Пәлелі патриотизм


Жазғы демалыста Жамбыл облысының біраз ауылында болудың сәті түскен еді. Ауыл өзгермейді дейміз… Өзгермесе, осы «нюанстар» қайдан шықты? Әрі бұлардың аталған облысқа емес, Қазақстанның басқа да аймақтарына қатысы бар деген сенімдемін.

«Бәйтерек» ескерткіші.

Қазір өзін-өзі сыйлайтын әрбір ауылдың әкімі Астана символынан көшірме жасайды. Жасайды да, ауылдағы көлік айналатын «кругтың» қақ ортасына қонжита салады.

Темір-терсектен құралған бәкене «құдырет» Елбасы ойластырған «ежелгі көшпенділердің космогониялық түсінігінен» жұрдай болып, сәулеттік сиқы қалмайды. Қып-қызыл карикатура! Тіпті, демократияның сан өлшеміне салып көрсеңіз де, «Бәйтеректен» клон жасау қисынға келмейді. Мысалы, Францияның қай кантонында (ауылы) Эйфель мұнарасының көшірмесі тұр екен? Әлде, үнділер әр ауылында Тәж Махалды қайта салып шығып па? Ал, біздің ауылдардағы атқарушы биліктің өкілдері «патриотизмді арттырудың жолы осы» деп жаңылып жүр. Мұны біз «бәйтерекомания» деп атадық.
Түрлі-түсті жалауша.

Қай ауылға бармайық, кіреберіс көшелері мен орталығында қызыл, сары, көк жалаушалар желбіреп тұрады. Электр бағаналарының адам бойы жетпейтіндей жеріне іледі. Жарайды, Кеңес кезінде осы тұғырдағы қызыл жалаушаның идеологиялық мәні болған шығар. Қанша дегенмен, біртекті қызыл түс сенің Кеңестер Одағында жүргеніңді білдірді. Бізде ше? Сырын білмейміз-ау, сырттан, мысалы АҚШ-тан келген ағайын ауылымызға барса, «О, май гад» деп бетін басады. Себебі, бұл жалаушалар Батыс әлеміндегі сексуалды азшылықтардың байрағына ұқсайды. Айнымайды емес, бірақ ұқсайды. Яки, оларда зоофилдерге, трансвеститтерге, т.б. «иттерге» ілтипатын осындай жалауша іліп қоюмен білдіреді. Бізде шаһарда болса бір сәрі, қазақтың руханият бесігі дейтін ауыл-ауылда желбірейді. Осыны да білмеген патриот көкелерім-ай…
Киіз үй.

Дала архитектурасының теңдессіз үлгісі, ата-бабаларымыздың көзіндей болған киіз үйді жаздың өзінде көзіміз шалмады. Оның орнына шамасы келген үйлер 2-3 бөлмелі сарай салып алған. Қарақұрым киізі ойылып, керегесі қаусап тұрған үйді көргеннің өзінде, туысы қайтыс болып, сүйек шығарып отырған үйлер ғана тұрғызған. Өкінішті-ақ.. бұрындары ауылдың көркі ауладағы кйіз үймен ашылушы еді.

Advertisements

5 comments on “Пәлелі патриотизм

  1. Біздің қаламызда да бар еді кезінде, сосын неге екенін білмедім Созақ ауданының бір ауылына падаритьтай (бәлкім сатқан шығар) салды. Балдардан естідім «йоооо біздің Бәйтерек Құмкентте тұр ғой» дит. Сосын басқасын қойды акімияттың алдына, бұрынғысынан айырмашылық жоқ негізі.
    Ал негізі осы Бәйтеректің тарихымыздағы ешбір жағдайға қатысы жоқ екені ұнамайды, «кімнің жұмыртқасы?», «сояудай тырнаққа ұқсаған нәрсені талға еш ұқсата алмадым».

  2. Дұрыс таптың һәм дурацкий нақыл (бұрынғының емес, кейінгі кемеңгерлердің), декларативті ұраннан көз қарығады қай ауылға барсаң да

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s