Қайрат Мәми қашып кетіпті…


Астана ауасын сілтідей бұзған сыбыс осылай деп соғады. Кездесіп қалған көзтаныстан бастап, әңгімесін «Естідің бе, Қайрат Мәми қашып кетіпті ғой… Қашқанда да шетел асыпты. Міне, екі аптадан бері кабинетінің емен есігін ашпаған көрінеді» деген сыбыстан бастайды.

Біреуі «осыны біліп бер» деді. Білдік. Бас прокуратураның баспасөз қызметі шалқасынан құлай ма деп едік, «Құдай сақтасын!» деп қоя салды. Берген жауаптары былай: «Қайрат Мәми ешқайда да қашқан жоқ. Жұмысын істеп жүр. Қазір ғана жиналыс жасады ғой, жалпы, сол жұрттың аузынан шыққанның бәріне жалпылдап сене бермеңдерші. Теледидар қарамайсыңдар ма не?». Расында, сәрсенбіде Қайрат Әбдіразақұлы бір топ мәжіліс депутаттарымен кездесуде болғанын «Қазинформ» хабарлап жатты. Бізді де қайбір сыбысқа құлақ түріп жүр дейсіз, бірақ осындай өсек-аяңның нақты оқиғадан оза жүретіні бар емес па? Саяси жүйеміздің сергелдеңі де осында…

Advertisements

7 comments on “Қайрат Мәми қашып кетіпті…

  1. Шынымен де «Құдай сақтасын!» Шенеуніктеріміздің бәрін қашырып жіберсек не болғанымыз?! 🙂 ))))

  2. Бәрінің қашып-пысуға, керек кезінде ұлттың мүддесін сатып жіберуге даярлығына осылай осылай көз жеткізе береміз

  3. Бүгінгі ақпараттық майданда бейресми ақпарат-сыбыстардың дәуірлеп тұрған кезеңі ғой!!!

  4. Мысалы, Ө.Шүкеев үйқамақта болып шықты, С.Қалмырзаевты инсульт алды, оның алдында 2 күн СИЗО-да жатып шықты деген сияқты сыбыстар желдей есе береді саясатта

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s