Түн ауғандағы «телеграмма»


Бұл хат махаббат сезіміне мас болып, әлдебір қызға ес-түстен айырылғанша ғашық боп, жұмыстан қалып, сақал жіберіп, ас-судан қалған мәжнүн күйде жазылған-ды. Алдымен «Дала мен қала» басылымында жарыққа шықты. Кейіннен «Болашақ» газеті көшіріп басты. Өзіме сондай ыстық сезімнің куәсі болған хатты блогыма қоюды жөн көрдім.

Ардақтым!
Сізге қарата жазылған жазбада, «м» деген меншік жалғауымен артық кетсем, айыпқа бұйырмаңыз
(басқалай нұсқа басыма келмеді).

Кеше сізді көрдім, турасын айтқанда, көзім шалып қалды. Құлын мүсініңізге құйылып қойғандай сары көйлегіңізбен сағымша көрініп, сейіліп кетті бейнеңіз. Атыңыздың алғашқы әрпін айтуға да үлгермедім. Көшпелі алтын дерсің… Оны көрген оғланның ойына алғанының бәрі орындалады деуші еді…
Түу, түсім екен ғой… тағы да. Бәсе, алты жүз шақырымдағы аруды көре қоятындай телепаттық қасиеттен тұлдай едім. Сағат тілі түнгі он екіні еңсеріпті. Бірге ауып барады.
…Интернеттің иірімінде уақыт өлтіргім келгеннен отырсам да, әлдебір ой мазаны алып бітті. Мезгіл-мезгіл тұмсығын сұққан маса секілді бар-жоғы 4,5 литр қанымнан миллиграмдап сорса да, тояр емес, тояты кеткен. Ақыл-есі дұрыс, «тәрбие» көрген маса түн жамылып торуылға шығар еді, мендегі маса-ойға күнің не, түнің не, – бәрібір. Ми – мекені, жүрек – жайлауы, жалпы, қайда барам десе де, қанатынан қаққан ешкім жоқ. Бырт еткізіп, бармақпен басып өлтіре салуға да болады-ау, бірақ, маған ол ұнайды. Ия, ұнайды…
Білесіз бе, осы сезіммен өрілген ойдың менде ұя салғанына қанша уақыт болғанын? 1 632 cағат. Білесіз бе, мендегі ең басты корқыныштың не екенін? Әлгі ерке ой әлдебіреудің жанарынан еніп, жүйке талшықтарымен, нейрон жіпшелерімен Жанына жетіп, жетегіне ертіп әкетпесе, менің өрісімнен маса-ойым делбең етіп, далаға қашып кетпесе… Сондықтан, оған ойына келгенін істетемін, тәйт демеймін, жан-дүниемді әлемтапырық қылып, жыныма жақпаса да, Сіз үшін бар бүлігін, бүлдіргенін кешірем. Кешем.
Еш тыйымды көрмеген ой осыдан келіп, екеумізді қосып қояды, жүргізеді, тұрғызады, үйлендіреді, балалы қылады, бақытты етеді, өлтіреді, о дүниеде қайта тірілтеді…. Ұятты басынады, бірақ арды аттамайды. Білгенін істейді, бірақ бөгетінен аспайды. Бұнысына да рахмет! Ол кетсе, жан-дүнием нұр-жарықсыз қалып, сезім-секерден жұрдай болып, қатал қоғамның айтқанын істейтін қара жүректі құлтемірдің нақ өзі болатындаймын. Негізі, жаратылысым сондай ма?… Оны білмедім. Ол жоғалса, жүрегімнен жылылық, көңілімнен көркемдік, сыйпатымнан сыпайылық, мінезімнен мейірім қоса жоғалатын сияқты. Эх, тағы да Сізді қума хаттарыммен қалжыратайын дедім бе?! Қойшы, жарайды мені. Мен өзімнен мін іздесем таба берем….

Сіз қалайсыз? Жалығып кетем дегенді жиі айтасыз, әр айтқан сайын жүрегіме шаншудай қадалатынын білесіз бе? Әйтеуір, менен жалығып үлгерген жоқсыз ба? Жалықсаңыз да, мен тірексіз идеализмнің құрбаны болғым келмейді. Омыртқама омыртқа жалғап, Сізден бойымды асыра алмаймын, я пластикалық отаға жүгініп, бет-жүзімді Эштон Кэтчердікіндей қылып жасата алмаймын. Табиғат сыйлаған тәнмен, берген ақыл-зердесімен осы өмірден тиесілі ырзығымды алу, болды – басқа не мақсат болуы мүмкін менде. Жабайы биологизм түсінігінен алғанның өзінде, осы сөзімнің өтірігі жоқ. Солай емес пе?
Уақыт-экспресс. Құйтақандай хатты жазудың өзіне 128 минут кетті. Айнала өзгерер, қасында басқа адам, жанында басқа, жадында басқа адам… Алайда, Сіздің жүрегіңізге жай ғана қарындашпен жазылғым келмейді, сезімімді күртік қар астында үсіген жапырақша жерлегім келмейді.
Сіз мені досым дейсіз, мен сізді «жаным» деймін. Әрине, ішімнен. Көзіммен. Сізбен жүздескен сайын үстімнен титьютоксин уын құйып жібергендей…. қалшиям да қалам. Құрысыншы, Сізге жазған әр хатым жеке басымның тағы да Сізге қатысты нейропсихикалық реакциялары мен шалқыма, қума эмоцияларына толып барады десеңіз, онымен де келісем. Мүмкін, адами қатынастар реляциясын ада қылуым, болмаса пенделік парадигманың, әлде программаның шатасуы болды ма, Сіз мені, мен Сізді толық танымай, адами кейпімізді ажыратпай жатып, арақатынасымыздың дәрежесін жай көзтаныстан жақсы досқа жеткізбей тұрып, жүрегімнің түбіндегі жартыкеш, сірнесі кеппеген шала сезімдерінен хабар беріп койған шығармын. Мүминдік дейсіз бе, мұны өзіңіз біліңіз. Сізді көргендегі реакция, эмоция, ой, елес – Альцгеймер ауруының алғашқы симптомдары десем, онда жалған сөйлеген болар едім. Сізді сүйетінім ақиқат. Қорықпаңыз, басқа жұмысты былай қойып, «Г. феномені мен оған жеті атасының жанама әсері» тақырыбында кандидаттық диссертация жазайын деп жүрген жоқпын. Адам трафигімен айналыспаймын. Сізді тергеуге алатын тыңшы емеспін. Бар болғаны, бір ғана Сізді сүйемін. Егер мұны дәйекті жеткізе алмасам, өз сорым.
Алайда, қанша жерден алапат, адуын сезім болсын басылатын, бастығатын, тегі болмаса күлі бықсып, шоғы шашылатын шағы болады. От жанып тұру үшін оттегі керек. Темірді ию үшін балқыту керек. Мен де мына хатым арқылы өз ошағымдағы отты жалаң қолыммен көсеп қойғаным ғой, одан соң… ойымның хаққысын беріп, оқалақ көңілімді орнына түсіріп қояйын дегенім да. Сіз қазір қарақат көздеріңізді жұмып, жетінші түсіңізді көріп жатқан шығарсыз. Мені де бір есіңізге алыңызшы… Соны ғана сұранам. Мен де бір түсіңізге кірейінші кимелеп, саңылауынан сыналап…Сол ғана арман.

Advertisements

68 comments on “Түн ауғандағы «телеграмма»

  1. Тамаша жазылған екен. Ең бастысы шынайы шыққан. Сыздаған жүректі ішінен емдеп, сана терапиясының ең тиімді дәрісі – сөз сиқырымен дем салып, ой сауытын қажетінше құбылта алу, сол арқылы өзін-өзі жұбата алу ол да бір өнер ғой шіркін…
    Осындай сезімді басымнан өткерген соң, сені қатты түсініп отырмын, бауырым. Арманыңа жет!

  2. Керемет жазылган, достым! «Дала мен калада» жарык коргенін оки алмап едим, Санага багынбайтын сезим атты сиқыршының басты қырын тамаша жеткізіпсің! Мұң – тәтті мұң. Пенде болған соң ба, кейде шынайы сезім келгенде туйсіктің өзі әдіре қалатыны рас. Қанша тусаулаға тырыссаң да, ырқыңа көнбей өз дегенін істегісі келетіні бар. Бұл жер бетіндегі тіршілік иесі адамға ғана тән құбылыс сияқты.
    Жазарың көбейсін! Жаратқан ием саған қуат беріп, қаламың қарымды болғай!

  3. Кумарикус досым, рахмет! Өзіңе де шығармашылық табыс, жазғаныңнан жұр шуақ, қуат алатындай болуын тілеймін! Қай жерде болсаң да аман бол!

  4. Қыз да филологияны бітірген болмаса, қарапайым біз сияқтыларға оқудың өзі қиын екен. Ойбай, не деп мыжып кеткен дейтін едім :))) кешірерсіз.
    Бірақ, осындай да хаттар жазатын адам болу керек қой. Жүректен шыққан сөз, жүрекке әлбетте жету керек.

      • Махаббаттың шекарасы жоқ, ол саясаттың ортасында да өзін мойындатқызады.
        Қандай басылымда шықса да, өз оқырманын тапты, тебірентті, жылатты деп сенемін. Неткен романтик едіңіз 🙂
        Жігіттер де әжептеуір ойланады екен ғой, мен болсам біз (қыздар) ғана жылап сықтап, жүрегіміз шұрық тесік болып жүреміз деп ойласам )))

  5. Жақсысы жақсы ау, бірақ «Тараз аруы-2007» байқауының бас жүлдегері мұны сол күйі түсінбей қойғаны өкінішті!

  6. Сіз койган суреттегі кыз бул суреттін біледі ма екен міне кызыктын кокесі осы болайын деп турган сиякты.

  7. арине біледі, мунаймасада ойланып куледі, ол акылды кыз, назік журекті, иман тілекті. Шындыгына келсем аюга намаз уреткен таяк болса. Маган себепкер болган осы ару. Онын касында журудін озі мен ушін улкен бакыт. Коздері, кулкісі, сырласканы, достарын багалайды силайды, куреттейді. Бул кызды омірлікке умытпайтынымды білемін. Себебі ар бір намазымнын сонында козге жас келіп осы кыздын амандыгын жаратканнан дуга етемін.

  8. Жас едім махаббатта сайрандаган
    Сені умыту Г………ым кайдан маган
    Уміттенбе деп маган отінесін
    Сені умыту жаным ау кайран маган

    Алладан адал жарды сураганым
    Ниеті адал жарды калаганмын
    Жарк етіп корсеті да бір озінді
    Бакытын осы сенін дегендейгып
    Журегім жартым мынау деді маган.

    Сені ойлап атады адал таным
    Кулімдеп асем козін арман жаннын
    Сен менін кокейімнен кетпей койдын
    Сенсіз жанбай калардай менін багым.
    Сені умыту Г………ым кайдан маган?

    Сен едін маган намаз силаган
    Жамандыкты маган еш бір кимаган
    Суйем сені суйіп отем мангілік
    Сен журекке иман нурын силаган.

    Сені умыту Г………..ым кайдан маган?
    Айтшы жаным мен саган калай жагам
    Бар ойым да, багымда бір озінсін
    Сені умыту олім гой Г…….. маган.

  9. Ай отсе де алі елесімде,
    Сені суйем сенесін ба?
    Бар екеуміз журген жолдар
    Г…….. деп тур сенесін ба?

    Тусті озін коресін ба?
    Сені корем сенесін ба?
    Тун калага шыксам дагы
    Г…….. деп тур сенесін ба?

    Сені ойлаймын сенесін ба?
    Сен соны бір сезесін ба?
    Ар кез журек сен деуменен
    Тепкілеуде сенесін ба?

    Мен киналсам сезесін ба?
    Суретімді коресін ба?
    Барша аспан Г…… деп тур
    Сен жаным сен сенесін ба?

    Ренжімесн сайт иесі
    Сен кыздардын киесі
    Сен окыр деп жазудамын
    Соны жаным сезесін ба?

    • Тууу, бұл жерде әсем өлең мен әдепкі хаттың айтысқа түсіп қалатының қайдан білейін? Менен гөрі Айбек інімнің махаббаты күштірек пе деп қалдым… Әрине, қазір менің көңілім басқада, бірақ Гүлжан қалай дегенмен, осындай сөздерге лайық, асырып айтсақ, артық та қыз. Бақытты болсын, қайда жүрсе де!

      • Өркен Гулжанга бакыт тілейсін. Бірак куйініш бар гой я ? Хатынды , Айбек ініміздін өлеңіне карасам гашыктыктын бакытын тек оздерінмен бірге болганда деп тілейтін сияктысындар.

      • Пенделік. Эгоизм. Әсіресе, соңғысы ең мықты деген адамынның өзін қинайтын сияқты. Күйініш деп те қазір айтуға келмейді, бұл жылдар өте тәтті елеске, буалдыр тұманға айналып кете барады. Солай болуы тиіс те.

    • Айбек бауырым сен жазган олендер оте керемет. Шын гашык журегіннін лебін білдірген деген осы. Мундай казынанды білмей журген ару кайдам. Барі шынайы. Окырмандар Г…… менім ойымша Гулжан болуы мумкін. Алла сагынды сындырмасын бауырым. ОЛЕН ЖАЗ БІРАК МЫНАДАН ДА КЕРЕМЕТ ЕТ. мынауын унамады маган )))

  10. Өркен аға деймін, мына дүниеңіз тамаша екен!!! Красавчик, +10ды аттым!!! мәәә, ана «бола алмай кеткен жеңгеміз» неткен бақытты деймін ғой!!! Сізді көптен естіп жүрген ем, аға! Міне бүгін аспаннан топ ете түсіп, қонақ та бола қалдым. Негізі сіздің атыңызды мен «ұнатқан қызымнан» естіп ем алғаш. Ол қыз да осындай шығармашыл еді… Маған сенің түрің Өркен Кенжебектен аумайды-ей! Ағаң емес пе дейтін! Жоға… (шамасы киген көзілдірігіме қарап айтқаны болуы керек, әйтпесе тіпті ұқсамайды да екенбіз кейін білдім.) әлгі қызға мына сіздікіндей дүние жаза алмай-ақ қойдым,аға! Сіз де бақыттысыз! Керемет дүние екен мынау!!! Енді біреу Өркен ағаң ба десе, бірден ия деймін ғой деймін, қалай қарайсыз,а?!.
    P.S. Табыс тілеймін!!!

    • Бұлай баға бергеніңе татимын бе екен деп ойланып қалдым ғой, сонда да үлкен-үлкен рахмет тілектеріне, ілтипатына! Жанды шындап қинаса, жарытымды дұние шығаруға болады деп ойлаймын. Сондықтан, әлі мына хаттан да озығын сенен күтеміз, інішек. Осылай атасам, ренжімессің! 🙂

  11. сіз кызыныздын жан дуниесіне емес сулулыгына гашык боларсын. Арине ол менім пікірім . Өркен мен Айбек жан дуниесі деп айтсам айып етпес ?

  12. мдаа Өркен жазады екенсің ау:). Сөзсіз әдемі, бірақ тек бас жағын ғана оқыдым, шот мен сияқты адамға андағыдай хат өте қиын екен:))))

    • ия, бұл хаттың негізі айдаршасы – «Эклектика» болған, яғни түрлі стильді бір арнаға тоғыстыру. Сәулет өнеріндегі термин ғой. Басты мақсатыма жетпесем де, хат жазудағы алғы ойыма кішкене болсын, жеткен сияқтымын. Короче, эклектикалық махаббат хаты десеңіз де болады. Қиыны қиын

  13. Қызығы осы хат бағышталған қыз оқыды ма екен? Өркен оқымаса өз өрнегіңнің мекен жайын беріп оқытса болмас па еді ?

  14. Оқыды! Бұл хат дәл осы күйінде «Дала мен қала» газетінде басылды ғой, ертесіне-ақ газеттің екі данасы сол қыздың алдында жатқан.. Бұл хат қана емес, «Өрімтал» деп, Асхат ағамыздың блогының атауын алып, махаббат бетін жасағам… Ләйлі-Мәжнүннің тәлімдерінен, фоторепортажбен, смстермен, қызықты танысу әңгімесімен

    • «Бұл хат қана емес, “Өрімтал” деп, Асхат ағамыздың блогының атауын алып, махаббат бетін жасағам…» мына жерде неге екенін білмейм, әбден күліп алдым:)))
      хатыңыз өз алдына бір бөлек, одан туындаған комменттер бір бөлек дүние екен:))

  15. Бул калай болганы сонда? Кыз тас журек па ау деп коям, жазудын жагасын келістіріп галустыгын таккызган, оленнін олшемін келтіріп жазган жігіттерге карамаса калай болганы?

    • Өркен бауырым сен осы кызга сайт мекен жайын беріп корші ол озі не жазады екен ? Мен секілді окырмандарга осы гой кызыгы.

  16. Мына бала Айбекті айтамын да. Бар ойын жазамын деп коп киналган сиякты, кешір достым сен акын емессін. Блогты окыгандар келісер деп ойлаймын.

    • Неге адемі шыгарган. Маган Өркен мен Айбектей әсем хат жолдаса бақытты болатын едім

    • Ең үлкен сый жасады бул қыз. Тілімді осы кыз үшін кәлимаға бурдым, намаз оқыдым. Әр намазымның соңында Гулекеңді ойлайм. Шакен түртіп өлең де жаздым . Тер төктің дейсіз, ой устінде отырып тер шыққанын байқамаппын. Алдағы уақытымда тер шығады деп ойлаймын, себебі Гулекеңе арнап ауенімен қоса ән жазып үлкен сақына саңылақтарына ұсынсам деген ой келіп жүр.(Құпиямды ашып қойдым я 🙂 ) Алла қаласа әрине.

      • Машалла дейік, мынауың баяғыда менің де басымда қылт етіп, жылт етіп жоғалған ойдың бірі еді… Енді сен аяғына дейін жеткізіп, бір әнді арнасай. Өзі де сол сфераға жақын жерде жүрсің ғой, Гүлекең разы болып қалсын!

  17. Екі ғашық. Бір сайтта бір кыздын суретін койып өздеріне қаратқандықтары қызық екен. Менің ойым ))) Ақылдасып степ отырған жоқсыңдар ма? Менің екеуіне де берер бағам бес. Гулжан журегін калаганына кара )))

    • Ха ха ха 🙂 Ақылдасып, жұртты осылай айран асыр қылайық деп арнайы план құрып, планшетке жүгінетіндей ештене болған жоқ. Бәрі Алла тағаланың қалауымен… Айбектен басқа тағы бір журналист жігіт ғашық болған. Ол қосылса, общым масқара боламыз 🙂 трио боламыз!

      • Акылдасу. Оркенмен бір облыстык болсам да омірімде кормегенмін, тек галамтор аркылы таныспыз. Ал акылдасу жагына келсек Бекзат катты кателесесін. Себебі адам козі жетпей кіна арту ол кылмыс деп тусінемін. Сондыктан ондай ойдан аулак болуын жон болар.

      • Айбек расын айтады. Ешқандайда ақылдасу жайлы әңгіме болған емес. Болса, әбестік болар еді…

  18. Мұңды, сырлы, сазды, назды жазба екен. Әркімнің осыған ұқсас жүректеріңдегі сезім ноталарын дәл басып, оқыған сәтте ойнатқан болар деген ойдамын. Өзімде солай болды.

  19. Айтарым жоқ депті баяғыда бір атамыз. Асқарбек, менен 1-ші дәрежелі «Алғыс» ордені, Астанаға енді бір келгенінде алып кет, аха?

  20. Сен бар жерде!!!
    Бакыт деген баргой менде –суйктім
    Сен бар жерде конілдімін,биікпін.
    Сен жок жерде-кун кактаган пакырмын
    Коп нарсеге ман бермеймін-туйыкпын.
    Сен бар жерде-найзагаймын,ожетпін,
    Сен бар жерде еліме де кажетпін.
    Сен жок жерде-козге ілінбес куйкімін,
    Сен бар кезде-кыстын озін жаз еттім.
    Сен бар жерде- айдын колмін ,когалмын,
    Сен бар жерде рахаттанып демалдым.
    Сен бар жерде коктін алыс жулдызын,
    Талай рет оз колыма мен алдым.
    Сен бар жерде-жанатын мен отынмын.
    Бакшандагы сайрайтын мен тотынмын.
    Сенен жаксы кыздын барын кормейтін,
    Байкамайтын байлап кояр сокырмын.
    Сен бар жерде шалкар колде боламын,
    Сол айдынга шагала боп конамын.
    Жалгыз гана бір кінан бар алдымда,
    Тыныштыгыммды омір бойы тонадын.
    Кешір жаным кінан емес ол сенін,
    Бакытымды мен сенімен олшедім.
    Жердін калы не болады белгілі,
    Аспандагы жайнап турган, сонсе кун.
    Сен бар жерде озам коппен косілсем,
    Бул жалганда мені угынар досым сен.
    Менім халім не боларын озін ук,
    Кемдемдегі озінді –озін ошірсен.!!!!
    Осы оленді халык керемет деп окыса, осы ар бір тенеуден артык жан гой шіркіін. Соз жетпейтін асыл жан…. Гулжан дер едім.

      • Өркен деймін да сенің Пахылыңнан екеуміз терорист болып кетпейік. Содан (елдің айтуы бойынша) Гүлжанды ортаға алып таласатын адам қалмас )))

  21. Маххабаттың мүрдесін көрден қазып,
    сүлдесіне сүйсініп жүрген ғашық….
    жаныңның жайнамазын жайып тастап,сезім пірге құлшылықтың етудің қирағаты секілді-ақ екен…. таза мінсіз асыл сөз….Тараздың аруының бәсін таразылай алмадың-ау десем артық болар ед,сөз бәсірең эклектика десең эклектика-ақ екен.Қайдан білейін қаздың жүрісін салам деп,қарғаның шаты айырылыпты деп ед….Түсті де бір жеріңе қарап көрсеңші….Өрнегіңнің өрмегіне түсіп қалған бір «шыбынжан»ем тек ренжи көрмеш.

    • Абдулла Сапар, еш айып жоқ, өзіңіз айтпақшы, ИМХО ғой.. бірақ, менің Кристофер Ноланның қиялындағыдай, түсті жобалауым түсіме де кіріп көрмепті. Бұл проза бәйгесіне арналып, не баршаны тіл байлығыммен тәнті етуге емес, орысша айтқанда «выплеск эмоций» ғана болатын и все..

  22. Туһ, мынадай хаттан кейін жібімеген не деген жүрек? Амантай қажы аттандағанын қоятындай, бір сөзбен ауызға құм құйып, көзді жұмдырып тамсандырдыңыз. Бетіңізге былш етіп мақтадым. Айып болмасын!

    • Қайтесің енді, бұйырмаған ғой, бұл да бір сынақ болды… сәл пәл айып, бірақ жалпы шотта айып көрмесем де болатын сияқты, сізге ұнаса бопты

  23. Керемет ағатай! Сөзім жоқ! Сөзім жоқ! Мына жазылған хатыңызды оқып мен сізге ғашық болғым келіп кетті ғой!

  24. Шынымен де әдемі жазылған дүние… Әттең ол ару сізге де, Айбекке де қарамағаны өкінішті. Бізде әлі де сен тұр, мен атайын дейтін жігіттердің бар екені қуантады. Сіздердің болашақта махаббаттарыңыз баянды болсын!!!Бірақ мұндай шедеврлер баянсыз махаббатта ғана көкейге оралады. Бәрекелді, тілдеріңіздің тұщымдылығына, ойларыңыздың тереңдігіне тәнтімін!

  25. ееееехх ширкин махаббат!махаббаттын шекарасы жок кой…
    махаббат таусылмас сезим емес пе?
    махаббат лапылдаган от емес пе?
    махаббат бирде мун бирде кайгы
    махаббат кызаргын шок емес пе?
    ех жигиттер…гашыкпын шын гашыкпын сол адамга дегендей мен расында да суйемин сулуымды…бирак аттен айырылыстык бир ай бурын ол ару озгени унатып кетти баскага.сол аруды умыта алар емеспин.калай кайтарып алсам болады суйгенимди?мумкин жигитимен баскаша сойлесермин?…

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s