Синагогаға қалай барсам болады?


Алда-жалда алдыңызды біреу кес-кестеп, осындай сұрақ қойса, біле жүріңіз. Таак, бізде синагога дегенің Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Қызылжар (Петропавл), Тараз, Теміртау және Шымкент шаһарларында бар көрінеді.

2001 жылы Керекуде жөйіттердің жаңа құлшылық үйі ашылған. Ал, 2004 жылы Астанамызда, Орталық Азиядағы ең үлкен (осы теңеудің соңынан тентіреп кетпесе болды) «Бейт Рахель – Хабад Любавич»атты синагога ашылды. Иісі еврей біткен естері шыға қуанды. Жер-дүниеден раввин ағылып, иврит тілінің мәйегінен тілектер ағылған ғой Астанамызда. Сонымен бірге, еліміздің әрбір облысында еврейлердің діни қауымдары құрылған, қалыптасқан… Бұл әңгімені не үшін бастадым, немен аяқтарымды да білмеймін. Иудофоб емес сияқты едім, әлде ішкі қатерімнен сыр алдырым қойдым ба… Бірақ, сіздермен осыны бөліскім келді.

Advertisements

10 comments on “Синагогаға қалай барсам болады?

    • әрине, әлемдік саясаттың бишігі осылардың қолында тұрғанда… ойлануға тура келеді. Бірақ, солай екен деп қарсылық көрсетпей, құйрығымызды бұлғай бермеген жөн

  1. «Бейт Рахель – Хабад Любавич»дегеннің алдыңғысы ма, соңғысы ма, Машкеевичтің шешесінің аты. Бұл синагогаларды қаржыландырып отырған Машкеевич. Былтыр ма, алдыңғы жылы ма Астанада синагога ашылғанда еврейлер 20-ға жеткізбей тоқтамайық деп шуласқан. Бұны қастарында жүріп естіп, әй осылар осы мақсаттарына жетпей тынбайды-ау деп ойлап ем. Блогымда «Блогшыларды бір ортақ істі жүзеге асыруға шақырам» деген материал тұр осы туралы.

  2. Бұл жаңалығынды бірінші рет естіп отырмын. Машкевич деген «біздің бағымызға» туған марқасқа ғой, металымыздан метал қоймай, биржаға салып жатқан

  3. Бұл орындарға баратын қазақтардың саны көп болмаса, онда не қауіп бар екен? Бос тұрып, қалаға сән береді емес пе бір қарағанда?!

  4. Періште алтын көрсе жолдан таяр…жылтыраққа көз тастап көр болып қалып журмейік

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s