Бәрекелді, Бекмамбетов! Дольф қымыз ішті, Тайсонға бас тартты


Астанада биыл тұңғыш рет халықаралық «ASTANA» экшн-фильмдер фестивалі өтіп жатыр. Иә, мұндай байқау, бастамалардың талайы өтіп жатыр ғой… Тек, Тимур Бекмамбетовтың фестиваль аясында Бурабайда тұтас қазақ ауылын көтергені сондай көңіліме жақты.

Қазақ ауылы. XVII, ой кешіңіріз XXI ғасыр.

Нағашысы жебірей деп «жазғыруға» дайын жүргеніммен, мына суреттерді көріп, жүрегім жібіді Темекеңе… Сарыарқа төріне тігілген киіз үйлер қонаққа толы, ыстық бауырсақ қазанда шыжғырылып, тіл үйірер бесбармақтың астындағы от маздап жатты. Қазақтың домбырасы күмбірледі. Қысқасы, фестивальге алыс-жақыннан келген актер, режиссерлер көшпенділер тұрмысына қайран қалысып, бізге тәнті болып тарасыпты. Себебі, мұнда қазақтың барша салт-дәстүрі, ырым-жоралғысы көрсетілді десе болады…

Атыс-шабыс фильмдерінің жұлдызы Дольф Лундгрен амплуасын бір сәтке өзгертіп, қазақы үйлену тойында күйеубала да болды.

Белдеспекке кім келеді?

Дольф Лундгрен:

Әрине, бұл біздің қанымызда бар ғой, мұндай жағдайда өмір сүруге әбден болады. Біздің ата-бабаларымыз осылай өмір кешкен. Мұнда қандай тамаша, қараңыздаршы? Қаланың шуынан, қарбаласынан тынығуға болады. Ұлттық ойындардан «Қыз қуу» қатты ұнады.

Ву Пин, қытай режиссері:

Маған бұл ауыл өте ұнады, ескіліктің атмосферасын дәл беріпті.

Қытайлық қонақтар да ырза... Қымыз ішсе де, "Кока-колаларынан" айырылмайды

Майк Тайсон:

Садақ ату ұнады. Мұнда келмес бұрын, Қазақстан жайлы көп оқыдым, Шыңғыс хан туралы фильм көрдім. Маған рингке шықпау керек еді.. Оны қазір түсініп жүрмін ғой. Бокста мен өзімді бақылаудан қалатынмын. Төбелесіп кететінмін. Оны кеш те болса, түсініп жатқаныма, шүкір… Енді төбелеске ешкімді үйреткім келмейді… Спортпен айналысып жүргенде, өз эмоциямды сыртқа білдірмеуге үйрендім. Қазір мұңды кино көрсем де, анам ауырса да жылап қаламын… Ислам қабылдағанға дейінгі Тайсон маған ұнамайды. Ол мүлде басқа адам. Оның әйелдерге, балаларға, жалпы өмірге деген құрметі болған жоқ. Бұрын өмір дегенді жеңістердің кезегі деп білсем, қазір жеңілістердің тізбегі деп білем… Бұрынғы Майк Тайсонды жұрт жеңімпаз, чемпион, жұлдыз ретінде білді. Сол үшін жақсы көрді. Бірақ, ол жақсы азамат бола алған жоқ.. Ал, Исламды қабылдаған соң, мен түпкілікті өзгердім. Бұрын мен ешкімнен қорықпайтынмын, қазір Алламен кездесетін күннен қорқамын.

Шуу, қарагер, шуу..

Қазақтың Тайсоны сен боласың!

Беу, қазақ жері, мен келдім!

Исламды мойындағаннан бері өзімді кемел адам сезіндім

Дольф мырза, қазыдан алыңыз!

Міне, енді нағыз қазаққа ұқсадым-ау

Материал http://www.kinopoisk.ru сайтындағы деректердің негізінде әзірленді. Суреттер де осы сайттан алынды.

Advertisements

4 comments on “Бәрекелді, Бекмамбетов! Дольф қымыз ішті, Тайсонға бас тартты

  1. Бәрінен бұрын Майктың мешітке барып, мінәжат еткені талай қазаққа үлгі болды-ақ…

    • Жарайсың, Майк!!! дегеннен басқа айтарым жоқ. Кішігірім сұхбатта айтқан сөздерің біздің кейбір материалист я атеист я қорыққанда «О, Құдай» деп қоятын кейбір зиялылар айта алмайды

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s