Астананың аурасы…


Жұмыс бабымен деп қояйыншы, Астананың сол жағалауына түнемесем де, баруыма тура келеді. Екі күннің бірінде… Осы шәрге келгеніме бір айдың жүзі толды десем, ойыма түйгенім – «Астана – биліктің бекінісі». Мұндағы жолға төселген жасанды мәрмерден жылтыр күмбезге дейін сықиған саясатпен сасиды (жақсы мағынасында). Шікірейген шенеуніктер.  Қожайынын күтіп қаңтарылып тұрған «тұлпарлар»  – маңқиған «Мерседес», «Лексус»…

Күн көзіне жарқырай қалатын жарықтық «Ролекс». Итальян туфлиі, бүзау терісінен тігілген портфель, жібек галстук, әй қоя берші, осының бәрі еліктіреді екен. Делебеңді қоздырады. Қарадан қарап тұрып, осы «соблазнның» соңынан ергің келеді. Қалайда шенеунік болсам дейсің. Егер Елорданың сол жағалауына соқсаңыз, әрі осындай ой бір келмесе басыңызға… Сіз басқа типтегі адамсыз. Ал, мына мен пенделік қиялдың қалауын орындап, сүйріктей «Мерседестің» оттаманкасына (жатуға болатын орындық) ұйықтап та шығамын… Қиял жүйрік қой. Астананың ауасы, аурасы, общым осындай фантазияға жем беріп қояды. Бірақ, мынадай сурет осыған дейін айтқанымның аузын бұзып жіберетіндей көрінеді. Бұл – «Самұрық-Қазынаның» ғимараты. Қутілділер «төңкерілген шелек» деп те атайды. Мына альпинистер сол алыптың әйнектерін жуып, кірден тазартып жатыр. Бірақ, іштегі, кабинеттегі, залдағы, дәліздегі сан атқамінердің кірін кім тазартады екен,а? Альпинистер оған қауқарсыз. Басқа жандарға, дұрысы басқа кәсіптегі адамдарға қарағанда олар тезірек кірлейтін тәрізді. Ішкі секреция бездерінің жұмысы бұл жерде «не причем». Ал, ішкі жан, рух, ұят, арға келгенде, қатысы бар. Соны ойлайсың да, әлгідей «соблазннан» селк етіп оянасың. Секем аласың. Жалпы, бұл ой фотодан кейін туған болатын…

Advertisements

16 comments on “Астананың аурасы…

  1. Сол жақ жағалауда алып бара жатқандай керемет әрі жинақы жасалған, соғылған ғимарат немесе опталық көру өте қиын. Қаншама ақша желге ұшты ма дерсің ойқыр-шойқырлы адам жүретін жолдарды көріп.

  2. Осы жайында баяғыда Жас қазақта «Хай тек, әй тек» деген мақалам шыққан. Расында, архитектуралық стиль тұрғысынан Астананың алға шығып тұрғаны шамалы

    • Сол жағалау ұнауы тиіс. Шыны керек, маған Астананың Республика даңғылы қатты ұнайды. Баяғы бес қабаттты үйлердің экстерьерін сондай талғаммен әсемдеп шыққан. Қазақылықтың лебі де есіп тұрады.

  3. сын айтуға қашанда дайын халықпыз ғой.
    негізі, жақсы болсын, жаман болсын, сол ғимаратты көтереміз деп қаншама адам еңбек еткенін білесіз бе? қаншама суық пен ыстыққа төзді. Қаншама жылдар салынды. сырт көзге лезде салынып, тапсырылған секілді, алайды әр бір қаланған тастың ар жағында үлкен еңбек жатыр.
    бұл бір.
    екіншіден, талғамға талас жоқ. маған астананың сол жағалауы өте ұнайды. Шет елден келген қаншама қонақты қыдырттым, бәріне ұнап жатыр. 10 ақ жылдың ішінде саз жерге жаңа қала тұрғызу әркімнің қолынан келе бермейді.
    жамандай бермейікші. жақсысын айтып, жаманын жасырып жүрген артық қой.
    не болмаса, қолдан келсе, қате жері болса түзетуге ат салысу, қолдан келмесе, үндемеген артық.

    • Иә, қаланың архитектуралық келбетін қабылдау-қабылдамау, әркімнің жеке шаруасы. Маған, мысалы осы келбетте бір жүйелілік жетіспейтін сияқты. Гизаның пирамидасы, Мәскеудің сталинкасы, Қытайдың пагодасы…, осылай-осылай, ойым түсінікті шығар. Ал, уақыт пен еңбек категориясынан алғанда, әрине Астананың құрылысына айтар дауым жоқ

  4. Айдос Сарым айтқан анекдот:
    –Жер сілкінсе, Астанадан не қалады?
    –Целиноград.
    ПыСы: Құдай содан сақтасын деңіз.

  5. Қонаевты көрмедім,қалдырған дүниесімен қауыштым… Астана дегенде бір түрлі жаурап кетемін…

    • Қонаев әлі де өз бағасын алмай жатыр. Әйтпесе, Кеңес өкіметі гүрілдеп тұрды десек те, 48 қаланы салдыру ерен еңбек қой, білген жанға

  6. а маған ұнайды Астана, Ну жазда ғана бардым әрине:))))). Өзім қапырық жақта келген соң Астанаға барғанда тынысым ашылғандай болды. Ондай жағдай қазір Алматыда жоқ. Сол жақ жағалауда такси ұстау қиындау:)))

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s