Матрешка қанға малынды


Бәріміз де матрешканың орыс халқының мәдени мұрасы, символы екенін білеміз. Ал француз құқық қорғаушылары әзірлеген мына бейнеде сол матрешкаларды «қанға малиды». Әлеуметтік жарнама деуге де ауыз бармайды.

Роликтің соңындағы жазудың мағынасы  «Біз Ресейдің тартымдылығына бола оның қитұрқылығын жасыруына мүмкіндік бермеуіміз тиіс» дегенге келеді.  Әрине, бұл арқылы біз де антиорыстық қозғалыстың бастауына тұруға асығып тұрған жоқпыз. Түбінен тартқанда, бұны кез-келген елге қатысты телуге болады. Мысалы, Қазақстанға байланысты.. Қолына кісен салынған адам құқы, аузына пластырь жапсырған сөз бостандығы.. ал сырты мұнтаздай таза.

P.S. Бұл менің блогымдағы алғашқы бейнежазба. Осы ретте Асхат бауырыма («Нұр-Астана» басылымының рейтингісін бойынша, ең танымал үш жастың екіншісі болып тұрған жігітке!) алғысым шексіз.

Advertisements

8 comments on “Матрешка қанға малынды

  1. Бұл видео өзге журналис таныстарымның арасында үлкен дау тудырған. «Бұлайша, Ресейде қорлауға хақысы жоқ» деген тәрізді. Шындығында бұл видеолар сериясы Адам мен сөз бостандығы құқығына арналған ғой. Бірнеше елдердікі бар.

    Видео кәсіби тұрғыдан алғанда өте жақсы шыққан. Айтар ойлары да анық. Блогыңда өзіңнің түсірген видеоларың да көбейе берсін!

      • Әдемі видео әзірлеймін десең, қалтафон емес, бөлек видеокамера алғаның жөн болар. Қазір алақандай камералар шығара бастады ғой. Солармен монтаж жасау да ыңғайлы.

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s