Сауатсыздық па, сайқымазақ па?


«Қазақ өз мемлекетін басқара алмайтын, орыссыз, басқа да диаспораларсыз күні қараң, сіңірі шыққан көтерем ұлт» деген пікір қалыптастыру – кімнің қиялынан туған арман десейші? Өзіміз де жүрген бір ынжықпыз-ей… подьезіңізде орыс кемпір тұратын болса, мысықша дыбыссыз басатынымыз бар емес пе? Көңілге қарап-қарап тапқанымыз осы ма? Сол өлмелі мәнжубас кемпір құрлы жоқпыз – өз құқымызды қорғай алмаймыз, намысымыз етіміз сияқты өліп біткен. Жақында «Экотуризмнің ақпараттық-ресурстық орталығының» шетелдік туристерге арнап шығарған қаттама қағазы қолға түсті.

Ондағы мәліметтерге сенсек, республикадағы қазақтардың үлес салмағы 45 пайыз екен. Ал, керек болса! Ойбай-ау, кеше ғана жалпыұлттық санақтан кейін қазақтардың саны 63 пайыз болды деп ресми жарияланған жоқ па еді? Және бұл буклеттегі шатпаққа иланғандар Қазақстанның елордасы 1996 жылдан бері Астана деген жалған ақпаратқа сеніп жүре бермек. Қазақстандағы түсінісу тілі орыс тілі екен, көп дінді мемлекет екенбіз. Шетелдік меймандарға теріс мәлімет беру кімге, не үшін керек болды екен?

 

Экотуризмнің орталығына қоңырау шалдық. «Төрт жыл бұрынғы ескі буклет» дейді бір орыстілді… Бәріне кінәлі типографиядағылар екен ғой – дайындап берген буклетті төрт жылдан кейін бір-ақ таралымға шығарған.

 

Ерлан ӘБДІРҰЛЫ, арнайы «Өркенегро» блогы үшін десең, ия 🙂

Advertisements

6 comments on “Сауатсыздық па, сайқымазақ па?

  1. тезірек 70 пайызға жетіп, моноұлтты елге айналуымыз керек. бәрінің аузына құм құйылсын!

  2. Халықтың тамырың әртүрлі жағдайлармен басып көру біреулердің әдетіне айналып барады. Былтырғы доктрина дауы, Қытайға жер беріледі екен деп біраз әбігерге түсірген оқиғалар осыған дәлел. Ал, мына қателік те(меніңше, әдейі жіберілген) сол істердің жалғасы. Ол не үшін керек? Қалауынша, ыңғайлы етіп халықты бірқалыпқа құю.

    • Кейде осы тау халықтарындай кекшіл, шамшыл болған дұрыс па деп қалам… Қылт етсе, басын шауып алатын. Құрысын, мына сөзім сепаратистік деп септеліп кетер. Қайтып алдым.

  3. Қоғамда ашындыратын жай көп
    Ешкім ашық жаза алмайды.Жаза қалса, оның артынан жүз күн жырланатын дау туады.Тусын делік, бірақ нәтиже нөлге тең

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s