Лаумулин қайда «лақты»?


Бізде ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты деген құрылым барын білерсіз. Сол институттың сарапшысы Мұрат Лаумулин «Эксперт-Онлайн» басылымына берген сұхбатында «Ұлтшыл-патриоттар мен исламшыл саясаткерлердің ымыраға келуіне жол бермеу керек» деген пікір айтып қалыпты. Біле жүріңіз, біздегі саясаттың ұлы мақсаты да осы көрінеді. Лаумуллиннің лек-лек ойына лайықталсақ, отанымызда Ислам оппозициясы пайда болса, қазіргі қорқынышымыз оның қасында ойнамай қалады.

Бұдан әрі «Олар әр тілде сөйлеп, түрлі құндылықтарға тәу етіп жүрсе, яки біреу Алла тағалаға, біреу Тәңірге сеніп, енді біреуі номадизм, біреуі Таяу және Орталық Шығыспен бірігу туралы сөз саптап жүрсе, біздің көңіліміз тыныш болады. Егер олар ортақ тіл тапса, ішкі саяси тұрақтылығымыз үшін ауыр салдары болады», – деп сөзін сабақтай түседі. Журналистің «Олар ортақ тіл таба ала ма?» деген сауалынан «Ары қарай не боларын білмеймін» деп жалтарыпты. Шыны керек, саяси ғылымдардың докторы, профессор деген дардай атағын М.Лаумуллин шетел тақырыбындағы сүйекті зерттеулері арқылы ақтап та алатын. Багажына білімнің алуанын бөктеріп алған. Ал, ішкі қоғамымыз жайлы іркес-тіркес ойлары оның қазақ еліне деген қалтарыссыз «сезімінен» сездіріп қойды. Жарайды, ұлтшылдарымызды дау қуғыш, шу шығарғыш десе, Исламмен жаулық үшін «жауықса», жеке пікір дер едік. Бірақ, ел болып, етегімізді жияйық деп жатқанда, қоғамдық сананың түрліше құбылып, сан тарапқа бөлініп жатқанына ол ағамыз санын шапақтап, қуанады екен! Бүйткен сарапшыдан садақа кетсін…

Advertisements

6 comments on “Лаумулин қайда «лақты»?

  1. Ұлтжандылар мен дінилер біріксе қазақ бірікті десейші. Аналитикалық бағдарламада бқл сарапшы ойлары өте терең.

  2. Мұрат мырза, бұл түрімен қазақтың іштен іріп-шірігенін қалайтын шығар. Рас, қазақ қоғамында діндарлардың өзі ымыраға келе алмай жүр. Біздің алауыздығымызды протестанттық секталар мен кришнайттар, саентологтар жақы пайдаланып жүр. Олар діндерін жақсы уағыздайды. Дегенмен Лаумуллинге қастық қылғанда діндар топтар да, ұлтшылдар да бірігіп кетсе ғой шіркін…. Бұл енді арман әрине

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s