Жазар көбейсін… жаза алсақ!


Міне, сағат тілі 12-ні соғысымен, біздің кәсіби мерекеміз де есіктен кіріп келді. Әйтеуір, жылда күтеміз. Әлденеден үміттенеміз. Пендеміз ғой, ең болмаса осы күні еңбегіміз еленер дейміз ғой баяғы. Ендеше, журналистикаға қатысты жеке ойларыммен бөліскенді жөн көріп отырмын. Бұл пікірлердің бір парасы «Алаш» және «Ақжелкен» журналдарына жарияланатын болады.

***

«Қазақ баспасөзінің ықпалы төмен» деген пікірге ішінара келісемін. Бұның енді объективті әрі субъективті себептері де жетерлік. Айталық, қазақ басылымдарының таралу аймағы аз, жарнама, пиар жағы келісе бермейді. Алматыдан шығатын, шежіресі өткен ғасырдан бастау алатын бар газет жабылып жатып, таралым жағынан «Караван» не «Времяға» жетпейді-ау осы. Бірақ, ең басты кедергі – осы биліктің, мейлі жергілікті, мейлі жоғары болсын, қазақ басылымдарының дамып-өсуіне мұқтаж болмауында. Бұқарадан бұрын, биліктегі, бизнестегі азаматтар «қазақ журналистері қопал, ақиқатты жасырып қалады, мемлекеттің аз істегенін көп қылып көрсетумен ғана келеді» деген пікірді насихаттаушылардың дәл өзі дер ем. Қызық болғанда, осы азаматтар қазақ басылымында жылт еткен шыңдықтың ұшқыны, саяси сараптама я басқа тұщымды мақала шыға қалса, қарулы қолдарымен мойыннан алып, тұншықтыра түседі. Бұл жағынан орыс басылымдарын сәл де болсын тұсауды кең қояды. Соған қарағанда, бұл қазақ басылымдары дүрдей көтерілсе, қазақы сана да летаргиялық ұйқысын шошып оянып, шатақ болар деп қорқыныш-ау…

***

Негізі, «Нищий журналист не можеть быть нравственным» деген сөз бар. Расында, басында үйі жоқ, айлығы шайлығына жетпейтін журналистен қайбір мәселенің шешуін сұрап, я ұлттың қамын жемедің деп жазғыруға болады? Журналист Т-1000 маркасындағы құлтемір емес қой. Нан жеу керек, киіну керек.. осыны ойлап та, талай талантты журналист өздерін дамытуға мүмкіндік бермейтін басылымдарда жұлдыз жорамал жазып, құрғақ ақпарат берумен шектеліп жүр. Қайтсін енді.. сондықтан, азаматтық қоғам орнасын десек, журналист жалтақ емес, жауынгер халық болсын десек, мемлекет бұл жағынан қамқорлық көрсету керек. Әсіресе, баспана жағынан. Қазіргі критерий бойынша, біз не мемлекеттік қызметкер, не басқа категорияға кірмейді екенбіз.

***

«Төртінші билік» деген атау тауып айтылған ғой, оған алып-қосарым жоқ. Дәл қазір бірақ бұл біздің шамамыздан жоғары, әсіре көтере айтылған мадақтай естіледі. Себебі, біздегі масс-медиа екі лагерге бөлінген ғой. Бірі – мемлекет, партия қаржыландыратын билікшіл басылымдар, не жазатыны айтпаса да түсінікті, ары кетсе, оралмандар зары, мектептегі орын жетіспеушілік деген сияқты мәселелерден ары аттап баспайды. Екіншісі – шетелдік құрылымдар, оппозициялық партиялар қаржындыратын, сәйкесінше солардың сөзін сөйлейтін басылымдар. Олар да ортақ шыңдықты өз мүдделеріне қарай бұрады. Сондықтан, екі лагерьдің басылымдарында екі түрлі миф. Мүмкін, бұл біздегі мемлекет құру ісіндегі «балалық ауруы» шығар, иншалла түптің түбінде «төртінші билік» деген атауды именбей, ұялмай тағынармыз.

***

Цензура бар. Журналистердің ішкі цензурасы мен казет-журналдағы редакциялық цензураны таразылағанда, соңғысының салмағы басып кетеді бәрін. Тәуелсіз болмаса да, еркін ойлайтын бірқатар қазақ басылымдары өз бетін жоғалтып, барған сайын ресмиленіп барады. Медиахолдингтерге «мүше» бол, болма, қазақ басылымдарының алғашқы беттеріндегі бас суретке дейін бір… Тақырып, стиль жұтаңдығы қатты сезіліп тұр. Мұның бәрін мемлекеттік тапсырысқа жаба салған да болмас, дегенмен мемлекеттің, дұрысы биліктің көлеңкесі бар газетке түсіп тұр…  Мұны ашық цензура демесек те, біраздың аузын буып тұр.

***

«Сын түзелмей-мін түзелмейді». Сыни мақала жазғанда, нақты субъектінің жеке басына қол тигізбей, ар-намысын таптамай, жекелеген кемшіліге тізсе, соны қайталамайтындай етіп сабақ берсе ғой… идеалы осы. Бірақ, қазақ журналистерінде сыни-сараптамалық материалдар жазу барысында дәйек жағы жетіспейді де, жеріне жеткіземін деп жеке басқа, оның мүкістігіне, қанша әйелі барлығына, т.б. кемшілігін теріп кетеді. Одан кейін біздегі сынның қауіпсіз түрі – адрессіз сын. Яки, «осы биліктің кесірі…», «бәріне оппозиция…быты-быты» деп жазу журналистердің кәсіби біліксіздігінен емес, редакциялық саясаттың, мемлекеттік бақылаудың салқынынан дер едім.

***

Ақиқатты халықтан жасырып қала алмайсың. Жұрт журналисттің аузына қарамай-ақ, кімнің кім екенін ажырата алады. Дегенмен, сол кәсіби міндетімді атқарайын деп, қайбір саяси оқиғаны дұрысында, я қарама-қарсы жақтың пікірін қатыстырып берейн десен, оған жоғарыда айтылған кедергілер бар. Содан да, барлық жаманат тек журналистке танылады. «Ой, деңгейі төмен», «шыңдықты бұрмалайды» деп… әйтпесе, сұмдық бір жасыратындай не ақиқат бар бізде, тек сол қарапайым шыңдықтың өзі жолда мүддеге сай бұрмаланып кетеді ғой.

Advertisements

13 comments on “Жазар көбейсін… жаза алсақ!

  1. Алдымен, мерекеңізбен құттықтап қояйын. Шаршамаңыз, қаламаңыздың сиясы кеппесін.

    Үкіметтік және үкіметтік емес БАҚ-тардың жай-күйі солайы солай. Кез-келген жағдайға реалистік көзқараспен қарайтындай басылым бар дей алмас едім. Әр қайсысыөз жағына тартады немесе екі жақтың бірінен аяқ тартып жазады. Ақиқатты айналып өтеді.

    Сараптамалық мақалалардың жеке басқа тиіп кететіні журналистің біліктілігінде деп білемін. Қоғам мүддесі үшін өзінің ішкі сырлары мен тағы да басқа сезімдерін жиыстыру керек.
    Мен өзім қарапайым оқырман болғандықтан журналистіканың қыр-сырын терең түсіне бермеймін. Дегенмен, соқырға таяқ ұстатқандай болып тұратын олқылықтар баршылық.

  2. Пікіріңмен толық келісемін! Иншалла, қазақ журналистикасы әлі топ жарады, талантты ұл-қыздар көп-ақ, тек олардың бойындағы бос массаны сығып, жұмыр қылатын орта, мектеп, газет болмай тұр ғой

  3. Өткен мерекеңізбен! Журналистерден көбірек блог ашып, газеттегіден тыс ойларын жарыққа шығарып тұрса, тіптен керемет болар еді! 😉

  4. Бізге дәріс беруге келген бір шетелдік маман айтып берген мысал есімде. «Журналистиканы бітірген екі түлек айтулы газетке жұмысқа ал деп өтіне келсе керек. біреуінде үздік диплом, ал екіншісінің күніне елу адам кіретін жеке блогы бар. Сонда бас редактор ойланбастан соңғысын қызметке алыпты». еліміздегі жаңа медианың дамуына аз да болса қосқан үлесің үшін ризамын, Өркен! ісің алға бассын! Жоғарыдағы айтқандарыңмен келісемін! сен де торға қамалған торғайдың күйін кешіп көрдің ғой, енді кең көсілуіңе тілектеспін!

  5. Рахмет, Ақырыс ханым! Өзің де спорт тақырыбына қалам тартып жүрген қыз-қарлығашсың ғой, қаламың мұқалмасын! Топ жар!

  6. Жалпы қазақ тілшілерінің әлеуметтік жағдайы мүшкіл екені рас. Және БАҚ бақыланып отырған елде тілшіге шындық жазбадың деп талап қою артық болар.
    Сіз айтқан екі лагерьдің шетелдіктерден қолдау көріп отырған жағына, мысалы, менің оқырман ретінде мүлде көңілім толмайды. Сапалы жұмыс істеуге не кедергі? Дәл америкалықтар «сен осылай, сен бұлай жаз» деп нұсқау бермейтін болса керек. Одан қалса басқа тілде жазылған мақалаларды сол қалпында көшіріп алу, ешқандай сілтеме жасамау сияқты кәсіби этикадан жұрдайлық тағы бар. Сараптамалық мақалар жоқтың қасы, тіпті қай салада болмасын, саясатты былай қайғанда. Сараптама анадан мынадан жұрып алған үщінділермен шектеледі. Сонда тілшінің өзі тақырыпты зерттеп тергемей ме? Және БАҚ деген тек қана өкіметті өлтіріп тұрып сынау керек деген қағида жоқ шығар. БАҚ одан басқа ағартушылық қызметтерін де көрсету керек қой. Осы орайда қазақ тілді тілшілердің ой өрісі мен шығармашылық деңгейінің төмендігі көрініп ақ қалатын сияқты. Ізденіс жоқ па, әлде жалпы білім сапасының төмендігі ме, оқырман ретінде түсінбей ақ қойдым.

  7. Қоғамда қазақ басылымына қатты мұқтаждық болмаған соң да, бізде журналистер бейғам. «Әй,қойшы, осы жазғанымнан бірнәрсе шығар дейсің бе, бәрібір түк өзгермейді» деген психология меңдеп алған.. Өкініштісі, дарынды, талантты деген журналистердің өзі, тіптен 35-40 тағы, нағыз шығармашылық толысқан жасқа жеткен ағаларымыздың өзі «шаршадық, тоқтадық» дегенді жиі айтады. Өз басым бұған қазақ тілі мен қазақ мүддесінің қоғамда бірінші кезекті шықпауынан деп білем.

  8. Шаршайтын жөні бар, оған неге деп қолқа саларың бар ма? Барлық БАҚтан енжарлық байқалып тұрады. Барлығы уақытша тіршілік етіп жүргендерін жасырмайды. Өкініштісі бұл жағдай тілді одан әрі тығырыққа тірейді. Шығармашылықтағы тоқырау тілге қатты әсер етері белгілі. Математик ағамыз айтқан есек пен арба осы болар. Тіпті БАҚтың өзі шалажансар болса тіл қалай дамиды?

    Ағылшын тілін оқысаңыз мына блогтың иесі қазақстан жуналистикасы туралы жалпы пікірін былай білдірген екен:
    http://www.kzblog.net/2010/05/19/journalism-is-dead/

    Жазбаңызға рахмет. Қанатыңыз талмасын!

  9. БАҚ-тағы бардақтың тілді тығырыққа тірейтіні рас, бірақ солай екен деп, қаншама мақала жазылды, қанша журналист жастығын құрбан етті, қазақтың көзін ашам, ол ешкімнен кем емес деп қаламына былай да былай сермеді. Не шықты? Өздері де түсінбеді. Билік тіптен мылқ етпеді. Осыдан да, егер шегіне жеткен альтруист болмасаң, кез келген адамның шығармашылықтан жүрегі шайлығады. Бұл тек журналистика ғана емес, театрға да, киноға да, әдебиетке де қатысты

    • Cәлеметсізбе! маған қазақстандағы журналистиканың әлеуметтік – саяси жағдайы туралы мәлімет керек еді. Курстық жұмыс жазуым керек. көмектесіңізші

  10. Журналистика факультетінде оқимын. курстық жұмыс әзірлеу үстіндемін.Сіздің журналистика туралы ойларыңыз мені қызықтырды.Тақырыбыма қатысты мәліметтерді сізден алатыныма сенемін.Тақырыбым: Журналистиканың осы заманғы әлеуметтік – сфяси жағдайы.Сізден жауап күтем

  11. Айналайын! Саған мәйл агенттен достық жібердім, қабыл алған соң қолымнан келгенін жасайын, жарай ма? Негізі, не жазарымды білмей тұүрмын, бірақ кәнкіретні сұрақтарың болса, саспай жауап жазып жіберейін

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s