Атабаевтың көкігені мұндай, бекігені қандай?


Болат Атабаевты білмейтін қазақ жоқ шығар. «Ақсарай» театрындағы режисерлігі өз алдына, қара қылды қақ жаратын туралығын айтсаңызшы. Сол ағамыз «Общественная позиция» газетіне жақында сұхбат беріпті. Сөзі шымыр, ойы жұмыр. Әңгіме дін мәселесіне ауғанда Атабаев «Я сам был баптистом…, был свидетелем Иеговы, а в студенческие годы кришнаитом. Я был в них по 2-3 года. А в свидетелях Иеговы 5 лет. Был в миссии Грейс в южнокорейской церкви», – деп төпей жөнеледі.

Мұнысын «ақиқат іздеудегі арпалысындай» мақтана айтқандай көрінді. Сан секталардың арасында сарсылып жүріп, Ислам дінінің бұрыс ағымына болсын, кірмеген екен-ай… Бұдан әрі Атабаев «мен үшін маңыздысы – сенім, ал сенім мен дін деген екі бөлек дүние. Дінде топ болып, қауым болып Құдайға сыйынады. Рухы әлсіз адамдар қауымға ұйысып, Құдайға сыйынғанды ұнатады» деп тағы бір сілтейді. Мәссаған, сонда мешітке келген жамағаттың барлығын рухы әлсіз жандар деген пәтуа шығару керек пе? «Ақыр аяғында, менімен Құдайдың арасындағы тікелей байланыста ештене болмауы тиіс деп түйдім». Атабаевтың әлгіндегі сөздерінен соң, оның Құдай деп, Алла тағаланы айтып тұр ма, әлде «басқасын» (астапыралла) меңзеп тұр ма, біле алмадық. Осымен доғарса мейлі ғой. «Ислам, например, говорит: «Алланың ризалығы үшін», тос есть «дашь на дашь». Если я буду нравственным, то завтра мне воздастся в раю. Это что за постановка вопроса? Не надо ждать добра от добра. Человек от природы не делает ничего плохого…», – деп діни танымынан бізге хабар бере түседі. Мүмкін, біз Болат ағамыздай И.Кант, Ф,Ницшенің бар кітабын тауыспаған шығармыз. Мүмкін, Атабаевтың рухани сәулеленген кемел тұлғасының қасында мешел баладай да көрінерміз. Бірақ, «Алланың ризашылығы үшін» деген қандай да қайырымның, игі істің о дүниеде қайтарымы сауаппен таразылануымен, жәннатқа жолдама берілуімен өлшенбей ме? Осы арқылы Жердегі тірліктің жалғандығы, сөз-ойымыздың оң-терістігіне қарап, шынайы тұрағымыздағы жағдайымыз белгілі болады емес пе?

Әлде, олай емес пе еді? Осыған қарап, «Атабаевтың көкігені мұндай, бекігені қандай?» деген ойда қалдық...

Advertisements

12 comments on “Атабаевтың көкігені мұндай, бекігені қандай?

  1. Жалпы менің ойымша адам жақсылық жасаса өзі үшін, жаны ашыған үшін жасау керек, Алланың разылығы үшін деп ұпай жинау да кейде бір эгоистік мінез ба деймін. Тек мен ғана емес, осы діннің кейбір минустарын көретін адамдар осыны айтады. Не жасаса да өз ар-ұятын қанағаттандыру, жалпы шын ниеттен жасау керек қой.

  2. Алдымен Атабаевтің деңгейіне жетіп алу керек. Содан кейін ол кісінің сөздерін талқыға салған жөн болады

  3. Иә, Атабаевтың деңгейіне жетіп алайық. Мысалы, мен үшін, діншіл вахаббист Тілеуханнан Атабаев артық тұрады.

    • Деңгейіне жетіп алатындай ол кісінің ойы планетарлық масштабқа кетіп қалмаған шығар. Иә, ол – біздің мақтанышымыз, зиялы, парасатты, өткір адам. Бірақ, дін турасындағы тұжырымдарына сау адамның келіспесі анық деп санаймын.

    • діншіл дегеннің несі айып? Түсінбеймін.. Әрі көзіміз жетпей жатып, біреуді вахаббист, я зікіршіл деп ғайбаттаған мұсылмандыққа жатпайды

  4. Сонда исламды әлдебір ағымарды аралаған Атабаевтың көзқарасымен бағалаған дұрыс деп ойлайсыздар ма,құрметті достар?!! Жоғары көтерілген сайын арсызданатынымыз не осы?!!!!!

  5. Orken aga kelisemin… Anau bas jaktagi jigit aytip kaldi — Атабаевтың деңгейіне жетіп алайық. Мысалы, мен үшін, діншіл вахаббист Тілеуханнан Атабаев артық тұрады-dep. Din turali tusinigi munday bolsa, Atabayevtin jetken jetistiginin kuni Kuday turmak, adam aldinda bir tyinda bolmas…

  6. Жартылай мусылман-жартылай адам, толык мусылман – толык адам. Булай деп мен емес, арине, Абай айткан болатын. Улы данамыз адамдыктын олшемін дінмен , сонын ішінде мусылмандыкпен олшеп кеткен болса, мына Атабаевың адам емес, наданнын нак озі гой! Рас надан дегеніме дуркіреп шыга келетіндер коп шыгар, бірак карапайым гана адамдыкка тан касиет -Алланы танып, одан корку сезімінен журдай болган жанды -надандардың наданы дер ем…..

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s