Пойыздағы әңгіме: «Досқалиевтің кеткені дұрыс болды…»


Алматы-Қызылжар бағытындағы пойыз. Әжік-күжік әңгіме.  Арамызда дәрігер бар екен. Қарағандының орысы. Қызылжардың облыстық ауруханасында қызмет жасайды. Аты кім еді, әй.. жарайды, маңызды емес. Маңыздысы, аннан-мұннан тоқығаны көп, білімді жиған, кәсібін сүйетін маман екен. Дәрігер деген соң елең етіп, «Досқалиевтің халін» сұрадық қой енді… «Шыны керек, сол Досқалиевтің кеткені дұрыс болды», – деді де қойды.

Қалай деп қазбалап қояр емеспін. «Енді,  ауруханадағы дәрігер мен сырқатың арасындағы байланыс нашарлап кетті. Қағазбасты болып кеттік. Сырқаттың хикаясы бар, оны үш дана қылып көшіреміз. Статкарта деген бар. Соны толтырудың өзіне күніге жарты сағаттай уақыт кетеді. Есептеп қарасам, пациенттерімді аралап шығуға бар-жоғы 40 минут қалады екен. Осыдан кейін, сырқаттар бізге көңіл бөлмейді, шақырсақ келмейді деп шағымданады. Жөн олардікі», – деп ақтарылды. «Сонда қолға алатының қанша?», – деймін. «32 мың. Облыстық ауруханада, флюрография бөліміндемін. Ол ақшасы былай тұрсын, күніге рентген сәулесінен қаншама радиация алып жатқанымызды айтсай». «Ммм. Ал, жалпы денсаулық сақтаудың басына келген қай министр жөнді болды?» – дедім енді. «Бірін де бөліп айта алмаймын. Кім келсе де, өзінен бұрынғының бастамаларын тоқтатып, реформасын жылан кескендей қырық жерден қиып тастайды. Досқалиев те солай істеді». Басымды төмен салып, біраз отырдым. Расында, реформаторлықтағы жалғастықтың болмауынан да, талай мәселеміздің түйіні шешілмей жатыр емес пе?

Доктор Досқалиев та иманжүзді адам сияқты еді. Ай, пәлен деп шешім айту қиын ғой бұл жерде. Айтпақшы, осы дауда Бас прокуратура бұған дейін еріксіз болысып келсе, енді бұл да «достықтан» шығып қалды. Себебі, соңғы жолы Бас прокуратура да Қаржы полициясының сөзін сөйлеп, бұрынғы бас дәрігер емдеуші дәрігерлерінің де қолдауынан айрылды. Сонымен, Астананың №2 Сарыарқа аудандық соты Қаржы полициясының Жақсылық Досқалиевті қамауда ұстау мерзімін 2 айға ұзарту туралы өтінішін қанағаттандырды. Естеріңізде болса, 12 қазанда айыпталушыға қатысты қамауға алу туралы өтініш енгізілген-ді. Оны прокуратура органдары толықтай қолдап жіберді. Сол күні-ақ, Сарыарқа аудандық соты Досқалиевті қамауға алуға санкция берді. Ары қарай айыпталушыға Астанадағы тергеу изоляторының төрін ұсынды. Айтпақшы, Қаржы полициясы Досқалиевқе қатысты аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша тағы бір қылмыстық істі қозғаған болатын. Жақсылық мырза пара ретінде 6 пәтер алып, біреуін жақын туысының атына рәсімдеп, бесеуін сатып жіберген. Ендеше, Досқалиевтің денсаулығы оқтай болғаны дәлелденгенімен, бостандығының шектелетіні айқын болып тұр.

Advertisements

11 comments on “Пойыздағы әңгіме: «Досқалиевтің кеткені дұрыс болды…»

    • Дұрыс айтасың… осы тіркес Досқалиевтың жағдайына дәл келіп тұр. Бірақ, Қаржы полициясының өкілі Мұрат Жұманбай да, ҚазТАГ да «пара алу беру фактісі» деп заңмен сөйлеп тұрғанда, бұра тартпаған түрім ғой.

      • Шаруадан шенеунікке дейін шаршады… Оның арасында ақ халатты абзал жандардың ем-домды ынта-шынтасымен жасауы үшін көңілін ештене алаңдатпауы тиіс. Бізде олар бұрқыратып қағаз толтыра ма, әлде 32 мың теңгені 31 күнге бөліп, өмір сүрудің сметасын жасай ма? Болмайды ғой бұлай. Расында, Канадамен салыстыруға келетін жағымыз – тек жер көлеміміз шығар. Оның өзінде де одан кемшін түсеміз.

  1. Біз, дәрігерлер шексіз реформалардан шаршадық. Соңғысы – канадалық модель. Канада қайда, Қазақстан қайда? Мұны ескеріп жатқа ешкім жоқ. Ал дәрігерге 32 мың теңге жалақы тым аз. Мұны зейнеткер де алады ай сайын.

    • 32 мың теңге жалақы алған дәрігер қай оңсын, «левый» движиениесі көбейіп кететіні айдан анық (ай сайын мың доллар тауып жүргендер де, бірдеңке шірдеңке ұрлап сатады :)). Осыдан кейін «мемлекет бөлетін тегін дәрілердің бағасы неге қымбат» деп өзіңнен сұрап көр, жауабы табылып тұр емес пе?!

  2. Оңбайды. Қайта, әлгі орысым Алматыдағы Сызғанов институты секілді беделді орындар шақырып тұрғанда, бармапты. Қарағандының мединституындағы ең білімдар студенттің бірі болған. «Айлықты ойламайын-ақ дейсің. Бірақ, үйге барғанда, әйеліңді көргенде, қатты қиналады екенсің» деп еді

  3. Қазір дәрігер,медбикелердің жалақысы өсті емес пе? 32 мың дегенге айтқаным ғой…әлде еңбек өтілі аз ба?

  4. Студент кезімде бір медбике тәте көршім болып еді. Жалғызбасты әйел, екі қызы бар. Сол кісі категориясын көтерту үшін менің компотырымда бірдеңе шірдеңелерін вордта теріп алған әйтеуір повышениеге керек деп. Сосын повышениеден соң жалақыңыз көп болатын шағар десем 500 теңге қосылады деді, ужссс! Сондағысы алдын 9400 теңге болған екен, сосын 9900 болады деді. Ужссс дегеннен басқаға қолым бармайды!

  5. Тұрмыстың шыңдығы осы болып тұр ғой, содан кейін оларды суық, пара алады деп еще жазғырамыз, соттаймыз, тілдейміз

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s