Біздің көшенің «девішкесі» қайда?


Алматыға келдім. Әй, бірақ, осы жолы мен көріп-біліп жүрген Алматыға бір жері ұқсамайды да. Дұрысы, алып мегаполистің бір «айшығы» жетіспейтін сияқты. Бұл не болды екен деп бас ауыртайын.. Ағаштар тұр. Көліктер қозғалыста. Адамдар да қалыпты тұрмысында. Адам демекші, біздің көшенің қыздары жоқ екен… Жұт жалмаған ба, жалмауыз кемпір ұрлаған ба дерсіз. Біздің көше дегенім – сұлу Сәкеннің көшесі ғой…

… Былтырғы қыс. Алматының өміріне енді-енді бой үйретіп келе жатқан кезім. Жұмыстан кешірек қайтып, Сейфуллин-Жұмабаев (бұр. Тисленко) аялдамасынан түсіп қалдым. Жолымды мосқалдау тартқан бірер әйел кес-кестей кетті. «Шемішке керек пе? Шемішке» деп қояды. Әлде, солай қағыс естідім бе екен? Үйге келісімен, жеңгемнен «Түнде де шемішке сататын болған ба, өздері бар, шемішке салған дорбасы көрінбейді» деп сұрап қоямын. «Өй, қазақ, ол шемішке емес, девішке, девішке деп тұрған ғой» дейді.

Сол «девішкелердің » бірі жоқ. Қолыңызға шам алып іздесеңіз де, таппайсыз. Жалпы, Сейфуллин-Рысқұловтан өте бере, Алматы-1 темір жол вокзалына дейінгі ұзын көшенің бойын жезөкшелер жайлаған. Кешқұрым сол көше жиегінде қыздарға тоқтап, бағасын сұраймыз деген көліктерден әжептеуір кептеліс пайда болатын. Оған пәтерін сағаттап, тәуліктеп жалға беретін қатын-қалашты қосыңыз.. Қысқасы, күнде  Сейфуллиннің бойы секс-базарға айналатын.

Енді міне, қала әкімшілігі Азиаданы сылтау етті ме, әле Оразаның қамын ойлағандықтан ба, бар қызды көшеден қуды. Әншейінде есігінің алдында 10-15 қыз өріп жүретін «Арзу» кафесіне құлып түсіп, «ремонт» деген қағаз іліп қойыпты. Осымен, 3-ші апта шамасы, бұл тәртіп сақталып тұр. Пәтерін жалға беріп, көше сиқын кетіретіндер де көрінбейді. Әзірге «әйәйміз». Қызығы, бұл «коменданттық режим» қай уақытқа дейін созылар екен? Бүгін де көшені қарап қоямын. Қыздар көрінбейді..

Advertisements

5 comments on “Біздің көшенің «девішкесі» қайда?

  1. Сейфуллинді тазартқанымен, олар басқа жерден әйтеуір, бір тесіп шығады ғой… Жоғары жаққа жолатпас енді, маңайласа Алматының төмен көшелерінің бірінен тұрақ табар

  2. Әй, Өркен бала, сол қыздардың көрінбегеніне неге қуанбайсың, ә?! Не «сағынып» жүрсің бе? Жамандық шақырма «көрінбей кетті» деп…

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s