Пойыздағы әңгіме: Шіркін, Шыршықтың қыздары!


Тараздан Астанаға дейін пойыз 16 сағаттай темір таптайды. Тойыс, жүреді. Қасындағы адамдармен кәукілдесесің, қызартып шай ішесің, жатасың, отырасың, жатасың… Бұл жолы екі апаймен әңгімем жарасқан-ды. Өзбекстанның Шыршық деген шаһарының маңындағы қазақ ауылынан екен екеуі.

 

«Мәссаған, сендердегі қыздар бетімен кеткен ғой. Отызға дейін күйеуге шықпайды екен. Бәрінде бір-бір сотка. Бұл не сұмдық?», – деп, басын шайқады біреуі. «Ой, неге олай дейсіз? Заманы солай болып тұр ғой енді», – деп ақтамақ болып, аруларымызға ара түстім. «Атың Өркен бе еді, айналайын, арнайы біздің ауылға келші, қыздарымызды көрші… Содан кейін сөзіннің өзгергеніңді көрер едік», деп олар да қызықтырып қояр емес. Сонымен, ұзын сөздің қысқасы: Ол жақтағы қыздар ұятымыз ашылмасын деп ұялы телефон алмайтын көрінеді. Тошносы, әке-шешесі сатып әпермейді. Ғаламторға қосылған компотырдың өзі ілуде бір үйде. Шамасы келмегендіктен емес, «бұзылады» деп алып бермейді. Техника емес, қызды айтамын да… Ол жақтың қыздары универ, академия қуаламайды. Негізінен, медбике, мұғалім, болмаса тігіншіліктің оқуына барады. Негізінен деппін ғой, таңдау осы үш кәсіппен тәмәм. Есесіне, «келін болу курстары» деген сияқты оқу-сызудың дәурені жүріп тұрады екен.

 

Ауылдағы қызы бар әр үй бір-бірімен бәсекеге түседі. Айталық, бірі он үшке енді толар қызын таңғы сағат 5-те тұрғызып, есігінің алдын сыпыртқызады. Екінші көршісі қызын таңғы сағат 3-те тұрғызып, жұмысқа салады. Міне, өзбекшәлап стахановшы болудың мысалы! Қыздарын ертерек тұрмысқа шығаруда да баяғы бәсеке… Әлгі апамыз «1990 жылы туған қайынбикем отырып қалды» деееп, әжептәуір қайғырып отыр. Қиын болғанда, қыздары осылай үй ұстауға, ақша ұқсатуға, салат жасауға, қысқасы, әйелдіктің бар әдісіне жетік болғанда, жігіттер жағы оңбай тұр екен. Өзбекстанда мектеп бітірген жігіттер ары кетсе, құрылысқа кетеді, я ұста болады, я …. Осы екі жолдан басқасын еске түсірем деп екі апам ұзақ ойланып кетті. Ал, ақылды қыздар оларды менсінбейді ғой. Менсінбесе де, басқа кімді таңдасын? «Небір сұлу, ақылды, тәрбиелі қыздар теңіне емес, әйтеуір біреудің қолынан ұстап кетіп жатыр. Оқыған біреу келсе, қыздар бірден «сынады». Тіптен, «жарысады», – деп, нақтылай кетті Нақыш апамыз (енді есіме түсті апамыздың аты). Жарысқанда, жігіттің мойнына ешкім келіп асылмайды. Әке-шешесінің құлағын жейді.

«Ал, енді тәрбиелі қыздар өте көп. Перде де тігеді, тамақтың түр-түрін жасайды. Көбісі әке-шешесінің қаталдығынан, көшеге де шықпай, қалып қалады. Обал, обал. Әй, біреуін ыңғайлайын да саған, Өркен», – дегенде, селк етіппін. Көзіме әлдебір идеал қыздардың елесі көлбеңдеп… «Қызым бар» дедім. Өтірік еді айтқаным. Бірақ, «ғашығым бары» шыңдық … Енді бұным Шыршықтың қыздарына тегін жарнама секілді болды-ау, общым біле жүрсін деген ой ғой менде. Әйтпесе, не шатағым бар Шыршықта…

Advertisements

58 comments on “Пойыздағы әңгіме: Шіркін, Шыршықтың қыздары!

  1. Менің туған жерім – Шыршық қаласы. Онда әлі күнге дейін менің туысқандарым тұрады. Бірақ, онда болмағаныма 5-6 жылдан асып кетті, ал онда соңғы рет болғанымда, қызға қарайтындай емес едім… 🙂

    • Ой, Ертай, Шыршықтың өзінен болсан, сол жақтың шырайлы қызын алып келіп, басқа бойдақтарға үлгі көрсетуің керек екен.. Мен мұнда былшылдап әңгіме соғып отырмын ғой

  2. Ой,осы Өркеннің жазбайтыны жоқ,мынаны оқып,таңатпай кабинетімде қараптан қарап мәз болып бір күліп алдым…

    ***..Ееее, бәлен жерде алтын бар деме, барсаң бақыр да болмастың кері тиіп жүрмесін…әйтеуір,байқаңдар…

    • Екі апам бетіңізде лағман созып, құлағыңызға жақсылап іліпті!
      Өтірік, тек еңбекқор дегенімен ғана келісе аламын, қалғаны гәп )))

      • Солай да шығар, кім біледі? Тегі болса, көреміз депті баяғыда бір соқыр. Сол сияқты арамыздан ғылыми-зерттеу экспедициясын жасақтап, Шыршық қыздарының генеологиясы деген диссертация жазуға бел бусаңыздар, қоғамдық қор ашуға көмектесейік!!!! 🙂

    • Тоты қыз, осы «материалмен» езуіңізге күлкі үйіртсем, онда шынымен жақсы болғаны шығар. Сіздің блогқа да бір сыралғы… Айттым ғой, Алматыда қызым бар деп, бармаймын онда, бармаймын.

      • Алматыда қызың бола тұра, Астананың қыздарымен кинотеатрдан шықпайды екенсің :)))

      • ха-ха-ха, Қалдықыз 🙂 оның бәрі қызым емес қой, бірде досыммен, бірде әріптесіммен, бірде … жарайды, басқа біреумен барамын ғой

  3. Ореке, ендиги жолы Тараздын кыздарын мактап жазшы, сол Шыршыктын кыздарына казак жигиттери кетип калмай жатканда.

      • Қалдықыз, дұрыс айтады: Тараздың арулары мақтауын асырмай-ақ, жоғары котировкаға ие! Фирдоуси секілді шығыс шайырларына шабыт сыйлаған қыздарды әлі де табуға болады деп білемін.

  4. Мәселен, қолынан бәрі келіп, үй шаруасын мықтап дөңгелетіп отырғанмен, кешке үйіңе асыға жеткенде сөз жарастырып «өз деңгейіңде!» (Өркенге қарата айтқаным 🙂 )әңгіме-дүкен құрыса алмайтын, өзімен бірге ой-санасын да жұрт көзіне жарқыратып алып шыға алмайтын қарабайыр қызға үйленер ме едің, Өркенжан?!

    • Өте қиын сұрақ! Кейде бірі үшін біреуін құрбандыққа шалуға тура келеді. Бірақ, менің жағдайымда, Құдай бұйыртса, әйелдік пысықтық пен ақылдың арасындағы теңгерімге салып, үйленуге тырысармын. Өзім ғашық қызды сондай үдеден шыға қояды деп сенемін!

  5. Негізі жоғарыдағы пікірге 50/50, 40/60, т.б. түрлі жақтарынан қарап пайымдауға болады. Келісетін жағым – қыз балалардың оқып-тоқығанын қолдағаным. Келіспейтін жағым – ұялы телефон, компьютер пайдаланғаннан «бұзылып» кетпейді *негізінен*. Барлығы отбасындағы тәрбиеге тікелей байланысты. Және қоғамға. Кішкене күнінен отбасындағы үйлесімді көріп өскен қыз «шектен шықпайды». Ал, күні бүгін тек қана тыйым салумен нәтижеге жетпейміз. «Тыйған сайын нәпсі күшейе түседі», сырттай момақан, бірақ анау-мынауға жасырын құштар болады. Түсінікті етіп ойымды жеткізе алдым деп ойлаймын.

    Пысы: Еркек ретінде, біреуге іні, біреуге аға, біреуге бала, біреуге дос ретінде менің жеке көзқарасым: Өз-өзін сыйлайтын қыздар еш уақытта өз абыройына дақ түсірер әрекетке бармайды және Жаратқан ондайдан сақтасын!

    • Күлегештің сөзімен келіспеске болмайды. Компьютер, сотканы шектеу маған да излишняя пренебрежение сияқты көрінеді. Шектен тыс тыю қарсы реакцияны тудырады. Адамның психологиясы солай жаратылған ғой өзі. Дегенмен, қазақта «Қызға қырық үйден тыйым» деген сөз барын да естен шығармаған дұрыс.

  6. Гүлфайрус, адамды бет-пошымына қарап тануға бола ма, әлде істеген істеріне қарап тануға бола ма? Осыған жауап жазсаң, ары қарайғысын маған қалдыр.

    • Енді қалай айтсам екен? Әлгідей қыздардың елесі бірде Дипуке Падуконенің, бірде Сонам КАпурдың, енді бірде Мариям Котийярдың кейпінде көз алдына келе береді ғой, қайсыбірін айтайын 🙂

  7. Әй, оларға обал екен ех! Оркен бирак дурыс жазыпсын, биздин кейбир сылкымдар ойлана журетин шыгар мына макаладан сон. Еркек деген дефицит екенин тусинип!

    • шыны керек, сол қыз таппай жүрмін деп сылтау айтатын жігіттерді түсінбеймін. Көре білген адамға көрікті һәм ақылды қыздар толып жатыр. Тек бағалай біл. Әрине, өзін де сол планкаға жетеқабыл болуың керек қой. Сондықтан, жақсы қыздың бәрі Шыршықта шоғырланып қалған жоқ шығар, олар барлық жерде, қасыңызда, осында…

  8. жақсы жазыпсыз, Өркен аға! Шыршықтың қыздары ұялы телефон, интернетсіз қалай өмір сүріп жүр деп таң қалып отырмын. 🙂

  9. Үй шаруасына пысық болған әрине қыз балаға жақсы ғой. бірақ әркім өз деңгейінен жағдайынан қарайды, сондықтан өзімнің жеке пікірім, Шыршықта тумағаныма мың шүкір Аллахқа. Перде тігіп отырса ужыыыссс.
    А бірақ барып көргім келеді ол Шыршыққа табиғаты керемет жер болу керек кажись

    • Перде тігеді дегеннен шығады ғой, Шыршықта жас отаудың үйін пердемен, шымылдықпен көмкеріп тастайды екен. Интерьерлік салты сондай. Сонымен бірге, оларда жігіт үйленсе, байып, қыз кетсе, кедейленіп қалады екен. Себебі, қызбен бірген Құдай салмасын, 25 көрпе (16 – жамылатын көрпе), киім-кешек, төсек-орны, енді екі машина дүние жіберетін көрінеді

      • Бұл да өтірік, Өзбекстан және Қазақстанның оңтүстік өңірінде (Сарыағаш, Жетісай, Түркістан жақта) қалыңдықтың үйіне мақтасы мен матасын, күріші мен сұйық майына дейін апарып береді күйеу жігіт. Қонақтарға дастарханына салатын тәтті-құттысы да жігіттің мойнында. Енді кімнің байып қалатынын өзіңіз шешіңіз.

  10. әркім өзіне лайықтысын таңдайды да. Тек перде тігіп жүрген қыздан қандай мәселені талқылауға болады? немесе мектепті бітіре салып, құрлысқа кеткен жігіттен қандай тереңдік күтуге болады?
    жалпы, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу адам болған жақсы ғой. 21 ғасырдамыз.

    • Дұрыс, «Заманына қарай адамы». Көштен қалмаған, ибадан айрылмаған қызды қай жігіт арман етпейді? Қазіргідей тұрмыс билеген заманда әйеліннің бәсекеге қабылетті, білімді, тіл білген болғаны қандай жақсы!

    • Қазанның төрт құлағына ғана иелік ете алатын қыздар ғой олар, үнін шығарса төркініне апарып тастауы мүмкін деп өмірі бұғып өмір сүретін бейшаралар.
      Мақтап ескерткіш қойыңдар оларға, тек Шыршық емес жалпы Мұсылман қыздарына.

  11. Жігіттің басымы өзіне қарсы сөйлей алмайтын, түнде ләйліп келсең, тәк деп айта алмайтын, жуас қызды іздейді емес пе? Мүмкін, солардың вкусынан шығып жатыр. Ал, ескерткіш қоюдағы идеяңды қолдаймыз 🙂

    • Келін күң емес, күйеу қожайын емес! Екеуі де тең құқықты, бір-бірін көзіне қарап-ақ түсінетін, сыйлайтын адамдарды нағыз бақытты жанұя деп, ал сау кезінде қойдан жуас, ішіп алса топас фәлсафасын жевать етіп зығырданыңды қайнататындар мен бұғып отыра беретін бейшараларды (мен әйелмін шыдау керекпін деп жүре беретін) психологқа көрсету керек!

    • Кешігіп қалса, травмотологқа, тіпті, хирургқа апаруға тура келер, құдай сақтасын де…
      негізі бар ғой, қолынан іс келетіні, байлы-бақуатты жерден шыққаны, болмаса қарапайым отбасынан шыққаны, перде тігетіні, ыдыс жуатыны, сиыр сауатыны, тамақты жақсы пісіретінін, ет аса білетіндігі, тағы басқа толып жатқан көр-жер әйелдік факторлар семья құру үшін пайдаланылатын алғашқы критерий болмауы керек сияқты. Бұның бәрі…әшейін…бонус секілді. Ең маңыздысы әйеліңнің саған берілгендігі, саған ақ-адалдығы, осы менің жарым, осы менің үйім, осы менің отымның басы деп мойындауы, отағасым осы деп сені сыйлауы(әрине, бұл жерде осының бәріне тұратын Еркек бар деп шартты түрде алып отырмыз)))))).
      Әйтпесе, сиырын сауып, баланы бағып, тамақты пісіріп, кірді жуып, пердені тігіп, бірақ, сен жұмыстан келгенде жыландай жиырылып, ысқырынып тұрса, оның несі жақсы)))))))))

      • …сен жұмыстан келгенде жыландай жиырылып, ысқырынып тұрса…
        мен жалғастырсам, «айлығың қайда» деп пышағын қайраааап тұрса иә, болмаса асханадағы ет шабатын балтасын бір қолынан екіншісіне лақтырып, күйеуінің зәресін алса ше?! )))

      • Өзі әрең жүрген жүректі одан әрі шошытпашы, Қалдықыз)))))))))))

      • Қап-ай, ә Қисық ағамыздың сүрмелеуіндегі әйелге қызығып кеттім ғой, иә ең бастысы – әйеліннің саған адалдығы, жар таңдаудағы критерийдің ең мақсұмы осы

  12. Қазір перде тігіп, үйде отыратын қыздардың заманы өтіп кеткен. Сотка мен компьютерге жолатпайды деген не пәле тағы? Сақтай гөр. Он жерден үйдің шаруасын дөңгелеткенімен, білім жоқ қыздар болашақ балаларына қандай тәрбие береді? Оның үстіне әкесі ұста, не болмаса құрылысшы, т.б. Сонда баланы кім оқытады? Короче, ондай ұлт құриды, дамымайды. Ужасс!

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s