Блог пен одақ бір емес…


Апта соңында қалтамдағы бар ақшамды бір қотарамын… Дүңгіршек іздеп, ішінен бірнәрсе ілуге болады-ау деген қазақ, орыс газеттерін сатып аламын. Әдейі соқтығып емес, әредік оқырман ретінде жынымды шақырып жіберетін мақала, сұхбаттарға «өш алсам», осы «Монитор» айдарынан оқи аласыздар.

Жақында «Қазақстан-ZAMAN» апталығында Базарбай Исаев деген ақсақал журналистіміздің көлемді мақаласы жарияланды. «Тіл тазалығымен алдымен журналистер күрессін!» дейді. Тізесі шыққан тақырып. Алайда, солай екен деп бұл атырапқа соқпай кетпесе тағы болмайды. Сонымен не керек, Базарбай көкеміз «супер», «турнир», «экспансия», «демография», «стратегия» сияқты сөздерді талдап, қазақша баламасын ұсынады. Кейбіреуі қисынға келмейді. Айталық, ағамыз «Түркістан» газетіне шыққан «Орта Азия блогшылары «BARCAMP»-та бас қосты» деген мақалаға тоқталады. «Мұндағы блог одақ деген мағынаны бермей ме?», – дейді. Жооқ, олай емес. Блог – ағылшынның «web log» деген сөзінен шығып, тура аударғанда «желілік журнал» немесе «оқиғалар күнделігі» деген мағына береді. Айналып келгенде, ол осы өзіміз сияқты компьютерді серік еткен жандардың жеке парақшасына айналды. Енді осыны «одақ» деп, өзімізді «одақтаспыз» десем, не болғаны? Шара-бара.. Сол үшін ара-тұра Википедияны қарап тұрған артықтық етпейді…

Advertisements

13 comments on “Блог пен одақ бір емес…

  1. Қазақ газеттеріне алғаш осы блог туралы мақала беріп жүргенде корректорлар оны «блок» деп түзетіп, жарияланып жүретін кездер болған 🙂

  2. Аййй, неткен жылдамсың, Асеке! Журналистикаға алғаш келіп жүрген кездері мен де «блог» пен «блоктың» айырмасы жоқ деп ойлайтынмын.

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s