Медведев «әуежайды» менсінбейді…


Бүгін Өскемен қаласында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының VII форумы өз жұмысын бастап кетті. Оған дайындық та жоғары деңгейде болғанға ұқсайды. Шама жеткенше шаһар көшелеріндегі шаңды жұтып, гүлін егіп, суын беріп.. әй, шығыстық атқамінерлер қамау терін бір алса керек.

Қала тазарыпты… онсыз да аз қазақы нышандарды да қырналап тазартыпты. Мысалы, http://www.yka.kz сайтында орыстілді авторлар «Первое, что бросается в глаза, это вернувшееся название «Аэропорт» – вместо исчезнувшего «Эуежай», – деп сүйінші сұрап жатыр. Сонда құрметті Бердібек Машбекұлы, Медведев келеді екен деп, қаланы орыстандыруда не мақсат бар екен? Әлде, Өскеменнің іргетасын жалдамалы орыс майоры қалағанын, оған биыл 290 жыл толғанын, кеңестік атаулармен сіресіп тұрған көшелердің көптігін, осылай айналып келе орыс әлемінің бөлшегіміз дегенді айтқысы келді ме екен? «Аэропорт» деп жазып қоймаса, Ресейдің делегациясы адасып кетпейтін еді ғой. Құдай сақтасын, Өскеменге неміс канцлері келсе, әуежайы «Flughafen» болып кетпейтін шығар… Есесіне, Тәуелсіздік даңғылындағы дүкендерді айналдыра қазақтың ұлттық ояуымен орап қойыпты. Келісесіз бе, «ортағасырлық креатив» екеніне? Форумға «сыйымыздың» сиқы осы.

Advertisements

15 comments on “Медведев «әуежайды» менсінбейді…

  1. Туй, жақсылықты жазып,жақсы сурет қоюдың орнына,осындай нәрсені теретіндерің жаман-ақ.Өскеменнің барлық жерлерінде мекеменің аттары екі тілде жазылған. Ал қаланы ана жылдан бастап,көркемдетуде.Енді бұндай форумға даярлық та болу керек ғой,бір жағынан….

  2. Өте дұрыс жазылған. Ана бір саммитке 50 елдің ба дөкейлері келеді. Елу тілде жазайық онда.

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s