Көшбасшылық көрсеткіші…


Қоғам дамуындағы қай көрсеткішті де Еуропаның безбенімен тартуға етіміз үйреніп кетті. Қыл аяғы, еркек пен әйел иерархиясындағы құқықтарға дейін. Global Gender Gap 2010 деген теңқұқылықтың рейтингісі бойынша, Қазақстан ТМД елдерінің арасында Молдавиядан кейінгі орынды ешкімге бермей отыр екен. Еліміз 134 мемлекеттің арасында 41-ші орынға тұрақтап, Ресейді 45-ші, Францияны 46-шы, Эстонияны 47-ші, Әзірбайжанды 100-ші межелерінде шаң қаптырыпты. Белорусь пен Өзбекстан бір түйір ақпарат бермепті. Сонымен, гендерлік саясат деген жасанды саясатта жасампаздық танытқан бізге қарап, француз ұлықтары сап түзейтін болады. Бізді алдыға жіберіп қойған соң, француз қызыл шараптың тығынына жармасар… Бірақ мұнда да тіректі орыннан қазекем табылды. Соңғы статистика: Қазақстан 2010 жылдың қаңтар-тамызы аралығында Грузиядан 984,2 мың тонна шарап сатып алыпты.  Сонда, бүкіл грузин жүзімінен ашытқан сусынды импорттауда екінші орында екенбіз. Біздің алдымызда – Украина. Тіптен, 79 тонна грузин шарабын алған Германиядан 8 орынға алда тұрмыз. Қысқасы, қазекемнің елі құбылыстың жақсы-жаманын таңдамай, рейтингтердің реңін ашып тұр. Осыдан кейін, бізді көшбасшы демей көрсін…

Advertisements

4 comments on “Көшбасшылық көрсеткіші…

  1. О-о, құрт ауруы, қатерлі ісік, я полиомелит болса, мейлі енді. Ал, тегі болмаса субтропиктік белдеуге маңайлап бармаған елімізде, джунглидің шыбын-маса, құмырсқалары жоқ далалы жерімізде тропикалық безгектің алдын-алдық деп мақтануымыз таза қуғынбайшылық. Сәпсем ЕРСІ

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s