«Оңтүстік астана» деу орынсыз!


Еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының көпшілігінде Алматыны «Оңтүстік Астана» деп атау жиі кездеседі. Мәселен, өзгенің қатесін тексергенде өкпесі айырылып кете жаздайтын «Время» газеті ауа-райы болжамын бергенде, «Южная столица» деп бақырайтып қояды. Жаңылысады деуге ауыз бармайды.

Аспан асты, жер үстіндегіні жарғақ құлағы шалып жүретін журналист қауымы осыны білмей қалды ма? Қасақана, жорта тірлік. Себебі, 1998 жылы астана Алматыдан көшкенде, «Алматының айрықша мәртебесі туралы» Заң қабылданып, республикалық маңызы бар қала атанған, яғни бас қала. Ал, 2007 жылы қабылданған «ҚР Астанасының мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Яки, астана деген сөз Астанаға ғана қосарлануы тиіс. Демек, заң қоспайтын мәртебені «зарлай» берудің қисыны жоқ.

Әділбек Жапақ деген досым бар. Қазір «Астана» журналында бас редактордың орынбасары болып қызмет жасайды. Әдекеңнің ойын өзінің рұқсатымен осында басып отырмын. Былайша елемейтіндей, елеңбейтіндей-ақ нәрсе ғой… бірақ, мәселе орынды қойылып отыр.

Advertisements

10 comments on “«Оңтүстік астана» деу орынсыз!

  1. Өркен дұрыс қой, бірақ мұнайлы астана, күрішті астана, мақталы астана, көмірлі астана деген сөздерді де қолданып жүр бүгінгі қалам ұстағандар. Оларға не дейсің? Бүйте берсе, қазақтың бар қаласы астана дәрежесін сұрап масқара болмаймыз ба?

    • Бұл жерде акцент тек Алматыға түсіп тұр-ау. Яғни, Алматыдан астаналықты алғанда, о енді бұл атаққа таласпауы тиіс деген сияқты ғой

  2. ***Яки, астана деген сөз Астанаға ғана қосарлануы тиіс

    Егер,заң солай талап етсе,онда ой орынды.

  3. Ал «Оңтүстік Астана» дегеннің несі жаман? Одан астанамыз Астананың бір жері қисайып қалмайды ғой…

  4. «Алма-Ата, где мы и не будем,
    Алма-Ата, тебя мы не забудем,
    Алма-Ата, во сне ты нам приснишься,
    Алма-Ата, наша южная столица…» 🙂 ))))

  5. немесе:
    «Казахи настолько ярко показывают свою состоятельность, что перенесли столицу из Алматы в Астану только из-за того, чтобы флаг на ветру развивался!»
    деееп, пенделікпен Алмтынын статусын Астанага әлі күнге қия алмаай жүрген алматылықтардың айттатыны гой. Бұрынғы астанадан қалған ауыздағы тәтті дәм…. еххх! )))

  6. Заң негізінде дұрыс , астана атауы Астанаға ғана қосылуы тиіс. Ал жалпы халықтың аузында жүре берсін. Кімге кедергі. Мысалы орыстардың кейбірі Санкт-Петерборды екінші астана деп айтып жүреді, ауызекі тілде. Ал БАҚ-ы заң негізінде жазуы керек. Оңтүстік Астана дегенді сөйлеген сөзіне сән беру үшін қолданады кейбір журналистер.

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s