Көлеңкедегі патриарх


Тақырып әуелеп тұрғанымен, бұл тұтас ұлттың емес, тоқымдай ғана кәріс ұлысының ақсақалына қатысты айтылып тұр. Иә, Владимир НИ өмірден озды… Ауыр дерт меңдеткен ақсақал 9 қыркүйекте, 78 жасқа қараған шағында Швейцарияның бір клиникасында қайтыс болды. Ал, 12 қыркүйекте атқа мінгені бар, ерден түскені бар, саяси элитаның тайлы-тұяғы қалмай, марқұмды ақтық сапарға шығарып салды. Тіптен, бұл жаназада жұрт «асылып өлдіге» санап жүрген Даниал Ахметов те бой көрсетті.

Ресми басылымдар Ни мырзаға «Отанымыздың патриоты, мемлекет қайраткері…» деп теңеуден теңеу таппай жатқанда, Қаратаудың терістігіне қойын жайып жүрген Қайрошқа бұл қызық емес. Аяғын аяғына соғып қойып, оның қазаққа өткен жақсылығын термелегісі келеді ғой.. Ей, ешбірі еске түспейді. Уақыт өтсін деп оның миллиондаған байлығына уақ мал сатып алса, қанша болар екен деген шалқыма қиялмен шалықтайды. Расында, Елбасымен ұзақ жылдар бойы қызметтес болған Владимир Нимен бедел, я байлық жағынан кім таласады? Ешкім. Таласпаса да, теңесетіндер бар дерсіз, мүмкін.. «Форбстың» тізіміне кірген «қазақ форварды» Владимир Ким десеңіз, оны да өрге сүйреген Ни болатын. Саяси бедел жағынан да оның Ақордадағы аппараттық ойындарға ықпалы болғанын білеміз. Сарапшылар «солай-солай» деп мақұлдайды. Қай әкім, қай министр болмасын, оны көргенде «Ваке» деп жүзін төмен салып тұрған деседі. Жаназасында Алматы қаласының әкімі А.Есімовтің «…Президентке бар ықыласымен берілді, оған сенімді үзеңгілес бола отырып, барынша адал және шынайы қызмет етті», – деуі Нидің карьерасына нағыз сипаттама бола алады. Сөйте жүріп, ол Қазақстандағы кәріс диаспорасының тұтас бір буынын тәрбиелеп шығарды. Біреуін басынан сипады, біреуін бауырына басты. Миллиардер Владимир Ким осы жайттарды жеткізгенде, жанарына дөңгеленіп жас келді. «Ни көкеміз неткен мәрт еді» деп мақтағанда, шопан Қайроштың жыртық шапанына көзі түспегенін, қарасай! Осылай екен деп марқұмды табалаудан, я кінә артудан аулақпын. Тек, бір Нидің пәлен Нам, Ким, т.б. екі-үш әріпті ныспыларға жасаған нығметін ойға алғанда, қазақтан да осы құралыптас біреу шықпапты-ау дейсің…

Advertisements

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s