Қалелова Құдаймен байланыса ма?


Қасиетті Рамазан айында «Қазгидромет» мекемесі 85 жылдық тарихында жасап көрмеген болжамын жария етті. Аталмыш мекеменің бас директорының орынбасары Анаргүл Қалелова «1-2 желтоқсан аралығында Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитіне қатысты айтарым: ауа-райы құбылмалы болады, алайда суық қыспайды», – де-е-еп, «прикол тастады».

Бұның алдын-ала болжау екенін де білеміз, бірақ біздің синоптиктердің аспан канцеляриясынан келісім алып келгендей сеніміне қайран қаласың … Әлде қайбір әпербақаннан «Саммитті өткізу кезінде жылы ауа, бұлтсыз аспанмен қамтамасыз етіңдер! Жауаптылар (аты-жөні?), атқарушылар (аты-жөні?)… Болмаса, жазалаймын!» дегендей, бұйрық түсіп пе екен? Қысқасы, «Қазгидрометке» тоқсан күннен соң болатын тойға болжам айтатындай бастарына не күн туды ? Былайға жұртқа мұның бәрі – биліктегі маразмның бейқисындық моделі. Тап осылай тақылдап тұрмаса да, осы хабарды естігенде, тістеніп тұрып, «ырқ» етіп күледі. Естеріңізде болса, екінші тамызда орыс патриархы Кирилл алақанын жайып жіберіп, Құдайдан жауын сұраған. Апшысын аптап қуырған Ресейдің алқабына көздің жасындай да тамшы түспеді. Сонымен не керек, көршіміздің кәззап журналистерінен саясаткерлеріне дейін Кириллдің тақуалығына күмән келтіріп, оның «аспанға факс жолдауы» шынайы болмады-ау деп шыжғырды. Қорықсақ, сол Кириллдің басындағы кепті Қалелова кимесе екен деп қорқасың… Ал, әзірге Анаргүл ханым «не айттым осы?» деп, ойлана жүрсін.

Advertisements

6 comments on “Қалелова Құдаймен байланыса ма?

  1. ықықық)))
    Саммит кезіндегі ауа-райының пешенесіне Қалелова ханымның жеңіл қолымен бағасы бұрын жазылды деңіз!

  2. Бізде жағымпаздану синдромы деген айықпас дерт бар ғой. Бәлкім, Анаргүл ханым осы «болжамымен» билікке көрініп қалғысы келген шығар… Әйтпесе, ауа-райын 2 жарым ай бұрын болжау қисынға келмейді ғой…

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s