Фетхуллаһ Мірқасымұлы..?


Осы аптада Алматы төрінде қаламгер ағайын үшін ақ түйенің қарыны жарылып, ғаламат той болып өтті. Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 75 жыл толды. Иә, бұл тек «ардың ісін» ойлаған арда азаматтардың думаны емес, қалың оқырманның, демек біздің де тойымыз десек, тура болар. Абай ескерткiшiне қалампыр шоқтарын қойып, мерекелiк пленумде Олжас Сүлейменовтен Шерхан Мұртазаға дейінгі марқасқаларымыз бой көрсетіп, сөз сөйледі. Солай болуы тиіс сияқты…

Тек одақ төрағасы Нұрлан Оразалиннің бір тұлғаға деген алабөтен сезіміне тағы куә болдық. Әңгіме заманымыздың заңғар ойшылы деп дәріптелетін Фетхуллаһ Гүлен турасында. Осыдан біраз бұрын Оразалин бастап, басқалар қоштап «Гүлен және қазіргі әлем» атты ғылыми-зерттеу конференциясын ұйымдастырған болатын. Ендігі жерде 75 жылдықты тойлаудың іс-шараларының қатарында Гүлен туралы қазақ зиялыларының зерттеулерiнен тұратын «Сана сәулетшiсi» атты жинақтың тұсаукесерi өтті. Жинаққа тек жақсы пікірлердің кіргізілгені белгілі шығар. Былай қарағанға, бұл мәселенің бір қыры ғана. Аты-жөнін атамауды өтінген бір ағамыз «Жазушылар одағы қазір түркілендірудің ошағына айналып барады. Абай бізге авторитет болмай қалды. Авторитет, әне… Гүлен», – деп, қоясын ақтара салды. Ақиқатында, Гүленнің идеясына бас ұратын әлемде бес миллиондай адам бар десек, оның сеніміне күмәнмен қараушылардың қарасы бұдан кем түспес. Мысалы, Гүлен турасында «нұршылар» жамағатының көсемі, өз Отаны қуып шыққан соң, амалсыз Американы паналаған қашқын, ЦРУ-дың агенті» деген қауесет (осылай дейікші) қаулап тұрғанда, оны қалайша «сүттен ақ, судан таза» дей аласыз? Тазасын іздесек, Гүленнен басқа қолына қалам ұстаған пенде таппай қалыппыз ба? Абайды былай қойғанда, Мағжан, Міржақыптар қайда қалды? Осы ойды қуалап, Нұрлан Мырқасымұлының мазасын алуға тура келді.
– Алло, мерейтой құтты болсын! «Сана сәулетшісі» деген жинақ кімнің қаржысына шықты?
– Оны не қыласыңдар? Жазушылар одағында ондай ақша қайдан болсын? Шығаратын адам табылады ғой… Бастысы, орайын тауып, кітап шықты.
– Жалпы, Оразалин мырза Гүленді көп насихаттап кетті, сыры неде деп сұраушылар көп. Осыған не айтасыз?
– Қазір қасымда адамдар отыр. Дың-дың-дың…

Осымен байланыс бітті. Ал көкейді қыздырған сұрақ дыңылдап қала берді.

Advertisements

20 comments on “Фетхуллаһ Мірқасымұлы..?

  1. Өте дұрыс айтасың. Біздікілер қолдан тұлға жасағанды қашан қояды осы. шын тұлғаны халық өзң таңдап алмаушы ма еді.

  2. Біздің қырқаға шыққан ел ағалары шетелден бір-бір тұлғаның шаужайына жармасып алады. Біреудікі – Ли Бай, біреудікі – Битлз, енді біреуінікі – Гүлен

  3. Гүлендіктер гүрілдеп тұр. Тек онысын халық әлі толық біле бермейді. Әлі Қазақстанның халқын итше таласа да ештеңе істей алмайсыңдар. Өйткені олар өте көп. Дүниенің кез-келген бұрышында бар. Түптеп келгенде, сіздің ағайын бауырыңыз немесе жақын досыңыз осы топта болуы бек мүмкін.

  4. Менімше, Гүлен мырза расында ғажап адам. Кітабын оқысаң, көзіңе еріксіз жас келеді. Адам жүрегіндегі барлық сезімдердің пернесін басып, көңіліңе үңіліп тұрған секілді.
    Өзіміздің ойшылдарымыз, жазушыларымыз бен ақындарымыз көп. Олардың орны бөлек. Алайда, Гүлен мырзаның да жазғандарын біздікінен төмен деуге болмайды ғой.
    Сын айту оңай ғой….

    • Әрине, сын айту оңай іс, кітаптарының келісті, сөздерінің салмақты екеніне де келісемін, бірақ бірінші өзіміздікін ардақтап алайықшы, содан кейін де басқаларды түгендеп алуға болады

      • aizhannur, Гүленнің жеке басына қадалып қалған адамды көрдіңіз бе? Көбінің айтары мен тағар сыны оның артынан ерген жамағат пен олардың қазақ еліне түндіретін қауібі жайлы болып отыр.

  5. Жазушылар да бір-бірін көре алмайды ғой. Түріктің бір кітабын шығарды деп, іші ашып кеткен болса керек. Шығарса, шығарды. Онда тұрған не бар?

  6. Мәселе, кімді шығарғанында… Гүлен жайлы оң пікір де, теріс пікір де көп, әрине кісінің жақсылығын бағалай білген дұрыс, бірақ әлгіндей пікірлердің түп-тамырында шыңдық жасырынбай жатыр деп кім айта алады?

  7. Алдында осы мәселе турасында бір досыма айтсам, бұлар Жазушылар Одағына да жеткен ба? деген таңданысын білдірді. Мен түсінбей қалдым, сөйтсем айтады, бұл түрік лицейлер, жалпы көптеген түркілердің жасап жүрген вахаббистік уағыздары оларға аз ақша әкелмейді. Бірнеше миллиондаған қаржы келіп жатыр дейді осында. Біз солардың етегінде келеміз дегенді айтты.
    Ойланатын жәйт…

  8. Гүлен жамағатын тек бір нәрсе үшін ғана сыйлаймын – дінді жақсы таратып жүр. Бірақ менің ойымша басқа астыртын ойлары бар. Оны мына жерге жазбай-ақ қояйын. Өз елінде толық мойындалмаған адамды ұлықтау дұрыс емес меніңше. Біздегі «хизметтегі абилердің» істеп жүргендері ғой.

    • Дұрыс айтасың, Аршат, біздің мақсат, сол астыртын ойлардың іске асырылуына жол бермеу болмақ, ол тек Гүленшілерге ғана қатысты емес

  9. Түріктер лицейлерін еріккеннен ашқан жоқ. Арабтар да солай. Біреудің қаңсығын таңсық көретін әдетіміз ғой, өзіміздің Арыстарымызды дұрыс танып алмай тұрып.

  10. Turkiyada onyn zaty jok bolganymen onyn atymen talai is istelinip jatyr goi.
    Jane birinde min bolsayshy. Zaman gazet anau. Jyl saiyn otkiziletin »Turkce olimpiyattari» turaly angime tipten baska.

    • Естіп жатырмыз. Қазақстанға да қазақ-түрік лицейлері, кампустары, «Достық» дайындық орталықтары сияқтыларды құруда көп пайда да тиген шығар. Бірақ, ай бәрібір секем бар. Білмедім..

  11. Гүлен туралы алып-қашпа әңгіменің төркіні сонау Ататүріктің кезеңінен бастау алады. Яғни Түркияның ішкі саясатын жақсы білмегендер әртүрлі жағымды не жағымсыз сөз айтып жүр. Екіншіден, кім не десе де, Гүленнің кітабын оқымағандар баяғыдай жатқа сөйлей береді, сөйлей береді. Өкінішті… Бізде Ұлттық Қауіпсіздік комитеті жоқ па? Бар. Кімнің не істеп жүргенін, қандай астыртын мақсат қуғанын білмейді дейсің бе? Ақылмен таразылаған жөн. Сол мектептердің ашылғанына жиырма жылға жақындап қалды. Қазір ғана санаң ояна қалды ма? Түпкі мәніне жетпей сайрай беру сөзге обал емес пе?

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s