Мазақ қылған «Москва»


Кеше «Евразия» арнасы қанқұйлы фашистердің Кеңес Одағына тарпа бас салғаны туралы сюжет көрсетті. Кәрі-жасына қарамай, мәскеулік тұрғындар таңғы 4 шамасында көшелерді бойлап келіп, ескерткіштердің басына 1418 гүл шоғын қойды. Бәрі де соғыстың басталған уақытымен, қанша күн мен түнге созылғандығымен байланысты болып тұр. Осы орайда саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов айтқан бір түйткіл ойыма түсе кетті. Орақ тілді, өткір ойлы ағамыз қайбір күні такси ұстамай ма?

Тоқтаған біреуіне отыра кетеді. Радио сарнап тұр екен. Бір кезде әскери марш ойналып, ар жағынан Левитанның дауысымен «Мы воевали день и ночь… Но, после продолжительных боев ресторан «Москва» победил цену» деп қоя береді. Ары қарай «орысша, еуропаша асханамыз бар, таң азаннан соңғы клиент кеткенше қызмет етеміз» деп зуылдатса керек. «Бұл маған қатты әсер етті. Бұл не мазағы?», – дейді Нұрлан ағамыз. Әлі де елімізде Ұлы Отан соғысының отын қолымен шарпыған 14 мыңдай ардагер бар дейміз-ау. Қай қуысқа тығылсаң да, қақсағанын қоймайтын сан радиодан берілген жарнаманы олардың құлағы шалмады дейсіз бе? Әскери марш… Левитанның дауысы. Енді елітіп келе жатқанда, көңіл-күйдің аккорды арзан жарнама екенің білгенде бұзыла кетеді. «Азған қоғам, заман..» деп, өзі түстеп танымайтын әлдебіреудің әке-шешесінен дым қоймай сыбар, ары кетсе. Білуімше, бұл Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесіндегі «Москва» мейрамханасының мазағы болса керек. Басқалай «Москваны» білмейді екенбіз. Креативтерің осы болса, жетіскен екенбіз…

Advertisements

3 comments on “Мазақ қылған «Москва»

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s