«Жаңарту» ма, «Жаңару» ма?


Апта басында мойынын қылқитқан мәлімет «Жаңару» деген жаңа партияның ай-күні жетіп, жарыққа шығуға қамданып жатқанын айтады. Қазақстан мұсылмандар одағынан ескен жаңалықтан есте қалғаны… партияның көшбасшысы Артурзиньо Сәбденов (!) деген кісі. Жаһантордың іздеуші «иттері» бұл есім-сойдың төңірегінде тілдері салақтап, орнын тіміскілеп жатты.

Қашан туып, қайда өскені белгісіз. Ашық саясаттың «тылына» жұмыс істеп келген азаматтың енді партия басынан табылуы электораттың сенімін еселеп жібермесі анық. Десе де, жаңа партияның өкілдері «ереуіл атқа ер салмай», еліміздің облыстарын шарлап, үгіт-насихат жұмыстарын үдетіп жатса керек. Бұл жайында бізге осы ақпаратты таратқан Қазақстан мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телібеков айтты.

«Партияның Әділет министрлігінен сәтімен тіркелуі үшін тиіс аймақтардағы сайлаушылардың қолын жинау жүріп жатыр. Ал, Артурзиньо бұрын Орталық Азия университетінде дәріс берген. Кейін Қазақстан халықтары Ассамблеясында қызмет еткен. – дейді Мұрат Телібеков – Одан кейін «Даму» партиясын ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында болды. Енді міне, сол идеяны жаңаша леппен бермекші. Партия парламент сайлауына ғана емес, Президент сайлауына да қатысуға ниетті». «Даму» дегеннен шығады, осы партияның кеудесіне үрлеп дем бітірмекші болғандардың талпынысы еш болған. «Әне-міне құрылады, Парламенттегі аға партияға серіктес болады» деген гу-гу әңгіме ауыл-ауылдағы «шарайнаның» эфирінен шықты. Жаһантордағы білгішбектер «Жаңарудың» сол шаранасында суға тұншыққан «Дамудың» түрөзгерісі екенін айтады. Артурзиньо мырзаның «Дамудан» дамып келгенін ескерсек, бұл сөздің жаны бар сияқты. Әрине, жаспын деп жұлқынғанымен, «Жаңаруға» ешбір партия жұмсақ орнын босатып бермейді. Оның үстіне, партия тіркеуден өтпей жатып, «Нұр Отан» тақылеттес саяси тіршілікті жандары сүйетінін һәм Мәжілістегі біраз мандаттан дәмесі барын білдірді.

Сонда, «Жаңару»партиясы нені, я кімді жаңартады? Әлде, бұл пафос атауға пәлендей мән бермеген дұрыс па? Қол-аяғы семген билік құрылымына қан айдау Артурзиньо Қалдыбекұлының қолынан келе ме екен десейші? Айтпақшы, Қазақстан мұсылмандарының одағының мәліметінде партия атауы «Жаңарту» деп көрсетілген. Сізді білмедім, бізге «Жаңарту» сөзі қол-аяғыңды қайырып қойып, ырқынан тыс мәжбүрлеу сияқты естілді. Естіледі десеңіз де болады….

Әйтеуір, бір анығы – саяси кеңістікте көптен тосып қалған Парламент сайлауы жақында шымылдығын түретін сияқты. Себебі, бізде боранды күні бөкебайсыз шыққандай, асығыс құрылған, аты-жөні белгісіз «тұлғалардан» тұратын партиялардың аттанға сайлау қарсаңында басады емес пе? Ендеше, спектакльдің тартысты актілері әлі алда, сайлаушы ағайын!

Advertisements

4 comments on “«Жаңарту» ма, «Жаңару» ма?

  1. Сайлаудан сыбыр сезілді дегенше, кудайлары берді десенші! Ой бір, жандайшаптар жасап калатын болды…

  2. Бұл партияның насихаттаушысымен жазда кездескенмін. Бағдарламаларын да оқыдым. Ішінде тіл, дін жайында тіптен қазақ жайында ештеңе айтылмаған. Тек айтатындары пайызсыз кредит береміз, арзан үй береміз, опшым сізді байытамыз дегенге саяды. Тек ақшамен алдау ғана. Артынша естідім АМУ студенттеріне барып шәкірт ақыларыңды өсіремі, қала ішіндегі жол жүру құнын түсіреміз деп қол жинап кетіпте. Оған студенттер ырза боп жүр……..
    Аа ана мен сөйлескен насихаттаушы өзі қазақша қақпайды /қазақ негізі/, Құдайға сенбеймін дейді. Тіптен партияның басында кімдер жүргенінде айтып бере алмады…

  3. Құдай-ау, саған қандай насихатшы кездескен…пайызсыз несие, арзан үй десе, бір еуропалық партияның бағдарламасын сықпыртып көшіріп алған да, шамасы…

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s