«Қыздар» қайдан шықты?


Қазақ интернетінде заңды мойындап, заң жүзінде қызмет көрсетіп жатқан порносайт жоқ. Тыржалаңаш сайт ашуға тыраштансаңыз, ҚР ҚК 273-ші бабымен қорқытамыз. Порноматериалдарды таратты деп мойныңызға қылмыстық жауапкершіліктің қылын тартып, үш жыл абақтының сорпасын үріп ішесіз.

Бірақ, сол интернетіңде «Алматинки», «Астанинкилердің» дәурені жүріп тұрғаны қашшааан… Бұлар эротикалық мазмұндағы коммерциялық сайттардың санатына кіреді. Сөйте тұра, «сайтани» сайттардың заңның салқыны тимейтіндей етіп жасаған қалқасымен де санасуыңыз керек. Айталық, «Алматинки», «Астанинкилеріңіз» Чехияның серверлерінде жатыр. Бұл елде эротикалық жарнамаларға заң тыйым салмайды. Қазақстанның «атын шығарып» жүрген қос сайттың мазмұнына жауапты адам да Чехияның азаматы.. Сондықтан, Ішкі істер министрлігіндегі ақпараттық технологиялардағы қылмыспен күрес басқармасы осы сайттарға анкетасын шығарған жезөкшелермен жұмыс жасауға ғана шамасы келеді. Жезөкше дегенде, саяси сауаттылыққа салсақ, олар коммерциялық секстің қызметкерлері. Енді мұны да азсынған ағайын «Қыздар» деген жалпақ атаумен жезөкшелерді атауға көшетін секілді. Себебі, соңғы кездері секс-қызметтің ассортименті кеңейіп, жаңадан бес-алты сайт «жұмысқа шығыпты». Жарайды, халықаралық «.соm» доменімен тіркеліп жатса, «түсіністіктпен» қарауға жарап қалдық. Ал, «Қыздар» деген арына дақ түспеген қазақтың қастерлі сөзін алып, «.kz» құйыршығын жалғау бұрын-соңды болмап еді.. Ерінбей, «Қыздардың» тамырын үңгіп көрдік. Сингапур шаһарында, Джон Фриман деген азаматтың атына тіркеліпті. Сайттың «бұқарамен байланысына» жауап беретін Рабиль деген қызметкеріне хабарласа алмадық. Сингапурдың кодын алсақ та, «соткасы» алмады. Сонымен, бірі Чехияда, бірі Сингапурде тіркелген сайттарға ҚР Заңдарының құрығы жетпей, шекараның сызығында шаршап қалады.

"Қыздар.кз" сайты Сингапурде тіркелген...

Advertisements

11 comments on “«Қыздар» қайдан шықты?

    • Депутат Сағымбек Тұрсынов бүгін я келер аптада депутаттық сауал жолдайды осы мәселе бойынша, бірақ одан не өзгерер екен?

  1. Домен тіркеуші орталық Казниктің сайтындағы Ережелерді қарап шықтым, ережеге қайшы келетін ештеңе жоқ. Шынында да солай ғой, қалаған доменіңізді ала беруіңізге болады. Тек бар мәселе контентте. Контентті блоктайтын органдар бар бізде, бірақ прокси арқылы қалаған сайтыңа да кіре беруге болады. Обшым ережелер тек шайналу үшін 🙂 қанша байбалам салсаң да бәрібір еш нәтиже болмайды.

  2. Қазақтың әр сөзінің өзіндік қадір-қасиеті бар, ал халқымызда «киесі ұрады» деген наным бар, яғни «қыз» атын қорлағандар да киенің кесірінен құр қалмасына сенемін. Арды ардақ тұтып, ибалылықты бойына сіңірген қазақтың ару қыздарының есімін ешкім төмендете алмас.

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s