Ағылшындар қазақ киносына ауыз салды


«Қазақтың доп тебу мен кино түсіруге қыры жоқ». Бұл тұжырымға басымызды төмен салып, келіспеске хақымыз жоқ. Енді осы ақауды түзеу мақсатында тұманды Альбион елінен көркем фильм түсіреміз деп киногерлер келді.

Алматы шәрінде баспасөз мәслихатын шақырған британдық түсіру тобы қазақ даласының қайталанбас ландшафтарына тамсанып, осы жазирада бүр жаратын махаббат хикасын суреттемек болғандықтарын баяндады. Суретші һәм болашақ фильмнің режиссері Рут Макленнан елімізге бірнеше жыл бұрын келіпті. Ұшы-қиырына көз тоқтамайтын дала мен шөлейттерімізге ғашық болады. Содан американ вестернінің ықпалында өскен ағылшын шебері қиялына ерік беріп, Серджио Леоненің стилінде өз фильмін түсіруге бел байлайды. Сценарий қазақ даласынан мұнай іздеп жүрген шотланд геологының төңірегінде жазылып шығады. Геологтың рөлін, расында тегі шотландтық актер Джордж Дринкан сомдайды. Құм үйірген құйынды далада ол жоғалып кеткен өркениеттер қалдығын іздеп жүрген археологпен көңіл жарастырады. Бұл рөлге осы кезге дейін бірнеше картинада ойнап үлгерген белгілі суретші Сәуле Сүлейменова шақырылып отыр. Бұл махаббаттың ақыры не болатынын кино авторлары құпиялап отыр.

Фильмді Алматы облысында, Іле өзенінің жағасына жақын маңда түсіру жоспарланып отыр. Әрі кинокартинаны бір ғана камерамен түсіруге мүмкіндік беретін тың шығармашылық тәсілдермен түсіріп көрмекші. Іске сәт дейміз де! Тек «Қазақфильмнің» бас көзіріне айналған қазақ қызын басқа телу тәжірибесі енді британдықтардың да оң жамбасына келіп тұр. Осыған дейін қызымызды орыс,француз құшты, енді … құрысын, тағы тавтологияға кетпей тұрғанда, тоқтайын. Жарайды, «Дәмдеуіш ханшайымындағы» ағылшынға ғашық болған үнді актрисасына (Айшварья Рай) қарап, оның тегін, ұлттық дәстүрін мойындататындай кино болса, мейлі. «Сіздерді Британияға басқа қырыңыздан танытқымыз келеді». Бұл – бізге тәнті режиссердің риясыз сөзі. Қазақ болмысын көпбұрышты тетраэдр десек, қай қырымызды көрсетер екен деп біз қыпылдаудамыз. Дегенмен, орыс Андрей Кончаловский де гректің «Одиссейін» керемет экранизациялап шықты емес пе? Ендеше, британдықтардың жаңа фильмі жаманшылық шақырмай, жаңалық алып келсе, әжеп емес дерміз.

Advertisements

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s