Жандостың жанайқайы…


Қазақтың жас ұланы Жандос Бақытбекұлы қамауда жатыр. Естеріңізге сала кетейік, ҚазҰУ-дың студенті «Work and travel» бағдарламасымен Америка асқан болатын. Жеңіл-желпі жұмыс істеп әрі ел аралауға еркіндік беретін бағдарлама әдетте 3 айға созылады.

Бірақ, Жандос үшін бағдарламаның қызығы Қылмыстық кодекстің шыжығына ұласқалы тұр. Неге десеңіз, оны «балиғат жасына жетпеген қыз балалардың тәніне қол жүгіртті» деген айыппен абақтыға қамап, тергеуге алып жатқанына, міне жиырма күннің жүзі… 2 қыркүйекте болған сот отырысынан кейін Жандосты кепілдік беріп, округтық түрмеден шығарып алды. Келесі сот отырысы 30 қыркүйекке белгіленген. Міне, осындай мазасыз кезде торға тұтылған бауырымыздың жаны шырқырап тұрып жазған хаты қолымызға түсті. Хатты тезистермен бергендегі, мағынасы мынадай.
«…Тамыздың жайма-шуақ күні. “Magic Forest” саябағындағы “Slide” (“сырғанақ”) атты аттракционда жұмыс істеп жатқан едім. Түскі ас уақыты да келіп, үзіліске шықтық. Бір Аллаһым бетін ары қылсын, бұлдап отырған жайым жоқ, ораза тұтып жүргендіктен, ас ішуге бармадым. Достар бірігіп, футбол жайлы сөйлесіп отырғанбыз. Сағат 12.10 шамасында мені бастығым шақыртты. Бастығым Шелли маған: “Сен бір қыздың ұятты жеріне қолыңды сұғыпсын ғой”,- деді. Шатастырып алған болар дедім де, таңқалысымда шек жоқ, сыртқа шықтым. Саябақ сыртында мән-жайды толық сұрамастан, мені полиция машинасы келіп, алып кетті.

Ойымда жаман ой жоқ, қарсыласпадым. Бөлімшеде менен не болғаны жайлы анықтама алды. Жанымда досым болатын. Кешке қарай “үйге қайтамыз”,- деп сұрансақ, жібергілері жоқ. Мен сонда қалдым, ертеңінде ғана мені тұтқындағандарын білдім.
Сондағы жазығым, сырғанақтан сырғанауға арналған кенеп қабына дұрыс отырмай, төмен құлап бара жатқан қызды аяғынан ұстап, артқа тартып дұрыс отыруына көмектескенім. Ал ол қыздың полиция қызметкеріне берген анықтамасын көрсеңіз… Жағаңызды ұстайсыз! Мен жағамды ұстай-ұстай ақ жағам қарайып кетті…
… Барлығы да бір Аллаһтың қалауымен, менің де, маған қол ұшын беріп жатқан адамдардың іс-әрекеттері оған тек себепкер ғана болып қалады. 30 қыркүйекте сот болады. «Қыстың қамын жаз ойла». Төрелік сотта, ал оның бүйрегінің басқа жаққа бұрыла салмасына кім кепіл?!
Мен жатпай-тұрмай, ізденіс үстіндемін. Бірақ жоғарыда отырған аға-апайлар менің жайымды біле тұра, көңіл аудармауда. Ешкімге лажым жоқ, ешкімге де қатты айтудан аулақпын. Бір айтарым, осыған жауапты органдардың маған көмекке қол ұшын бергендері шамалы күйінде қалып отыр. Бір жақ “біз сізге көмектесейік”,- десе, енді бірі мүлдем салғырттық танытып отыр. Мен ешкімнен тіленіп көмек сұрамаймын. Бірақ, ел жүгін арқалап отырған аға-апайлар менің халіме бейқам қарап, жүн көрпені жылы жауып қойғандарыңыз таң қалдырады.

Қазақстандық БАҚ-та мені бос, мылжыңға бергісіз сөздермен табалауға ғана шамалары жетті. Тіпті, “Жандос кінәсін ішінара мойындап отыр”, – деп жеткізгендер де бар, қалай қолдарыңыз ерік берді мұндайға…
… Ер намысын қамшылай алатындай кез келді ғой, неге сол атам қазақ тұқымының бір тұяғына жөнді көмек бере алмаудамыз?! Мен – қазақпын! Қаным- қазақ, жаным қазақ деп жар салады жүрегім. Әттең, жауырыным жерге күрессіз тимей тұрғанда… Ендеше, маған жабылған жала отын сөндіруге неге қол созбайсыздар?! Махамбеттер қайда қазір, батыр өлді деп, ұрпақтары жер иіскегені ме бұл?! Бұл мақала бәріңізге болмаса да, біріңізге ой салады деген үмітім басым!
Расында, Жандостың екі әпкесінен басқа, бізде «Мұнысы қалай? Бұны қайтеміз?» деп, қызуы басына тепкен қоғам мүшелерін көрдіңіз бе? Жоқ. Бұл – «осы жағдай басыма, балама келмесе болды, қалғаныкы пішту» деп, көрпесін өзіне тартқан өзімшілдік патологиясы. Басқа елдің Жандос сияқты ұлы жазықты болып қалса да, бірінші тұлғаларынан бастап ара түседі. Беделін салады. Қысым жасайды. Ал, бізде – «өзіңнен көр» деген кредо. Бұрындары қайбір партияның «Біргеміз. Берік іргеміз» деген ұраны құлаққа майдай жағушы еді… Қазір оны да аз еститін болдық. Осы хатында «немкетті» сөзін Жандос биліктің әрекетін сипаттаушы ретінде қолданады. Ендеше, осы теңеу тұрақты анықтамамызға айналмасын десек, мүдделі органдарды белсенділік танытуға шақырамыз.

Advertisements

12 comments on “Жандостың жанайқайы…

  1. Сұмдық! Жетпегені осы еді!
    Ресей болса, А.Малаховтар аттандап, орыстын мүддесін қорғап, «Пусть говоряттың» бірнеше шығарылымына қайта-қайта, қоймастан азық қылар еді, орыс баспасөзін айтпағанда…еехххххххх!!!! Қазақ журналистері, келдек қаламдарың қайда қалдыыы?????!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

    • Журналистің сөзін кім тыңдайды? Олардың қаламы, микрофоны, камерасы ақиқатты айтқанымен, билік лып етер елгезек емес қой. Самарқау. Немкетті

  2. Шынында да еврей болсыншы, шулатып шыгарып алатын еди. Жала екені айқын. Не істеуге болады?

  3. TUF, JANDOSTYN OZ JAZGANDARY TIPTEN JUREKTI AUYRTADY EKEN.
    OSY AMERIKANYN ZANDARY KYZYK…
    OSYDAN BIR 4-5 JYL BURYN ASEL DEGEN KAZAK KYZY SOL JAKTA 20 JYLGA MA, OMIR BOYGYGA MA SOTTALMAP PA EDI?

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s