Жаһантор, сенен жырақтаймын!


Леп белгісінің тұруына қарап-ақ, мұның мен үшін қуанышты хабар екенін білген боларсыздар. Негізгі жұмыс орным  – «Жас қазақ» газеті 2 апталық демалысқа кетті. Сәйкесінше, мен де туған өлкем Таразға барып, одан әрі бір жылдан бері жолым түспеген ауылыма барармын. Қысқасы, демалыс.. Ай, мына қапырық жазда да ми дегенің жарытып ештеңе ойламайды екен. Сол үшін, жаңа жазбалар жағынан кемшін түсіп жатсам, кешіріммен қарарсыздар. Ал, әзірге, мына желдеткішім блогымды салқындандырып тұрады… 🙂


Advertisements
By Өркен Posted in Санатталмаған

14 comments on “Жаһантор, сенен жырақтаймын!

  1. Аман-есен барып келгейсің. Барған жеріңе бізден сәлем айта бар! Желдеткішіңе көп рахмет 🙂 Осындай нәрселерді қайдан тауып аласың? 🙂

    • Рахмет, братан. Тамаша тынығып қайттым. Басы бос қыздың бәріне сәлем айттым Асхаттан деп.. 🙂 Ал, желдеткіштің шығу тегін журналистік құпия деп жасырып қоя салайын 🙂

  2. Желдеткішің жақсы екен,Өркен, қайдан тауып алғансың, таппайтының жоқ екен, Таразға барып жақсылап демалып қайт, жерлесім, шығармашылық адамына ең бастысы жақсы демалыс керек. Бас демалса, жақсы шығармалар туады, Өркен сенен керемет нарселер күтуге болады негізі, фантазияң мықты. жазған дүниең тіріліп кетерліктей, «Шығарма мұраты таңғалдыру» дейді ғой, сол айтпақшы, таңғалдыра бер жұртты. Сәтті демалыс тілеймін! Рахмет!

    • Желдеткішім сізге ұнап жатса, шынымен жақсы екен онда… Бірақ, маған берген бағаңызға қарап, өзімді танымай қалдым ғой 🙂 Сонда да тілегіңізге үлкен-үлкен рахмет! Адамды жақсы сөз өсіреді деседі, мені сипаттаған қасиеттерге ие болуға тырысып бағамыз енді

    • Биылғы демалыс ойдағыдай өтті. «Үлкен дауыл» алдындағы тымық сәттей болды. Енді жұмысқа жегіліп жатырмыз, әрине жақсы мағынасында…

  3. Куніне Оркеннін блогына бір кіріп шыгу адетке айналды. эксклюзивті материалдарын кутіп журміз))

    • Онда тұрақты оқырмандарымды тапқаныма мен мың есе қуаныштымын. Бірақ, «быды-быдысы» бағалы блоггер деп (Мой мирдегі жазу) баға берумен қатар, журналисткадағы шатпағымызды да шолып жүрсе деген тілек бар.

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s