Ол уақыттан жеңілмеуге ұмтылып еді…


Руслан Бөлебай «Ай-хай, жиырма бес» деп жырланатын өмірдің кезекті жырғасына келмей жатып, қанаты қайырылды. Талантты тележүргізуші, әнші, әріптесіміздің бақи дүниеге бет алғанына да міне, бір жылдың жүзі болып қалыпты. Оның «Қайырлы таң, Қазақ елі!» деп, отты жанары мен ойлы сөздері үйлескен экрандағы жарқын бейнесі көңілімізде қалды… Міне, бүгін сол Русланның  жалғыз қарындасы Айнұрдың құрастыруымен «Айдындағы аруыма» атты естелік-эссе кітап «Асаба» баспасынан жарыққа шықты. Жинаққа Руслан Бөлебаймен көзі тірісінде сыйласқан ел ағаларының, әнші-күйшілердің, туған-туыстары мен жора-жолдастарының естеліктері енгізіліп отыр. Мұнымен қоса, Русланның қолына қалам алған сәттен бергі басылымдарға шыққан тұщымды мақалалары мен оның қазасына орай жүрекжарды жырлар топтастырылып берілген. Руслан Бөлебайдың қысқа да мазмұнды ғұмырын қамтитын фотосуреттерге де беттер табылыпты.

Студент шағында жазған бір мақасында Русланның «Иә, уақыттан жеңілмеңіз. Адамзат өмірінің басты кредосы да осы. Яғни, ұмтылу. Әр адамның, … үлкен сыбағасы бар. Өмір бір күні береді деп жүргенмен, ол бірінші қадам жасамайды», -деген ойлар бар-тұғын. Расында, ол осы принципті ұстанды, бұралаңы көп өмірдің бермеген сыйын алуға талпынды. Жеткен жетістігі де көп еді… Лайым, баршамыздың сүйіктімізге айналған азаматтың жаны жәннаттан орын тапқай!

Қарындасы Айнұрдың «АРНАУЫНАН» үзінді

Бауырым, Русланым-ау, неткенің бұл?

Сұм ажалдың ырқымен кеткенің бе?

Ата-анаңды жылатып, қалай кеттің?

Қалдырып суық желдің өкпегіне.

Русланым, сен кеткелі ай-жыл өтті,

Мына қайғы ағайынды жүдетті.

Көрерменнің көзайымы болып ең,

Сен жоқсың ғой, сыздатты-ау жүректі.

Жүрген жерің той-думанды гүл еді,

Елің үшін ерекше сен ұл едің.

Алдыңнан жарылқасын енді Алла,

Өзіңді мәңгі ұмытпас бұл елің.

Advertisements

3 comments on “Ол уақыттан жеңілмеуге ұмтылып еді…

  1. Руслан жақсы жігіт еді. Жатақханада бірге тұрдық. Тек алға ұмтылушы еді. Қайтпайтын, қайсар жолдасымп еді….

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s