«Джамбулдан» «Алма-Атаға» дейін


Қыркүйектің аяғы, қазанның басы… отарбамен біраз ойқастауға мүмкіндік алдым. Таразда болып, қарындасымның тойын өткердім. Алматыда болып, танымал журналист Кәмшат Тасболатты күйеуге ұзаттық. Қысқасы, жақсылап көңіл де көтердік, туфлиді майыстыра, жер тепкілей биледік те… Бірақ, кейіннен билеттеріме қарасам, мен мүлде адресатқа барыппын. Тараз дегенім – Джамбул. Алматы дегенім – Алма-Ата болып шықты. Сенбесеңіз, билеттеріме қараңыз. Сонда, «Қазақстан темір жолы» қай ғасырдың өтінде қалып қалған? Әлде, жалғыз Елбасының жарлықтарын құймышағына қыстырмай отыр ма? Түсініксіз!

Advertisements

7 comments on “«Джамбулдан» «Алма-Атаға» дейін

  1. Астанадан Өскеменге баратын «Астана – Лениногорск» бағытын қосып қойыңыз. Билеттің көшірмесін салсам да болады. Лениногорск Риддер атауын алғалы қай заман…
    Айтпақшы, сол атау ауысқанда мынауың неміс қой деп ешкім ештеңе демеп еді. Қазіргілер болса Қызылжарға шүйлігіп қалды, ерте, қажет емес, шығын кетеді деп.

    • Иә, Риддер атауы революцияға дейін болды ғой, алғаш кен орнын тапқан, білуімше ағылшын геологы. Расында, осы Целиноградты Астана деп атағанда, қарсылық ретінде көшіп кеткен адамды көріп пе едіңіз? Жоқ қой! Демек, Қызылжар десе, кетеміз деу де құр айқай, құрғақ угроза!

  2. кезінде жүйеге енген бойда өзгермей қалған ғой. Ол теміржолды өзгерту сонша қиын ба екен сонда әлі күнге шейін солай тұрса. Қазақстан ішіндегі нәрсе ғой?
    Мысалға аэропорттың код аттарын өзгерту мүмкін емес, бүкіл әлемдің жүйеге еніп кеткен күйінде. Мыс Атырау GUW, CO бірдемке күйінде. Былай билетке қала аты жазлғанмен қала коды бұрынғыша.

  3. Соны айтамын, 6 градус, бұл техникалық тұрғыда соншалықты қиын операция деп ойламаймын. Билетті қорғасын қарыптермен құйып жатқан жоқ қой. Бәрі – компте. Бағдарламасының бір жерін түртсең, мәселең шешіле кетеді

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s