25-ке келіп, 10 000-нан астым…


Тақырыпты ғана оқысаңыз, түсініксіз көрінеді, ия? Ендеше, түсіндіре кетейін. 25-ке келдім дегенім, расында кеше туған күнім болды. «Осы мен қанша ойдан астым?» деп отыра қалып, саусақ бүгіп санасам, жер бетін шиырлап жүргеніме ширек ғасыр толыпты. «Сұмдық» деп жағамды қос қолыммен ұстап алайын десем, соншалық қайғыдан қан жұтатындай ештеңе болмаған сияқты. Әке-шешем бар. Жұмыс бар. Махаббат төже бар. Аурудан аманмын. Олай болса, кәртайып барамын деп «ақылды Элиза» болудың амалы қанша дедім де қойдым. Әлі жаспыз… Заң бойынша да, жастығымнан айыру үшін төрт жыл күту керек екен (29 жасқа дейін). Сонымен, үйде қарсы алсам қалай болады екен деп отырғам. Жұмыстағы әріптестерім жұлқылап қоймаған соң, «Магриб» деген рестораннан бір-ақ шықтық. Оның алдында сол жерде билеп-билеп, дизайны итальяндық, өндірісі қытайлық туфлиімнің  аузын айырып жіберген болатынмын. Бұл жолы қыстық бәтіңкем «жүрегім қысылды» деп жалоб жасағаны болмаса, жаны сірі екен… сыр бермеді. Жұмыстағы әріптестестерім бір жырғап қалды.

Ал, 10 000-нан астым дегенім, осы блогымның оқырмандары 10 мыңнан асып жығылды. Осы сүйінішті хабарды сүйкете салайын деп жүргенше, оже 11 500 рет оқып тасталыныпты. Оқылудан рекорд жасалған күн – 4 қазан. 311 рет оқып-шоқып тастапты осы күні. Осы жазбаммен блогымда 67 жазба болды, 654 пікір жазылды. Пиар жағынан да пергілеп жатыр. Ғаламтор қараған қазақ үшін бас сайтқа айналған Abai.kz мен орыстілді жастар арасында танымал бола бастаған Platon.kz сайттарына баннерімді іліп-іліп тастадым. Иншалла, 30 мыңдық межеде жолыққанша!

Солдан оңға қарай: жаухатшы Бейбіт, досым Әсем, мен бас редактор Қуат һәм әріптесім Әсия

Advertisements

28 comments on “25-ке келіп, 10 000-нан астым…

  1. Менің сүйікті блогтарымның бірі ғо бұл дегенЧ))) Онда ше, екі бірдей «Үбілейің» құтты болсын, Өркен! 25-те сөз жетпегірдің жағын айырмасаң, отыз бесте оң жақта отырып қаласың))))))))) Так что, көп ұзатпай «100 000-ға келдік мына біз» деген пост жазбасаң Астанаға іздеп барам артыңнан дырау қамшымен)))))))))))))))))
    Туған күніңмен! Құдай қаласа, «21 ғасырдың жүз адамы» деген кітаптан көрейік сені)))))

    • Игі тілектеріңізге Алатаудың көлеміндей алғысымды айтқым келіп отыр. Иншалла, сол биіктерден бірге көрінейік! Деніңіз сау болсын! Сіз менің блогыма ең көп пікір қалдыратынның бірісіз, ал мен ол жағынан мезіретін жасай алмай жүрмін. Айып етпеңіз

  2. Иә,жаны жайсаң, көңілі көтеріңкі, ойы алғыр Өркендей бауырымыз өсе берсін, еңбекте де,өмірде де,арман-мақсаттарда да…!

  3. Өркенжан, айналайын, өркенің өссін деп бастасам ба… Туған күнің құтты болсын! 25 деген не тәйірі! Сенің өмірің енді басталып жатыр… Әлі талай биік асудан көрінетініңе сенімім мол!

  4. Өркен, туған күніңмен! Өзің айтпақшы, «заманымыздың заңғар» журналистерінің бірісің)))))))) Қаламың мұқалмасын. Осындай емен-жарқын қалпыңнан тайма.

  5. Құттықтаймын! Әлі де алар белесің алда деп сенемін. Қазіргі уақытта да қазақ интернетіне біраз еңбек сіңірдің. Оның өзі бір белес. 😉

  6. Шынында да 25 деген не тәйірі, әлі «пәтсәнсің», мұжықтардың қатарын толтырған жоқсың ғой. Жазғаның бірталай, жазарың көп болсын, дос!

  7. Өркен бауырым «балыкшы-балыкшыны алыстан таниды» деген бар емес пе? Биздермиз гой барибир. Таластын талайды тамсандарган жигиттери. Саган бар тилерим каламыннын ушы болмашы нарсеге бола сынбасын, кайта жазган устина жаза тусип, акпарат кенистигинде озин мыктымын деп санайтын кейбир акылдыларды ушкирлигимен туйрей туссин . Тек адилдик жагымен. Ол жагынан саган еш куманданбаймын. Сондыктан жиырма бес беген жигиттин тау копарар жасы гой. кушин тасып тур. Алга, аянба!

    • Дәулет бауырым, сенің де дәуренің жүрсін, қаламың қағаз тесердей үшкір болсын, қарымыңды таныт, аяйсын ба Алла тағала берген дарынды… Ал, айтқан тілектерің үшін мың алғыс саған. Алматы, Астана ас! Қатарымызды толтыр!

  8. Туған күнің құтты болсын, Өркен! Кейбір блогшылар айлап, жылдап жеткен жетістікті қысқа уақыт аралығында еңсеріп тастадың. Бұл да болса, қазнеттің дамуына қосылған үлес деп білем. Қаламың мұқалмасын!!!

    • О-о, өсіріп тастадың ғой, үп-үлкен рахмет, біз де қайдағы үлес болсын, әйтеуір қыртымбай тірлік қой, журналистикамыздың бір қыры…

  9. Өсе бер, Өркен! Өзіңмен бірге талай жұмыс істедік қой. Сыртыңнан тілекші боп жүрген Ағабек деген бауырың да бар!

  10. Мақпал қарындасым, саған да тек сәттілік, шығармашылық табыс тілеймін. «Нұр Астанадағы» материалдарыңды оқып жүрмін, өте жақсы!!!!

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s