деп басын ілбитіп тұр. Сонымен,бұл еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне байланысты ашылған ресми сайттың рең-басы.

 

«Қазақстанға байланысты қызықты мағлұматтар» деп, қызықтырып бір айдар тұр екен… Ширмасын ашып қалсақ, өзі өлмелі төрт сөйлемнің төртеуінде де қате өріп жүр. О бастан орфографиялық қатені елемеді дейік, ал мынауында сөздің мағыналары бел ортадан майысып кеткен. «Медео катогымыз дүниеде ең жотадай, ал Көк-Төбе теңіз дәрежеден ең жоғары» болып шыға келген. Қайта, сайттың орысша нұсқасындағыдай, төрт «қызықтың» түп-тамырын таратпағаны қандай жақсы болған деп қуанғанымыз-ай. «Қазақстанның сыртқы саясаты» деген тарауды аштық. Елбасы Н.Назарбаевтың БҰҰ-ның бір жиынында сөйлеп тұрған суреті қойылыпты. Жақсы деп жұтынып қойдық. Ар жағы айтақыр. Бұнысы енді жарамады. Ең болмаса, сол суреттің астына «комментарийсіз» деп тілдей сөз жазып қойса да, түсінер едік. Іздеу ілмектерінің өзі «Ресми млімдемелер», «Мдениет» деп тұрған сайттан қан қысымымыз көтерілмей тұрып, кетіп қалуға асықтық. Сонда, бұл сайттарды қазақ деген тілді меңгерген адам ашады, оқиды деген ой ешкімге келмеген бе? Жұрт оқымайды деп ойына келгенін жасаса, онда сайт ашып, не керегі бар?

Ал, бұл басқа-басқа емес, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болғалы басына туған бақыт «ореолы» – ЕҚЫҰ туралы ең-ең көп ақпарат сайт емес пе еді, сорлағанда? Оқыған бізге де ұят, осындай немкеттілікке барған Сыртқы істер министрлігіндегі азаматтарға екі есе ұят болды. Аталмыш министрліктің баспасөз қызметіне хабарласып, осы сайтты әзірлеуге кеткен қаржыны білуге әлектендік. Телефонды тергілегенімізбен, министрліктегілердің мазасын ала алмадық. СІМ-нің ресми өкілі Асқар Абдрахманов брифингтен босамады.

Әй, сайт жасауға кеткен сомадан 5 мың теңгені жырып алып, бар мәтінді қазақша қаріп танитын біреуге тексертіп алса, қайтер еді деймін ғой? Осы да қиын болып па? Әй, қойшы…

Advertisements

9 comments on “Сұранып тұрған сын

  1. Өркен, мұндай жайттар қазір жаңалық емес болып қалды ғой… Бірақ амал жоқ, айтпасаң сұралатыныңды білесің. Сондықтан үндемей ойбайлаймыз 🙂

    Студенттеріме бас-басына бір-бір министрдің блогына анализ жасауды тапсырғанмын. Бір апталық сараптамаларынан соң өздері де түңіліп кетті. Екінші аптасының қорытындысын енді шығармақпыз. Сорақылықтың көкесі жетіп артылады. Былай қарағанда бәріміз де бұл шындықты білеміз ғой. Тек сол биліктің дымбілмесін айта берген сайын, өзің де жаман болып кетеді екенсің. Сосын кішкентай бір жетістігін көрсек болды: «ана бір шенеунік қазақша үйреніп алыпты, мынау үйренгелі жүр» деп атойлап қуанатын, оларға жанашырлықпен қарайтын халге жеттік.

    Меніңше, OSCE – тілдің емес, имидждің ісі. Ұлттық емес, мемлекеттік имидждің. Сондықтан амал жоқ, кедір-бұдыр ЕҚҰЫ-дан гөрі қазақша иісі шықсын деп ӘБСЕ-деп еркелетеміз…

    • ӘБСЕ деп еркелеткен әлемдік саммиттің сайты бұйыртса, жөнделіп қалыпты. Мұрагер Сауранбаев деген иманжүзді, күйші әм өте жақсы досым сол Сыртқы істер министрлігіне қызметке тұрған, осы сайтты қазақыландыруды қатаң тапсырыпты. «Қосымша жұмыс тауып бердің» деп әзілдеп қояды. Анда-санда ойбайлаудың да пайдасы тиіп жатады осылай. 🙂

  2. Мемлекет басшыларының саясатына қарным ашады.Әркім өз басының қамын күйттейді ғой айналып келгенде

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s