Арақ ішу жақсы журналист атандыра ма?


Жәнібек Сүлеев ағамыз Журналистер күніне орай сұхбат беріпті. «Central Asia Monitor» басылымына, «Ахиллесова печать» деген тақырыппен шықты. Бәрі жақсы-ау, тек тілшінің «ел танитын жаңа журналистер шоғыры шықты ма?» деген сауалына берген жауабы сәл күйіндірді.

«Олар қайдан шықсын? – дейді Жәнібек мырза – Қазір байқап жүрмін, көптеген редакцияларда ешкім ішпейді. Шынтуайтында, ішеді-ау, бірақ баяғы жылдардағыдай еркін әрі көңілді емес. Аға буын тығып ішсе де, ішеді ғой. Ал жастар мұны өздеріне тән емес, жат санайды (некомильфо)». Содан тоқ етері, Сүлеев мырза бұдан еш жақсылық көрмейді, ішімдік ішпеудің шығармашылық үрдіске оң әсері жоқ екен. Бірақ, бұған «позитивті құбылыс» деп баға бергеніне шүкір, әйтеуір. «Бірақ, баяғы журналистердің бас қосып, стақан соғыстыруы (попойка) біліктілікті арттыру курсы болды емес пе?», – деп бір қайтарады. Қазір ол байланыс үзілді. Сүлеев өкінеді. Өз басым бұған қуанамын. Әрине, байланыстың үзілгеніне емес, арақ ішудің азайғанына… Сондықтан, мәселенің түбірін басқадан іздеген дұрыс па еді. Айталық, жас журналистердің Есей Жеңісұлы тауып айтқандай, жан-жақты жетімдігін, өз бетінше ізденуге құлықсыздығын әрі қоғам тарапынан сөздің құны түскендігінен бе, ашып жазуға бармайтындығын меңзесе.. Әй, бірақ сұхбатты Сүлеев берді ғой. Әрине, ол кісіні қатты сыйлаймын, ағам ретінде қараймын. Алайда, арақ ішу адамның ақылын толыстырмайды. Бұл ақиқат. Әйтпесе, жүз граммды өңешке қотарған ағалардың әңгімесіне араласқанның бәрі журналист боп танылар еді…


Advertisements

12 comments on “Арақ ішу жақсы журналист атандыра ма?

  1. негізі қоғамда «творчество адамдары өздерін ешқашан шектемеуі керек» деп ойлайтын адамдар бар. Жастардың арасында да, ересек адамдар арасында да. Бірақ творчество дінге бағынбаса, оның мағынасыздыққа апаратынын қазір көп жастардың түсінетіні қуантады

  2. Дұрыс айтасың, әйтеуір адамның діңгегінде рухани өзек болмаса, қиын ғой. Талантты екенмін деп текеойнаққа, өнер жолында екенмін деп бар бөгетті (харамды) бұза берсе, не болғаны?

  3. Өзінше, бейресмилікті үдететін арақ сабақтастықты да нығайтады дегісі келген шығар, бұ кісі. Ол – рас. Өркен өзің бас редакторыңмен, немесе заммен соңғы рет қашан ішіп ең?! Ішпеймін дейсің бе? Сол ғой… Дәруіш боп көрмей, дәруіштер туралы еркін көсілеміз.

    • Арақ ішкенде, әрине кәрі-жастың айырмасы сызылып, көңілдегінің бәрі сыртқы жел болып шығады ғой… Осыған қарап, сабақтастықты суғаруға енді арақтың ғана күші жетеді деген сөз емес қой. Мен әлгі пікіріне ғана қарсылығын білдірдім

  4. әлгінде мен твиттерде бір жазбаны көзім шалып қалған: «после 6-го бокала уже идет утечка информации» осындай тектес мазмұнда

  5. Менің пайымдауымша, арақ ішпесе де қазіргі журналистер ұлттық мүддені жақсы көтеретін сияқты. Екіншіден, журналистика дәл әдебиет сияқты шығармашылықтың ортасы емес, ақпараттың майданы ғой

    • Амангелді бауырым, тамаша айттың! Ерлан Қарин сипаттама бергендей, қазақ басылымы ұлттық партияның рөлін де атқарып кетті… Осындай ауыр жүкті көтеру екінің бірінің қолынан келмейді. Ал, қазақ журналистері оңдырып жазбайды дегендерге сөзі салмақты, тәуірірек кәзеттерді таңдап оқыса деген тілегім бар

  6. жыгыттер, негызы мен быр немесе екы бокал пиво ышуге карсы емеспын.
    Арине, бурынгы агаларымыз сиякты жумыска ышып келудын, жумыста ышудын жоны жок. дегенмен, аптасына быр-екы рет жумыстан кейын быр-екы бокал сыо ышкенде турган ештене жок шыгар.

  7. Жалпы, аталарымыз кымыз ышып, кейе тыпты масаю ушын оган кушала косып, ашытып ышкен гой. Айгыр кымыз, бесты кымыз, кунан кымыз, донен кымыз дегендеры тагы бар. Айгыр кымыздын градусы казыргы сыралардан артык болмаса, кем емес. Кымыздын градусы алты градустан асады. Менын ышетын сырам максимум 5-6 градус.

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s