Махаббат мәселесі. Кеңес керек!


Досым бар. Дүниетанымы, дене бітімі маған келеді. Қайбір күні «сыра ішейікші» дейді. «Сіміре алмаймын» дедім. «Сырымды айтайыншы» деді. «Тыңдайын» дедім. Общым, айтқаны былай: студент қызды жақсы көреді, сүйеді екен. Негізі, екеуі де бір ауылдан шыққан, бір мектепті оқып-тауысқан. Бір айырмасы енді, жігіт қыздан алты жас үлкен… Содан соң  да, жігіт әлгі қызға қайдан қарасын? Кішкентай ғой. Кейін екеуі біраз жылды араға салып барып, басқа қалада кездесіп қалады. О кезде жігіт жұмыс істейді, ал қыздың университетке түскен кезі. Баяғы кішкентай қыз.. толысқан, тәнінен жұпар аңқыған, балауса сұлу аруға айналыпты.

Жігіт бірден ғашық болады. Осы екі арада сағат, күн, ай өтеді. Жігіт оқталып, қызға сөз салады. Сөйтсе… қызымыздың бір жылдан бері сөйлесіп жүрген жігіті бар екен. Былай сипаттауынша, қыз оны соншалықты өліп-өшіп жақсы да көрмейтін сияқты. Кезінде сөз салған, бұл алған дегендей. Ата-анасымен таныстыру деген инициацияларға жетпепті. «Мен сізді жақсы танимын. Сыйлаймын. Бірақ, онымен де, сізбен де жүрсем, қалай болғаны? Мен бұлай істей алмаймын», қысқасы арымнан аттай алмаймын дегендей әңгіме айтады қыз. Жігіт те бірнәрсе деп былжыраған болуы керек енді. «Сүйем, мені таңда» деп, шамасы.

Соңында, «Солай екен деп сенен үмітімді үзбеймін, қалайда сені қаратамын» деп кетіп қалыпты досым. Өз-өзіне серт берген түрі ме, әлде қызға пәлсінген түрі ме, әйтеуір сөйтіп айттым деді.

Әңгімесі осылай. Мәселесі маңағы: Қыздың жігіті бар. Енді соның (қыздың – авт.) бетін қалай қаратсам, қандай амал, қандай қулыққа барсам? Осыны айтқанда, досымның жанарына дөңгеленіп жас келіп, не бері шықпай, не ары кетпей, тұрып қалды. «Көмектес» дейді. Бірақ, қалай? Басымнан мұндай жағдай өтпепті. Мүмкін, сіз осы тұста бір тегін кеңес бере кетерсіз? Алып қашуды атамайық… Егер сіздің басыңызды осындай жағдай орнаса, НЕ ІСТЕР ЕДІҢІЗ?

Advertisements

63 comments on “Махаббат мәселесі. Кеңес керек!

  1. «қыз оны соншалықты өліп-өшіп жақсы да көрмейтін сияқты…..» деген сөздерді қайталап оқып…расында да солай сияқты деген ойда қалдым. Егер сол жігітін бойжеткен ару шын мәнінде жан жүрегімен сүйсе, «Мен сізді жақсы танимын. Сыйлаймын. Бірақ, онымен де, сізбен де жүрсем, қалай болғаны? Мен бұлай істей алмаймын» деген сөзді басқаша, яғни «жігітім бар, мен оны жан дүниеммен сүйемін, басымды қатырма» деп,немесе басқаша,әйтеуір осындай мағынада айтуы керек еді. Өйткені, сүйген адам бұл жалғанда басқа адамдарды /жігітті/ көре алмайды,тек көз алдында сол сүйгенінің бейнесі ғана тұрады ғой. Мына жерде, сәл басқаша сияқты… өз жігітімен,амалсыздан жүріп жүрген қыздың сиқын көрсеткен…меніңше, әлгі досыңның ол қыздың жүрегін жаулау үшін аз да болса,шансы бар сияқты. Жалпы,қыз балалар романтикаға жақын келеді,егер досың шын сүйсе, өз махаббаты үшін күрессін, қарапайым мысалдар: жиі хабарласып тұра, қыздың жүрегін селт еткізерлік іс-әрекеттер ойлап тапса /гүл сыйлау,әсерлі киноға шақыру, немесе әсерлі смстер жазу т.б./ деген сияқты,кездесуге шақырып тұрса, қыздың бауыр басып қалуы да,жүре келе ғашық болуы да әбден мүмкін…кім білсін енді, кімнің жүрегіне кім үңіліп көріпті…біздікі әйтеуір,ой қосу ғой

    • Солай деп үміттендіріп қойғанымен, сарсылтып бітті-ау. Смс жазса, жауап жоқ. Ызбандаса, телеупонын көтермейді. Сонымен, сүйем-күйем деген досымның да көңілі суи бастапты. Ол да дұрыс шығар.. Қашанға дейін артынан жүгіреді енді?

  2. Махаббат емес, машақатты сезімнің жетегінде жүрген секілді досыңыз. Шын сүйдім деген адам қыз жүрегің жаулауды жоспар етіп қоймас болар, Дәл бүгінгі кенеттен жауған ақ қардай, махаббат та айтпай келер, меніңше. Ал, шындап соған бекінді екен, қыздың ойындағы армандаған жігіт образына кірсін.

    • Образ дегеннен шығады ғой, осы кезге дейін де қызға «жігіт» тұрпатында ұнап келген көрінеді…. Тек сылтауы, сол «кеш сөз салдыңыз, әттеең»

      • Көре сала сөз салу, аттың бағасы мен шабысын білмей жатып сатып алуға ниет білдіргенмен бірдей.
        Әрине ия қалтаңдағы ақшаң жетпей масқара боласың, ия мініске жарамайтын ауру байталдың тұяғын құшып қаласың.
        Бұл жолы жігіт жылтыр бет үшін өліп-өшіп абыройын түсіріп алды.

  3. Негізі жүре тұру, киноға шақыру, бірге серуендеу деген жәй ғана уақыт өткізу деп білемін мен. Әу баста жүрегіңде бірдеңе елең етпесе, ол әрекеттен де түк шықпайды. Жүріп жүріп, бір күні жүрмей кету де ғажап емес. Сондықтан егер ол қыздың әлгі бірінші жігітке деген сезімі (ол жігіттің де қызға деген сезімі, серьезные намерениясы) болса, онда қос ғашыққа қиянат жасамай тынышына қоя қою керек. Қызға бірден сарт еткізіп «маған күйеуге шық» деу керек. Егер күйеуге шық деген ұсыныстан соң да қыз «жоқ, болмайды, ұят болады, сіз менің ағам сияқтысыз» немесе «оны аяймын» деген сияқты мыжыма бірдеңе айтса, онда ол болмайтын нәрсе. Ары қарай жолама. Ал егерде «ойланып көрейін» десе, пыжалыста күте тұруға болады. Ескерту бұл менің жеке ойым, сіздің пікіріңізбен сәйкес келмеуі мүмкін, сондықтан әркім өзі шешкен дұрыс ары қарай. Өмір досыңыздыкі, «махаббаттың көзі соқыр, аяғы ақсақ» демекші бәлкім досыңыздың көзі әлі де қызды тұманданған жанарымен дұрыс тани алмаған шығар а?! Сосын әлгі қызыңызға өзіңізді аянышты етіп көрсетпеңіз, «күрескер» «батыр» «қайтпас қайсар» болып көрінсеңіз шешімді тез қабылдайды. Әйтпесе «әлжуаз, жылауық романтик» болсаңыз, сіздің көз жасыңыз төгілмесін деп қасыңызда аяп жүре береді.

    • Қалдықыз қашанда турасын айтады ғой. Мына тарс еткізіп, «күйеуге шық» деп айту керек дегені ұнап қалды. Әрі мүләйімсімей, мужественно шығады… Осыны айту керек екен досыма, бір амалы болса, осы. Болмаса, оқырам қапсын. Әйтпесе, ол сызылып, сырнай тартып, қыз тарапынан бірнәрсе күтемін деп мойны қылқиып жүр. Бара-бара өзінен безініп бара ма, тапқан ақшасын фильмге салады. Көреді дегенім ғой

  4. Salemetsiz!
    Menin oyimsha ol kiz eki jigitke de gashik emes. tek kana unatadi. Bilay aytkanda ekeuinizde jaman adam emessizder degeni goy. Biri bolmasa biri bolar degen kyali goy. ekeuin salmaktap koreyin degen goy. Ol kizga eki taudin shobin ansagan bugi ashtan oletinin eskertip aytu kajet.
    Al jigitimizge keler bolsak. kizga shin sezimin jetkizip aytsin. Bizdin kazak jigitteri kobunese doreki ari kiz betin bir kaytarsa namis korip jatatini bar. Kiz bolgannan kein nazdanadi degen bar emes pe soni kotere bilu kajet. Ar narsenin emi uakit koy. Sondiktan gashiktik sezimizi ogan maza bermese kizga amalin tauip aytu kerek. Romantik bolgannin zyani jok. Jurek ol bir korgennen sezedi degen kagida jok koy. Eger sezim shinshil bolsa teren bolsa ol mahabbat eki adamninda juregin jaulap ala aladi…birak asira siltep aspandagi aydi alip berem degen sozderdi koldanbasin. shinshil bolsin ar isterine jauap bere bilsin. Misali kizga gul alip. esik aship berip. sipayi soylesip. kizga jol beru degen syakti tb arekettwerde ote ulken asre kaltiradi. al oni asirelep jiberse kuday saktasin kiz bezip ketui mumkin. yagni jigitimizdi koldanip bir kuni kosh bol canim dep ketedi.
    Birak bir eskertu arkashan jigit men bilay isteymindese orindau kajet. yagni kizdin ar kalagan nazin istey berse kizdar oni unatpaydi. sebebi menin oyimsha ar bir kiz inisativasi var. batil da sheshimdi aytkaninnan taymaytin. senimdi ozine korgan bola alatin jigitti izdeydi. Osi sozderdin ar kaysisina jaksilap oylanip areket jasau kajet.

    • Алиммманың айтары көп екен… Асылы, қыздың бар айтқанына бас шұлғи беру де әлсіздік шығар. Кейде қылт етіп, қырсығып қалу да керек. Дұрыс айтады, әзірге қыз екі жігіттің еті тірісін бағамдап көрмекші-ау. Қайсысы шыдар, қайсысы қалар екен деп…. Бейшара досым, әсіре романтик. Ойға беріліп, қиялға ерік беріп, әйтеуір 50 килә ет-сүйегін әрең көтеріп жүр. Бірақ, соңғы бір ай ма, қыздан мүлдем хабар жоқ. Аумин. Соған қарағанда.., общым, досымның жүрегі қақ-қақ айрылып жұр

  5. негізі, Қалдықыздан кейін айтатын сөз таба алмай қалдымЧ…))) қос қол екі аяғымды көтеріп келісемін. Бірақ досыңыз сақ болсын, егер, ол қыз ана жігітін тастап досыңызға кетіп қалып жатса және жақын арада отбасылы болуға асықпаса, досыңызды да бұрынғы жігіті сияқты басқа адам үшін тастап кетуі ғажап емес. «Бірақ, онымен де, сізбен де жүрсем, қалай болғаны? Мен бұлай істей алмаймын» дегені жаман екен.

  6. 1- Досыныз сезимин ДУРЫСТАП жеткизсин.
    2-Кыз ЖАКСЫЛАП ойлансын, сезимин салмактасын.
    3- Сую деген ол – сыйластык, сеним, ундестик. Егер досынызбен жанагы кыздын арасында осы категориялар бар болса, ЕКИ жак та бул жерди негизди МАХАББАТ туындайтынын ескерсин!
    4-Ал махаббатта жай, орташа, катты сую деген денгейлер болмайды. Бир гана СУЮ болатынын умытпасын!
    Бираз махаббат машакатын корген бир досымнын КЕНЕстери бул :)!

    • Үшінші категорияңызды үшкіріп тұрып, досымның құлағына құю керек-ау. Себебі, достық, сыйластық, сенім бар жерде расында махаббат ай-күніне жетпей, туып қалуы да мүмкін емес пе? Мүмкін! Демек, әйтеуір сүйіп жүрген досымның бар ілігі осы болар енді

  7. Замандас. Қыз оны онша жақсы көрмейтін сияқты депсің?! Хош делік! Дегенмен, жүріп жүрген жігіті жақсы көретін шығар? Мен жақсы көремін, сені міндетті түрде қаратамын дегеніне жол болсын?! Ол жігіттің орнына неге өзін қоймайды? Сондықтан, біреудің бақытсыздығына өз бақытын құрамын дегені дұрыс емес. Теңізге бір мақсатпен шығып, жүзіп кеткен кемені басқа бағытқа бұруы жаман ырым. Құрметпен, ARDANA_KZ

    • Ай, Ардана осылай аңыратасың ғой енді.. Бұл ойың да дұрыс, әзірге досым агрессивті-ядролық қақтығыстан гөрі, үн-түнсіз күтіп жүр «үлесін». Негізі, жігітінен айырып алғаның мен де қоштамаймын, бірақ ол менің жақсы досым болғандықтан, жан күйзелісіне жжәййй қарап тұра алмаймын да

  8. барлық комменттер 10-15 жолдан тұрады екен:) барлығының айтып жатқандары да дұрыс! менің тек айтарым, өз жүрек қалауын тыңдасын, егер де әлі де ойына қызды қаратар ой келмесе)), онда сезімнің жалған болғаны, нағыз СОЛ қызды кездестіргенде, бәрі де өз-өзінен болады деп ойлаймын:)) не де болса, қайғырмасын

    • Бәрі де өзінен өзі бола қалады дегенге сенген дұрыс, болмаса, тегі қайғыратын не бар, ия? Одан да мощный қызбен таныстырамыз, ниче!

  9. жігіт досыңыз түріне ғана ғашық болған ау шамасы. Андағыдай интеллект пен тәрбиеге ие қызды сүйе білу де өнер шығар.
    сізге кеңес-арасласпаңыз, арасында жаман атты боласыз.

  10. Менде бір ретте осындай басымнан өтіп еді. Жүріп жүрген жігітім бар, содан бір жігітті кезіктірдім. Бірге жаттығуға баратындықтан, кездесіп қаламыз. Ол да маған ұнап бастады. Жаттығулардан соң ол мені ылғи күтіп тұратын, шығарып салып жүрді. Сосын 1-2 шығарып салғанынан соң, жігітім барын айттым. Жігітімді бұлай орта жолда тастап кетуді дұрыс санамадым. Кейін тағы сөз салмақ болды, бірақ мен жаттығуларыма бармай қалдым, кейін ол да келмей кетті. Сөйтіп байланысымыз үзілді.
    Қазіргі кезде жігітіммен ұрсысып, не келіспей қалған кездерде сол жігіт есіме түседі. Әттең, тым құрығанда телефонын алып қалсам қайтетін еді деп ойлаймын. Немесе, өзі бір телефонымды жазып ал, бәлкім ойланарсың, десе болар еді ғой деймін.
    Сондықтан досыңыз телефонын беріп, қоңырауын күтетінін айтсын. Өмірде не боларын ешкім білмейді ғой. Білем, запастағы жігіт болып қалады, алайда ол үшін соңы тіптен басқа болуы да ғажап емес. )

    • МонаЛиз, ал жігітіңізбен қайта татуласқанда, жаным-жалғызым деп жүргеніңзіде, манағы жігітті еске де алмайсыз ғой, иә?
      Адам және оның сезімі ойыншық емес, ойнауға болмайды!

    • Оййй, оған дейін досым күтер ме екен? Күтпейді ғой. Өзі биыл да үйленудің кезегінен қалды. Енді осы махаббатым болмаса, анасы сайлап берген, бірақ соншалық сүймейтін, алайда ұнататын бір қызбен басын қоспақшы. Тлагедия…

  11. Ау,бауырым ,досын кыздын жігітін олтіріп тастасын,ешкімге корсетпей,кинодагыдай!Сонымен промлемасы шешіледі! Калжын гой ол кызды умытсын!Кыз коп алі оз жартысын,шын махаббатын кездестірер иншАлла!

      • НЕГЕ (МАХАББАТЫН) УМЫТУ КЕРЕК, КЫЗЫК КОЙ.. ШЫГАР ЖОЛ ТАППАСА АНАСЫ САЙЛАП БЕРГЕН КЫЗДЫ АЛГАНЫ ЖОН. ЕР АЗАМАТКА УНАТУ ДА ЖЕТКЫЛЫКТЫ. ЕН БАСТЫСЫ СУЮ БАКЫТЫНА ИЕ БОЛДЫ ЕМЕС ПЕ..?!

      • дурыс айттың, ер азаматқа кейде сол ұнату да жеткілікті сияқты ғой, азаптанбай, мазақталмай

  12. алдымен досың өзінің сезімін анықтап алсын, ол қызға шынымен өлердей ғашық па әлде жәй өткінші сезім ба? өз басымнан өткесін айтып отырмын, бір қызды ұнатып қалып соған ғашықпын деп ойлап жүріп кейін олай емес екенін түсінген кездер болды. егер ана қыздан түк шанс, дым үміт жоқ болса онда босқа әуре болмағаны дұрыс. егер үміт бар болса, сезімін дәлелдеуге тырыссын, сонда қыздың беті бері қарар. бостан босқа звондап, эсемес лақтырып мазасын алмай. эсеместі аздап-аздап, бірақ мәнді қылып жазу керек. ана қыз да уже күтіп жүретіндей болу керек. яғни шамалы тактика да қолданған дұрыс, звондап та тұру керек, бірақ жиі емес. обшым слишком кетпей, ақырындап өзіңе тарта бастау керек.

    • Қандай сезімге кіріп кеткенін өзі де аңдамай жүрген сияқты. Бірде нсыз өмір жоқ дейді, бірде ұмытам дейді, бірде дым айтпай, «Шіркін лайфтан» шығып қалған Әйгерім Бақаеваның әйбат жүзіне қарап отырады. Сондай енді, сезімі.. Анықтаған соң, ар жағын, тактика-методикасын айырып жатар

  13. Мәжаббббәті күіп-жанып тұрмаған болса, бірден келіспеген қызды қайтсем де қаратам деп қиналудың қажеті жоқ.
    Ол махаббат емес, ерегусі болып кететін сияқты.
    Оны да, өзін де қинамағаны дұрыс қой.

    • Дұрыс, бірден қаратам деп мақсат қоюдың өзі жай ғана жалған принципшілдік, ерегіс болып кетер. Оны өзі де түсінеді. Ақылы бар жігіт қой.

  14. Temirdi kizgan kezinde sogu kerek edi dostim.Birak bolar is boldi, otkenge okinbe.Omir munimen toktap kalmasi anik.Kugan jetpeidi, buirgan ketpeidi emes pe?!

    • Еееей, баяғыдан бері мыжып отырғанымыз осы мәтел емес пе? Жұбатудың классикалық нормасы: «Қуған жетпейді, бұйырған кетпейді»

  15. Қыздар қауымының пікірімен келісуге болады. Егер қыз жүріп жүрген жігітін сүймейтінін айтса, досыңызда 0,9999% болса да «шанс» бар сияқты… Ең бастысы, досыңызға «тормозить»етпе деңіз!!!)))Не болса да, әрекет етіп көру керек……

    • Әрекет еткенде, екі жол ғана: агент и смс. ЕКі жолдан да екі езуі құлағына жетердей резолтат болмай жатыр дейді. Агентте будильниктің неше түріне былқ етпейді дейді, соған қарағанда игнорировать етудің көкесі осы болар

  16. Хитч айтады ғой, егер қыз басым бос емес десе, либо отвали, либо действуй дегені деп 🙂 Бұл жерде қыз бірінші вариантта айтқан секілді өкінішке орай

  17. «Она не первая, и не последняя» деген сөз бар ғой орыстарда…. Өміріңіз әлі алда…..

  18. Махаббат сезімі де Жаратушының сыйы. Оны кім көрінгеннің басына бере бермейді. Жігіттің күйзелгені – оның арманшыл адам екенін білдіреді. Негізінде ондайлар жаман адамдар болмайды. Бірақ оны қыз қайдан білсін. Оның идеалы тіптен басқа шығар. Кейде адамның мамандығына қарап та оның жан дүниесіне үңілуге болады. Жігіт осы бағытта ойланып бір қарасыншы…

    • Міне, міне ол досым арманшылың былай тұрсын, нағыз қияли жігіт, жақсы мағынасында әрине. Тағдырыңа көнгісі келмеді, сүмеймін дегенге сенгісі келмеді… ақырында өзі де түсінді бәрі біткенін. Қыз тегі селт етпеді. Енді бұл кеңесіңді басқа бір бейбақтар пайдаланбаса, досым одан бар күдерін үзді!

  19. әйғӨркен ай! Қазақтың қай салтынан көріп едің бүкіл ел болып бір жігіттің бір қызды «сындыра»алмағанын талқылағанын!
    сенің бұл талқыңа ақын Мұқаң жауап беріп кеткен.

    Ей,Жігіттер көпті көрген бізге сен!
    Қателестің жалғыз бақыт қыз десең!
    Сүймедіме ,бір-ақ сілте қолыңды,
    Сүйетіндер табылады іздесең!!!!!

  20. Ай, Көкжал кеңесінмен келіп жеткенше, досымның мәселесі де шешіліп, Мұқаңның вариантына басты ақыры. Енді бұл саяси-идеологиялық монолит емес қой, блог деген түптеп келгенде бүгін азанда не істегеніңді, кеше не ойлағаныңды, досыңда не мәселер барын жазатын, соны қаумалап талқылайтын, ақыл қосып, пікірлесетін жер ғой… Осындағы қыруар кеңесті көрдің бе, жинап алып, тақырыбын қойып, кітапша шығарып жіберуге болады.

  21. Қызық оқиғаны ортаға тастап жіберіп, қызықты оқиғаларға куә болыпсыз. Негізі, қызыңыз да, досыңыз да бір біріне бір көргеннен ұнатқан адамдарға ұқсамайды. Қызыңыз ары тартса, арбам сынар, бері тартса ешегім өлместің кейпінде. Негізі, «екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» деген мәтел тағы бар.

  22. Қашпаған қашардың уызынан дәметкенше,мамасы айтқан мәстектің мәйегіне мойынын созғаны дұрыс болған……! Күн көзінде күміс жылтырайды,алайын десем қолым былшырайды…бәлду,бәлду (маминкин сыночек)

    • «Пах-пах, қандай ғажап» 🙂 Тілді айтам, тіліп тұр ғой шіркіннің, онсыз да осы амалды істемегеннен басқа амалды да қалмады ол достың

  23. Бірақ, онымен де, сізбен де жүрсем, қалай болғаны? Мен бұлай істей алмаймын деген созине караганда кыздың журип журген жигитимен айрылыса алмайтын бир себеби бар сиякты. Қыз еки кайыктың басын устагысы келетин сиякты. Оган досыңыз конер мекен?! Ойлансын…Конбесе досыңызға баска каракозди издеуине кеңес бериниз. Саттилик!

  24. Басында миы бар кыз жiгiтiн тастап баска жiгiтке секiрмейдi. кызыктырган бул жалган дуниеде сыртынан барi жылтырайды, а iшi кандай екенiн кiм бiлсiн. Кампиттин сыртынын барi жылтырак адемi дегендей. Егер ол кыз жигитин тастап сенiн досына караса, онда мен ол кызды болатын кыз, болатын адал жар деп айталмаймын.

  25. Оркен сиз осы пикилрдын барин бириктирип китап шыгарсанызшы Махаббат машахаты деп турып

  26. менин ойымша махаббат сынак сондыктан озинди сынактан откиз ал егерде кыз не истесенде карамаса онда оз абыройындыда ойлаган жон.ойткени кыздар тез бауырмашыл сол ушинде олрга айырылысу оте киын менде казир бир жигитке катты гашыкпын ол ари ислам жолында онын кызы бар ол жигит 11окид бирак ол маган коп тиседи жигиттер оз ойларынызды айтындарш не истесем болад

  27. Ол жагы айтарлыктай курдели емес екен кызга жигит жиi хабарласып,озине кымбат жан екенин тусиндирсин кай кезде де унеми жанынан табылатын болсын.биринши кызбен дос ретинде араласып бирте-бирте журегин жаралауга тырысса да болады озин ылги жаксы жактарымен жаксы касиеттеримен коринсин.

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s