«Одиссей», «Пианист» және.. Өркен


Осы жаз шетел ауған шекпендісі бар, киногері бар, әйтеуір қазақы есімдеріне янкилердің құлағын үйретіп үлгерген қандастарымызды қайта таныған маусым болды. Бекмамбетов келіп, берекелі думан ұйымдастырғаны бар. Енді міне, Еркен Ялгашев деген азаматымыз 13-14 шілдеде елге келіп, «НОМАД» атты шым-шытырық фильмдердің фестивалін өткізіп кетті.

Соған орай Алматымыздағы «Қазақстан» қонақ үйінде баспасөз жиыны ұйымдастырылған болатын. Келісілген уақыттан 70 минут кешіксе де, «Оскар» сыйлығын алған ең жас актер ретінде белгілі Эдриан Броудиді күткен журналистердің бірі де шашау шықпады. Тегінде, Броуди ерте келсе де, қонақүйдегі нөмірінде тынығып, бет-аузын әсемдеп дегендей.. күтінсе керек. Бұл кейіннен білгеніміз. Ал, Роман Поланскийдің «Пианистінде», Питер Джексонның «Кинг-Конгында» басты рөлдерді сомдап, атағын шығарған актердің бұл фестивальға, әрине соңғы түскен фильмі – «Жыртқыштарды» алып келгені мәлім. Броуди ашылып сөйлей алмады. Себебі, қазіргі келісім-шарты бойынша, оған ағынан жарылып, сұхбат беруге болмайды екен.

"Көшпенді" Марк Дакаскоспен бірге

Ал біздің көрермендерге Андрей Кончаловскийдің «Одиссейі» арқылы таныс Арманд Ассанте «рахмет бауырларым» деп, қазақша тіл қатты. Оны түсінген бірді-екілі қазақ журналистері қол шапалақтап үлгерді. Қалған елу қаралы журналистің көбісі өзіміздің қарагөз болса да, «рахмет» сөзінің қауашақтарында ретрансляциялануына уақыт жібермеді…

Шығыс жекпе-жегінің шебері Марк Дакаскос өзінің жас қалыпта сақтау сырын сұраған журналистерге «көп ұйықтаймын» деп күлдірді. Жалпы, Арманд Ассенте де, Марк Дакаскос те өздерін өте қарапайым ұстады.

"Одиссей" Арманд Ассантемен

P.S. Ресейдің киносайттары Бекмамбетов, енді міне Ялгашевтің фестивалдері өткен сайын «Астана бейресми байқаулардың орталығына айналып барады» деп күйіне жазып жатыр. Расында, Мәскеудегі «Жыртқыштар» фильмінің тұсаукесеріне баруға келісім бермеген Эдриан Броуди осы аптада Алматыдан табылды. Соған қарап, сыртта жүрген сырттандарымыздың ұлтшылдығына ырза боласыз. Әлде бұған сұп-суық кабинеттерде стратегема құрып отырған идеолог ағайлар септесті ме екен?

Advertisements

5 comments on “«Одиссей», «Пианист» және.. Өркен

  1. маған Адриан Броудидің сөйлегені ұнады. қас қылғанда асығам деп фотоаппаратымды ұмытып кетіппін

    • Экраннан кереметтей болып көрінетін адамдарды жақыннан, сәлем беретіндей жақындықта көргенде, өзіне деген көңілің толыға түседі екен. Ол да пенде, Броуди да мен ішкен минералды суды ішеді дегендей…

  2. ЕЕЕ, мой мирында турган сурет кой мынау… киноны керемет тусинетин сен ушин бұл бағалы естелик шығар!

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s